Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің арманым – менің болашағым!

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тренинг тақырыбы: «Менің арманым – менің болашағым!»
Мақсаты: студенттердің өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.
Көрнекіліктер: А3, фломастерлер, газет - журналдар, қанатты сөздер жазылған карточкалар.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
а) Амандасу рәсімі
б) Сөйлемді жалғастыр...
в) «Менің арманым – менің болашағым» тақырыбында коллаж жасау
г) Карточкамен жұмыс
д) «Мюнстенберг»
ІІІ. Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»

ІІ. Негізгі бөлім
а) Амандасу рәсімі
Шеңберге тұрып, қолымызды бір - біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.
Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы, Сәлем Надира, сен маған «қызыл телпекті» елестетесің.

б) Сөйлемді жалғастыр...
Егер мен депутат болсам...
Егер де мен сәби болсам...
Егер де мен дәрігер болсам...
Егер мен мұғалім болсам...
Егер де мен заңгер болсам...
Егер де мен ұшқыш болсам...
Егер мен сиқыршы болсам...
Егер де мен директор болсам...
Егер де мен кәсіпкер болсам...
Егер мен әнші болсам...

в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау.
Керекті құралдар: картон, газеттер, журналдар, түрлі түсті фломастерлер, жарнамалық қағаздар.
Студенттер осы тақырыпта 2 топқа бөлініп коллаж жасауларыңыз керек.

г) Карточкамен жұмыс.
- Сіздерге суретті карточкалар беремін. Суреттегі ұлы адамдарды көмекші сөздер арқылы табыңыздар.

Дүниені қиял - ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдардың барлығы ең алдымен қиял - ойдан бастау алады.
(А. Энштейн)
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлікте жоқ. (Л. Толстой)
Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да, мүкін емес!
(Д. Дидро)
... арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар.
(Ғ. Мұстафин)
Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. ( Ш. Айтматов)

д) «Мюнстенберг»
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында өлеңнің аты бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Және сол өлеңді музыкаға салып айтып берулеріңіз қажет. Жұмыс уақыты - 3 минут.

ЫОШЫОШЩРОАРМАННННОВШГНГАДАСТЫРМАЙЙЙШКГМЕНІІЛВТОПҚҚОЯЯЯТДВЛАООРДОЛДЖЩӨӘІЦҚӨҰӨПТТТҰРРШОЫТЧЛПОЗЩДЛОЛОЛ

ӘІҢҮҚӨҚАРМАНЫМАПШОВОЛЩЗЩАСЫҒЫПЛЛОЛООПБАРАМҚҺӨӨҚ

АОРПДЬДЖЖАРМАНГПРГРИАЙДРОТЖДЬОҮҰҰҚФЫВПДЖЖПЖЭЖОХ

ЧӘІҒҢӨҺҚӨПАҚҚУЛОРДЛОДЖЖДЛЖДАРМАНДЛЖЭДБЖДЖЬЖДДЖД

ЫВПАРЛДПАОРАСЫЛАПОЕНЕНШАРМАНРЛДЖЭЯЧСМИТЬЮХКЙЙЦУ

Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау: Мына сиқырлы қобдишада сыйлықтар бар. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Әр қайсыңыз мына сыйлықтарды бір - бірден таңдап алып, лайықты деген адамға сыйлаңыздар. Сыйлықтарды үлестіріп болсақ, өздеріңіздің қандай қасиеттеріңіз бар екенін айтып беріңіздер. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Тренингті қорытындылау: Ал, енді тренингті қорытындылайық. Қандай әсер алдыңыздар? Жаңадан не білдіңдер? Не ұнамады?
18 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаев. «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаев «Сынған аквариум»
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып».
Табиғатқа құштармын
Табиғатқа құштармын
Бізге қонаққа келген көбелек қанатын жазғанда алып көбелекке айналып кеткендей. Ол бізді қанатына отырғызып ұшып барады.
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×