Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Ана тілінің маңызын ұғындыру, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Ана тілін құрметтеуге баулу.
1 - Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - Жүргізуші: Сіздерді 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз.

1 - жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін! (Ә. Тәжібаев)
Иә, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.

2 - жүргізуші: Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдаланылмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан.
1 - жүргізуші: Қ. Р - ның «Тілдер туралы Заңында» Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адам да ардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты» делінген.

2 - жүргізуші: Қазіргі қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.
Хормен жүргізушілер:
Қазақ тілім - ана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

1 - Оқушы: Қымбат маған ана тілім, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге енген бойыма,
Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

2 - Оқушы: Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзге ол арыған.
Сипақтама, мүдірме
Сөйле, қане, ұшындыр.
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.

3 - Оқушы: Уа, туған тіл! Ата - анамның бел тілі!
Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.
Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,
Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.
Уа, туған тіл! Ертелі – кеш қуатыңмын өзіңнің,
Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.
Уа, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,
Ата - анамды, мен пақырды жарылқа деп құдірет.

4 - оқушы: Ана тілім үлес ұосқан салты ма,
Өнерді де үйреткен тіл жалпыға.
Ақын, жырау шежірелі жыр жазған жалпыға,
Ана тілде алтын мұра артыңа.
Ана тілі мақтанышы халқымның,
Ана тілім ар - ұятым, бар шыным.
Ана тілде бар құдірет, бар бақыт,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Менің ана тілім
Менің ана тілім
«Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Тіл  - достықтың кепілі
Тіл - достықтың кепілі
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×