Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлік төлден өседі

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты:
Сабақтың тақырыбы: Түлік төлден өседі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақтың ата кәсібінен мағлұмат беру.
ә) дамытушылық: оқушыларды төрт түлік төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт - түлікке байланысты өлең, тақпақ мақал - мәтелдер жаттау.
б) тәрбиелілігі: Халық педагогикасы негізінде әсемдікке баулу, татулыққа тәрбиелеу, төрт түлік малдың пайдасымен, өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір – қасиетімен таныстыру. Дүкен сөрелеріндегі сусындардан артықшылығын білдіру.
Сабақтың көрнекілігі: «Түлік төлден өседі»слайд. Төрт - түлік малдың суреттері: «Жайлауда», малдың өсу реті бойынша берілетін атаулар сөздігі: «Малдың төлдері»слайдтар
Ұлттық ойын: «Қалай айтуды білемін»

Сабақтың барысы:
1. Қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы туралы әңгімелеу
2. «Төлдер айтысы» көрінісі
3. «Мал атаулары» «Білгенге маржан» суреттерімен әңгіме жүргізу
4. Төрт - түлік мал туралы өлеңдер
5. «Қалай айтуды білемін» ойыны
6. Төрт түлік туралы әндер

1. Кіріспе. - Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік – табиғатын, қадір қасиетін әбден зерттеп білген. Оның өнімдерімен тіршілік етіп, оңтайлы пайдалануды игерген. Малдың еті, сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе – киімі, тұтынса - бұйымы да осы мал болған.
«Малым - жанымның садақасы,
Жаным - малымның садақасы»деген ата - бабаларымыз мал атауларының қадір - қасиетін жетік біліп, сахараны төрт - түлікке толтырған.
Мал өсіруге қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Бұл біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала береді. Олай болса, кейінгі ұрпақ қасиетті төрт - түлікке тиісті халқымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауы тиіс. Рас, біздің бәріміз бірдей малды бағар - бақпаспыз, бірақ ата - баба қадір тұтқан мұрамыздың ерекшеліктерін есте сақтауға тиіспіз.

2. «Төлдер айтысы» көрінісі:
Автор: Сылдырап аққан өзеннің жағасындағы шалғында әр түлік малдың төлдері жайылыпты. Олар бір бірінен:- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?- деп сұрасты. (сахнаға төрт - түлік малдың төлдерінің костюм - маскасын киген балалар шығады.)
Лақ: Мә - ә, мә - ә Әрине мені жақсы көреді, Адам біздің сүтімізді ішеді, мамықтай жүнімізден жылы орамал, киім тоқиды.
Құлын: (кісінеп жіберіп) Лақ, сен орынсыз мақтанасың, малда бізден артық ешқайсың жоқ, Біз мінсе - көлік, ішсе - сусын, жесе – азықпыз.
Бұзау Мө - ө, мө - ө. Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдасы мен. Шелек - шелек сүт, қарын - қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады. Біз сойса соғым, жексе көлік боламыз. Мен тұрғанда сендер неге мақтанасыңдар.
Қозы: Бәрің босқа мақтанасыңдар, ием бәрінен де мені жақсы көреді. Матаның асылын біздің жүнімізден тоқиды. Сақылдайтын сары аязда тоңдырмайтын жылы тон, киіз, алаша жылы киімдер менің жүнімнен жасалады.
Бота: Сонда бәріңнен кем біз бе? Мал қадірлісі біз. Адам біздің тәтті шұбатымыз бен мамықтай жүнімізді пайдаланады. Сусыз шөл далада таптырмайтын көлікпіз. Біздің мамықтай жүнімізден жасалған көрпені кім мақтамайды.
- Жоқ, бәрібір ием мені жақсы көреді?!
- Жоқ ием мені жақсы көреді.
- Ием мені жақсы көреді.
- Адамға ең пайдалысы мына мен
- Жоқ, ием мені жақсы көреді
Автор. Төлдер әрқайсысы өздерін мақтап көп таласады. Бірінің сөзіне бірі көнбейді. Ақыры олар иелерінен барып сұрайды.
Иесі: Сендер босқа таласпаңдар. Бәріңде пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарыңыз бар. Адам үшін бәрің де керексіңдер.
Ойын: «Түлік қалай дыбыстайды,»
Мұғалімнің сөзі. Әр малдың өз орны бар. Ата - бабаларымыз қадірін біліп, қасиетін танып әр малды өсу жолына қарай әр түрлі атаған. Мысалы, қой; оның кішкентай төл кезінен үлкейгенше жасына қарай ажыратып отырған.

