Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық тағамдары

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары
Мақсаты:
1) Білімділігі:
Балаларға ұлттық тағамдар, оның пайдасы, қасиеті туралы түсінік беру
2) Дамытушылығы: Ұлттық тағамдарды қалай дайындау, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру
3) Тәрбиелілігі: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өз ұлтының тағамдарын қадірлеуге үйрету
4) Көрнекілігі: Ұлттық тағам түрлері, тапсырмалар, слайд, сахналалық қойылым көрнекілігі, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, видеоролик
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндіру, топтық жұмыс ойын
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Оқушылардың назарын енді ғана келіп кірген «Жылқы жылына» аудару
Жылқы малының қасиеттеріне тоқталу

Міне, тағы бір жыл табалдырығымызды аттады. Бұл жыл қазақша жыл қайыру бойынша – жылқы жылы. Біздің сыныпта жылқы жылында туған балалар бар. Олар: Шыңғыс, Вика - мүшел жасқа кіреді. Жалпы жыл төресі – жылқы жайында біз не білеміз? Төрт түлік малды қадір тұтатын біздің халық үшін жылқы малының орны ерекше. Батырларымыз аттан түспей, туған елін, жерін жаудан қорғаған.
Жылқы
  • - Текті жануар
  • - Сүті дертке шипа
  • - Елтаңбада бейнеленген
  • - Еті ем


Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталады.

Бұл тақырыпты біз жайдан - жай таңдаған жоқпыз. Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» деген мақал - мәтелдер бар. Жер бетінде өмір сүретін әр халықтың өзіне тән дәстүрі, салты, ұлттық киімі, тағамдары бар. Біздің қазақ халқы бұрын көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малды бағып, оны сауса – сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, кисе – киім етіп пайдаланған. Тамақтың ең құнарлысын, адам ағзасына қажеттісін ішіп - жеген. Сондықтан біздің халқымыздың дені сау, батыр халық болған. Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап, бізге мұраға қалдырған.
1) Көрініс « Екі оқушының әңгімесі»
Ж: Қалың қалай, Шыңғыс?
Ш: Жақсы, мен Америкаға кеткелі жүрмін.
Ж: Онда не бар?
Ш: Онда бәрі күшті дейді ғой.
Ж: Ал, онда салыстырып көрейік.
Ш: Көрсек көрейік, Америка.
Ж: Қазақстан.
Ш: Вашингтон.
Ж: Астана
Ш: Барак Обама
Ж: Нұрсұлтан Назарбаев
Ш: Голливуд
Ж: Қаскелең
Ш: Кока - кола, пепси, спрайт, фанта
Ж: Қымыз, шұбат, айран, сүт
Ш: пицца, гамбургер, хотдог
Ж: ет, сорпа, қуырдақ, қазы - қарта, жал - жая
Ш: кириешки, чипсы
Ж: бауырсақ, шелпек
Ш: йогурт
Ж: қаймақ, кілегей, қатық
Ш: сникерс, баунти
Ж: құрт, ірімшік, жент
Ш: мерседес, тойота
Ж: тұлпар, ат арбасымен
Ш: джинсы, кепка, кроссовки
Ж: шапан қалпағымен, саптама етік
Ш: Жарқынай, мен жеңілдім. Өзіміздің тағамдар да күшті екен ғой. Мен енді ешқайда бармаймын.
Ж: Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
2) Слайд «Ұлттық тағамдар»
Ет тағамдары

  • - Қазы, қарта, жал, жая
  • -Қазақша ет, қуырдақ, әсіп

Сүт тағамдары
  • - Қымыз, шұбат, айран, сүт
  • - Кілегей, қаймақ, ірімшік, құрт


Ұн және дәнді дақылдардан жасалған тағамдар
  • - Бауырсақ, тандыр нан, шелпек
  • - Жент, талқан, сөк


3) Тақпақтар
Шыңғыс: Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
Толқын: Әрі дәрі,
Әрі дәм,
Жұрт сүйінген, таныған
Қазыға ас жоқ тең келер,
Дастарқанға өң берер
Қарлығаш. Сары, дәрі қымызым,
бұрқыраған иісі
мұрныңнан кетпес күнұзын.
4) Видео ролик «Қымыздың жасалуы мен пайдалы қасиеті»

Жарқынай: Ішіп көрген шұбатты,
Дәмін бірден ұнатты
Денсаулыққа пайдалы
«Зәм - зәм» суы сияқты.
Бибінұр: Өкпе, бауырдан жасар,
Дәм бар ма одан асар.
Бибінұр: Біз ғана тән,
Қызыл – күрең бауырсақ
Дастарқанға сән
Ерлік: Үйдің ұйытқан айраны
Асқазанға пайдалы
Алмаз: Дастарқанды жайнатқан,
Ірімшікті қайнатқан.
Айнұр: Ұнатар бар балдырған,
Жұқа жұмсақ тандыр нан.
Дильназ: Қарын майы қандай,
Қағасың жесең таңдай
Күлшеге жағып жесең
Татар дәмі балдай
Виктория: Жесең де қанша
Сіңімді самса.
Асхат: Ата, бала жер тиегін.
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін
Жарқынай: Опырып үгіп - үгіп жейтін,
Қазақ жасар жентін.
Қарлығаш: Пісіріп сүтті қайнатты,
Кілкіп ап жедік қаймақты.
Бейбарыс: Томпайып ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны
Тек қазақ ұлты!
5) Видеоролик «Құрттың пайдасы», «Талқан туралы»

6)Сергіту сәті (Қазақы дастарқаным әні айтылады; балалар құрт жасайды)

7) Мамандардың айтуы бойынша – фаст - фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болды. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст - фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст - фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп - жеп жүрсе, кейбіреулер анда - санда ғана пайдаланады.

8) Ойын «кім жылдам?»
Оқушылар үш топқа бөлінеді
Топтарына ат қою
Ет тағамдары
Сүт тағамдары
Ұн тағамдары
Табақта барлық тағам аттары араласып жатыр. Әр топ өз тағамын тауып алу керек. Кім тез, дұрыс тапса, жеңіске жетеді.

9) Жұмбақ шешу
Алға жайып тұз - дәмін
Келтіреді үй сәнін.
Қызыл күрең түсі бар
тағамдардың асылы.
Әжем уыстап, сығып далада кептірген
Қатты әрі тәтті дәмін кім бар жеп көрген
10) Сабақты қорытындылау
11) «Мерекелі дастарқан» әнін тыңдату
12) дастарқанға қонақтарды шақыру
35 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Жылқы. Боз бие
Жылқы. Боз бие
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы № 1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Болар Айсақызы
Ұлттық тағамдар
Ұлттық тағамдар
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы ОЖББМ технология пәні мұғалімі Измуханова Алтын Бактыгалиевна
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлігім - ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×