Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлгілі отбасы – елге өнеге

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы – елге өнеге»атты отбасылар сайысы
12. 09. 14 жылы. күні сағат - 3. 00 де спорт залында «Үлгілі отбасы - елге өнеге» атты отбасылар сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ата - ана мен мектеп, бала арасындағы сыйластықты, ауызбіршілікті, жауаптылықты, ұйымдастырушылықты қалыптастыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Акт залда жай әуенмен «Толағай» әні орындалып тұрады.
Сайыстың түрі: Эстафеталық ойын.
Өткізілетін орны: Мектеп спорт залы.
Көрнекілігі: Эстафета таяқшасы, қап, обруч, дротик, қалың арқан т. б.
Отбасылық сайысты жүргізушісі: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ----------------

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңайма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар бүгінгі 8 - ші қыркүйек Отбасы күніне арналған«Үлгілі отбасы - елге өнеге»атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысқан отбасылар:
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға ------------------------------ және -------------------------- отбасыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Тәлім тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы жарқын болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі берік күші. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Енді сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Әділқазы мүшелері құрамына дене тәрбиесінің мұғалімдері:
Спорттық сайысымыз 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың негізгі шарттары:
1. Эстафета таяқшамен жүгіру. (әр отбасы мүшелері таяқшаны келесі адамға беру арқылы сап бойынша отбасын жинайды)
2. Қап арқылы жүгіру. (әр отбасы қап арқылы межелеген жерден айналып келіп, келесі адамға қапты кигізеді)
3. Обруч арқылы жүгіру. (екі обручты алма кезек алмастырып секіру арқылы межелеген жерден айналып өтіп келесі адамға береді)
4. Дротик. (әр адам бір орнында тұрып көздеп лақтырады)
5. Арқан тарту. (екі отбасы арқан тартысады, тағы екі отбасы да солай арқан тартысады содан кейін жеңілген отбасылар арқанды қайта тартысады. Осылай қайта екі жеңген отбасылар тартысып біреуі жеңімпаз болады)
6. Отбасымен топтасып жүгіру. ( бір адам жүгіріп келіп кеінші адамды өзінің белінен ұстатып паровоз сияқты жалғап бәрі бірге жүгіріп қайтып келеді)
Сайыста ең бастысы қойылатын талап отбасындағы әкесі, анасы, балалары спорттық киім киюі қажет.
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!
Эстафета таяқшамен жүгіру. (әр отбасы мүшелері таяқшаны келесі адамға беру арқылы сап бойынша отбасын жинайды)
Қап арқылы жүгіру. (әр отбасы қап арқылы межелеген жерден айналып келіп, келесі адамға қапты кигізеді)
Обруч арқылы жүгіру. (екі обручты алма кезек алмастырып секіру арқылы межелеген жерден айналып өтіп келесі адамға береді)
Дротик. (әр адам бір орнында тұрып көздеп лақтырады)
Арқан тарту. (екі отбасы арқан тартысады, тағы екі отбасы да солай арқан тартысады содан кейін жеңілген отбасылар арқанды қайта тартысады. Осылай қайта екі жеңген отбасылар тартысып біреуі жеңімпаз болады)
Отбасымен топтасып жүгіру. (бір адам жүгіріп келіп екінші адамды өзінің белінен ұстатып паровоз сияқты жалғап бәрі бірге жүгіріп қайтып келеді)
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!
Сайыста ең бастысы қойылатын талап отбасындағы әкесі, анасы, балалары спорттық киім киюі қажет.

Жүргізуші: Сайыс соңында әділқазылар ойынның шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап қатысушыларға төмендегідей орындарды атап көрсетті.

1. ----------отбасы - 1орын Алтын медальмен
2. --------- отбасы - 2орын Куміс медальмен
3. --------- отбасы - 3орын Қола медальмен
4. --------- отбасы - 3орынға ие болды, және де мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды. Сайыс өз дәрежесінде, ұйымдасқан және қызықты түрде өткізілді. Сайыстан кейін естелік суреттерге түсірілді.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
5 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×