3. «Адасқан төлдер» суреті бойынша әңгімелесу.
Түлік төлден өседі. Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыздан бері адам есімдеріне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы: Ботагөз, Ақбота, Нартай, Қозы, Қошқарбай, Ісек, Бурабай т, б сонымен қатар қазақ халқы өз балаларын «ботам» «құлыным» «қошақаным» деп еркелетіп әлпештегенінен де осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншіліктің бар екенін білдіреді.

«Малдар атауы»
Қой атауы бар екен
Қошқарынан басталған
Еркек қойлар нән екен
Құйрығы аумас астаудан
Жуан қойды саулық деп
Атағанын қарашы
Атаған ғой саудық деп
Ойлаған да шамасы
Ісек пенен тұсақ деп
Бір жас үлкен тоқтыдан
Қозыдан соң ұсақтап
Ең кішісі жоқ бұдан

Шақыру басталар
Шөре - шөре шөкеден
Ешкі атауын бастаңдар
Айыр мүйіз текеден
Жорға ойнаған текесі
«Шек» дегенге лыпылдап
Қойды басар серкесі
Тұяқтары сыртылдап
Екі жаста тушалар
Ала жолақ бөртесі
Шыбышы мен лағы
Тастан тасқа шығады.

Жаздыкүні құлыншақ
Келер қыста жабыға
Тай шыққан соң мініп бақ
Дүбірлетіп шабады
Келер жылы құнанды
Күтімге алса жарайды
Құнаннан кейін дөненге
Жұрт қызыға қарайды
Байтал, бесті, бие ат
Мұны білмеу тіпті ұят
Жылқышының қорғаны
Болса нағыз мықты ат

«Малдың төлін сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Еш нәрсені білмейтін момыным деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп,
Тастан тасқа секірген шұнағым деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспайтын қорқағым деп.
Түйе сүйеді баласын тайлағым деп,
Жабу жапса жарасқан жайнағым деп.
Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп,
Жүгіруден жазбаған түлпарым деп.

5. «Қалай атауды білемін ойыны»
1. Малдың төлдерін қалай атайды?
2. Қай мал қалай дыбыстайды?
3. Малды қалай шақырады?

6. Төрт - түлік туралы әндер
1. Қошақаным қайда екен?
2. Ақ тайлақ
3. Құлыншақ
4. Бөрте лақ
5. Ортеке

7. а) Мал сүтінің пайдасы. б) Дүкен сөрелеріндегі сусындар.(ата – аналардың баяндауында)
Сабақты қорытындылау
«Мал сүтінен алынған өнімдер» көрмесі ұйымдастырылып, ата - аналар қалай дайындалатынын әңгімелейді
8 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік малдың, олардың төлдерінің атауын үйрену Сабақтың міндеттері: Білімділік: төрт түлік түрлерімен олардың төлдері туралы мәлімет алу, олардың пайдасын білу.
Қазығұрт тауы
Қазығұрт тауы
Республикамыз 14 облысқа бөлінеді. Бүгінгі сабақта біз танысқалы отырған жеріміз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан жайлы болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт деп аталатын ауданында Қазығұрт деп аталатын киелі түйенің
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Төрт түлік туралы жыр. Қой
Төрт түлік туралы жыр. Қой
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Айжан Шатланбекқызы
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×