Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенің жетістіктерің, «Жас ұрпақ!»

18 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100орта мектебінің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы

Тақырыбы: Сенің жетістіктерің, «Жас ұрпақ!»
Ұраны: «Уақыт босқа кетпесін,
Бірде-бір күн мейірімсіз өтпесін»
Мақсаты:
1. Мектептен тыс тәрбие беру қазіргі жеке тұлға болып қалыптасуына түрлі әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
2. Мектептен тыс ұйымдардың шығармашылығын ұштастыру.
3. Мектеп тәлімгерлері бірлесіп жұмыс істеуге және бірлігін нығайту.
Міндеті:
1. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде тәлімгерлердің жаңашылдық жұмыс жасауы.
2. Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау және болашаққа деген сенімділікті нығайту.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, доп, бояу карандаш
Сабақ түрі: Тренинг.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, эссе.

Өтілу барысы:
1. Кіріспе бөлімі
Сәлеметсіздер ме, әріптестер! 31 тамыз - Ата Заң мен 1 қыркүйек Білім күні мерекелеріңіз құтты болсын!
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен жас ұрпақ өмір сүріп келеді. Тәуелсіз туған ата-мекеніміз ертең жас ұрпаққа заман талабына сай білім мен тәрбие беруде тәлімгерлердің орны ерекше. Жас ұрпағымыз білімді, жігерлі, ақылды, төзімді болып ер жетуіне үлес қосу баршамызға ортақ.
Ендеше, құрметті әріптестер, баршамыз ортаға шығып шеңбер жасап тұрайық.

1. Қанекей танысайық.
Мына допты бір-біріне лақтыру арқылы толық таныстырады.
2. Шаттық шеңберіне шақыру.
Бүгінгі жұмысымызды бір-бірімізге тілектер айтумен бастаймыз. Бірінші қатысушы кез-келген тәлімгердің қасына келіп, қолын алып, оған жақсы тілектер тілей бастайды.
3. Түстерді ажырату.
Өздеріңізге ұнаған түсті алыңыздар. Топқа бөлініп отырыңыздар. Түстерді таңдау өз мінез-құлқы, жақсы қасиеттері айтылады.
«Қызыл түс» (Қаламгер алқасы)
Шапшаң, ақ жарқын мінезді, тәуекелшіл, өжет, қарсыласуға әзір адамдар
«Жасыл түс» (Қабілет алқасы)
Жұмсақ мінезді, ақ көңіл, қайырымды жандар. Олар балаларға ерекше мейірімді.
«Көк түс» (Қабілет алқасы)
Салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың өзін ренжіткенін қаламайтындар.
«Сары түс» (Болашақ алқасы)
Қиялы бай, ұшқыр ойлары парасатымен ұстасып жатады.
«Ақ түс» (Дарын алқасы)
Ешкімге ұқсамайтын дара, шығармашыл тұлғалар.

Қазылар алқасы сайланады.

Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
І тапсырма.
Жас ұрпақ бойынан қандай қасиеттер көргіңіз келеді.
ІІ тапсырма
Тілге шабуыл:
- Сіз қандайсыз?
- Қайда отырсыз?
- Қазір қайда барасыз?
- Кімді жақсы көресіз?
- Жақын досыңыз кім?
- Сүйікті асыңыз қандай?
- Балаға не айтасыз?
- Кіммен билейсіз?
- Кіммен қыдырасыз?

ІІІ тапсырма.
Сенің жетістіктерің, «Жас ұрпақ!»
Жыл бойы қандай жұмыс атқарғандары туралы сурет салу арқылы баяндап беру.

ІҮ тапсырма.
Жоба байқауы
Үміт алқасы: «Шыншыл көңіл» әлеуметтік көмек. Ардагерлерге, жалғызбасты кісілерге, мүгедек балаларға (концерт, серуендеу, сыйлық беру т.б.)
Қаламгер алқасы: «Жас ұрпаққа кімдер қабылданады?» эссе
Қабілет алқасы: «Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?» Салауатты өмірді насихаттау.
Болашақ алқасы: «Еліміздің қос қаласы Қызылорда-Астана телекөпірі».Жас ұрпақ қандай сыйлық тарту етеді.
Дарын алқасы: Өскелең «Жас ұрпақ» эссе жазу.

Ү- тапсырма
Ерекше қасиеттер
Мына допты бір-бірімізге лақтырып, сіз доп берген адамның бойындағы ерекше қасиеттері мен мықты жақтары туралы айтамыз.
Тренингті талдау.
Ортақ сауал
- Не ұнады?
- Қандай қиыншылықтар келтірді?

Қорытындылау кезеңі
Әрбір топ өзіне берілген сөз арқылы өз ойын түсіндіреді.
Берілген сөздер: қалам, тәрбие, азамат, қазық, шаңырақ, бала

Қазылар алқасына сөз беріледі.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
5 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Қосымша білім беру қызметіндегі педагог пен оқушы арасындағы  бірлесіп әрекеттесу жобасы
Қосымша білім беру қызметіндегі педагог пен оқушы арасындағы бірлесіп әрекеттесу жобасы
Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі атап айтқанда қосымша білім беруге
Лағым
Лағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Төлепберген Фарида Жалғасбекқызы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Егемендік ел - мұраты
Егемендік ел - мұраты
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Ел тәуелсіздігіне 20 жыл
Ел тәуелсіздігіне 20 жыл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің математика пән мұғалімі: Нұрымбетова Инкар Атымтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×