Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әкем, шешем және мен (отбасылық сайыс)

30 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бердіқожаева Меруерт

Сабақтың тақырыбы: Әкем, шешем және мен (отбасылық сайыс)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір сүрудің мәнін ашу, салауатты өмір сүруіне ықпал ету, денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, нақыл сөздер
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
*Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
*Әнұран
*Тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Сыныпты екі топқа «Болашақ» және «Денсаулық» топтарына бөлу
Мұғалім: Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсетіп, салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесін басты мақсат етіп қойған.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға.
Сұрақтарға жауап беру:
- Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы қандай?
- Салауаттылық - өмір салты дегеніміз не?
- Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Малтабар Айзаттың «Зиянды әдеттер» тақырыбындағы жобасын тыңдау.
Сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстыру:
1. Н. Шораева - тәрбие ісінің меңгерушісі
2. Г. Сейітова - мектеп педагог - психологы

Сайыс кезеңдері:
1. «Ойымды жалғастыр» денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер
2. «Ойланайық, талдайық» жағдаяттарды талдау
3. «Салауатты өмір салты» жоба қорғау
4. «Шығармашылық шыңы» шығармашылық тапсырма
5. Сайысты қорытындылау

1 - кезең Ойымды жалғастыр
«Денсаулық» тобына
Ауру батпандап кіріп,......................(мысқылдап шығады).
Сырқат - тән жарасы,........................(қайғы - жан жарасы).
Денің сау болса,...............................(жарлымын деме)

«Болашақ» тобына
Тазалық - саулық негізі,....................(саулық - байлық негізі).
Ауырып ем іздегенше,....................(ауырмайтын жол ізде).
Аурудың жақсысы жоқ,....................(дәрінің тәттісі жоқ).
2 - кезең: Ойланайық, талдайық
«Денсаулық тобына»
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол:
- Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз,- деді.
- Сіздер не дер едіңіздер?
«Болашақ» тобына
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?
3 - кезең: Салауатты өмір салты(жоба қорғау)
Аталған тақырып бойынша әр топ өз жобаларын қорғайды.

4 - кезең: Шығармашылық тапсырма
«Денсаулық» тобына:
................................................ баламыз,
................................................. аламыз.
.....................................................
................................................. санамыз.
«Болашақ»тобына:
................................................ күлеміз,
................................................. жүреміз,
.......................................................
................................................... сүреміз.

5 - кезең Сайысты қорытындылау

Тренинг. Педагог – психолог Г. Сейітова жүргізеді.
Денсаулықты жас кезіңнен бастап сақта
«Омыртқа жотасы – дененің тірегі»
Мақсаты:
1. Адам ағзасының қызметі мен құрылымы туралы білімді қалыптастыру;
2. Көзге және омыртқа ауруларының алдын алуға арналған жаттығуларды үйрету
3. Оқушылардың өз денсаулығына аса жауапкершілікпен, ақылмен қарауға тәрбиелеу.
Мойын омыртқасына арналған жаттығулар көз жанарын, есту қабілетін жақсартады, жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады, бастың ішкі қан қысымын қалпына келтіреді.

А) Денені тік ұстап иекті төмен барынша түсіреді де, иекті кеудемен төмен жоғары сырғытады.
Ә) Денені тік ұстап басты шамалы артқа шалқайтады, иекті жоғары қаратады. Иекпен барынша жоғары созылады, қайтадан төмен түсіп дем алып жаттығуды қайталайды.
Б) Омыртқаны тік ұстап, құлақты иыққа жеткізу үшін басты оңға бұрады, содан кейін солға бұрады, бірнеше рет орындалады.
В) Басты оңға және солға баяу айналдырады.
Есте сақта! Адамның омыртқасы қаншалықты сау және дұрыс қызмет атқарса, оның денсаулығы соншалықты дәрежеде болады деген ұғым бар.

Көз - көру мүшесі

Мақсаты:
1. Жақыннан көрмеушілік жайлы түсінік қалыптастыру;
2. Көзді дұрыс күте білудің ережелерін таныстыру
3. Көзді шынықтыру жаттығуларын жасау жолдарын үйрету.
Оқушыларда жақыннан көрмеушілік жиі кездеседі. Егер белгілі бір ережелерді қатаң сақтаса бұл жағдайды жөндеуге болады. Кітап оқығанда, жазу жазғанда 35 - 40 см қашықтықты сақтау қажет. Жазу жазғанда жарық сол жақтан түссін,, артық жарық көзге зиян. Нашар жарықта, көлікте кітап оқу, жатып оқу да зиян. Ағзада А дәрумені жетіспесе де көру мүшесі нашарлайды. Темекі тарту, алкоголь ішімдігі, есірткі заттары көз жанарын әлсіретеді.
Төмендегі мына жаттығулар көзге өте жағымды әсер етеді:
А) Тік отырып алдыңғы жаққа қараймыз, содан кейін баяу көзге күш түсірмей төмен, жоғары қараймыз, бірнеше рет қайталанады.
Ә) 6 рет көзді оңға және солға қимылдатамыз.
Б) Басты қозғамай тек көзбен жұмыс істейміз: Төменгі сол бұрышқа, жоғарғы оң бұрышқа, төменгі оң бұрышқа, жоғарғы сол бұрышқа қараймыз. Көзді дем алдырып, көзді жиі - жиі жыпылықтатамыз.
В) Көзбен сегіздікті горизантальді түрде сызамыз, оң жаққа, сол жаққа қайталаймыз.
Г) Басты қозғамай оңға және солға көзді шеңберлеп айналдыру.
Е) Қабақты барынша түйіп жазу

Есіңде ұста: «Мың бір хадистен»
1. Денім сау болсын десең – тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп – тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.

Ән. «Ойлан балам» (үнтаспадан тыңдату)
Сабақты қорыту:
Күндердің күнінде Ұлықпан Хакім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі. Ұлықпан оларға:
- Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Денсаулығымның қалпына келуінен әлдеқашан үміт үзгенмін. Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
- Құрметті ұзтаз, айтыңыз, өсиетіңізді қалтқысыз орындаймыз!- деті шәкірттері.
Ұлықпан Хакім көзін ашып, шәкірттеріне қарап:
- Сіздерге айтатын жеті өсиетімнің біріншісі - ерте тұру, екіншісі - орта тазалығын ұстау, үшіншісі - дене шынықтыру, төртінші - үнемі денені таза ұстау, бесінші - үнемі сергек жүру, алтыншы - артық тамақ ішпеу, жетінші - көп ұйықтап, жалқау болмау. Міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі.
Дені сау адам өмірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 737
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×