Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы және қоғам

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Жаңақорған аграрлық - технологиялық коледжінің
тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали

Тақырыбы: Отбасы және қоғам
Мақсаты: а) білімділік: Отбасы құрудың басты мақсаты. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдарлары. Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының міндеттері. Ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынастар туралы әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.
Отбасы – басты мақсат. Топтар өздерінің аттарына түсініктеме береді. Отбасы. (Көрнекілік бойынша жұмыс.)

Отбасының қызметі:
1. Некеге тұру.
2. Баспананың болуы.
3. Ұрпақ жалғастыру.
4. Материалдық - экономикалық және шаруашылық - тұрмыстық қызмет.
5. Тәрбиелік қызмет.
6. Түрлі қайшылықтардан шығу.

Неке. Көрнекілікті пайдалана отырып, оқушылардың үйден оқып келгендерін сұрау. Бір оқушыдан некеге рұқсат етілмейтін жағдайларды сұрау.
- Өздерің көріп тұрғандай заңымыз ортақ болғанымен, Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлері әртүрлі.
Қазақ халқы 7атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Өкінішке орай жеті атасын білмейтіндер, немере, шөбере жиен - нағашылардың өзі бірін - бірі түстеп танымайтындар көбейді. Жесірін тентіретпейтін қазақы қасиет кеміп, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілікті әркез таныта бермейтін болып барады.
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер.» деген халық даналығын ұмытпай, зердемізге тоқуымыз керек.

Сәйкестендіру сұрақтары.
Ұғым Анықтамалар
1. Этнос
2. Ұлт.
3. Халық.
4. Мемлекет.
5. Диаспора
6. Автохтонды ұлт

Миға шабуыл.
- Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген? (Оқушылардың ойларын білу)
- Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста - ақ білген.
Есепті тапсырма.
- Ендеше адам қаны ұрпақтарында қанша пайыз болатынын әркім өз дәптерлеріне есептеп шығарсын. Әр ұрпақ сайын 50 пайызға азайтып отырасыздар.
Шешімі:
1 Әке 100%
2 Бала 50%
3 Немере 25%
4 Шөбере 12, 5%
5 Шөпшек 6, 3%
6 Немене 3, 1%
7 Туажат 1, 5%

Білімдерін жан жақты тексеру
1. Қазақстанның ұлттық құрамы.
2. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Отбасындағы балалар ата - аналардың құқықтары.
Ата - аналардан сұрау.(Мәтінмен жұмыс жасалады.)
Отбасын құра алмау құбылысы.

Ойталқы:
- Өздерің өмірден көріп жүргендей кей адамдар неліктен отбасын құра алмай отыр?
Отбасының атқаратын функциясы.
Демограф М. Тәтімовтің мәліметтерін келтіріп кету.
Президент Жолдауынан үзінді оқу:
«2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға 4000 теңге жәрдемақы төленуі тиіс. 2006 жылдың шілдесінен бастап, 1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу қажет деп санаймын.»

9. Отбасындағы қарым - қатынастар.
Бабалар сөзі – тәрбие көзі.
- Үйдегі алтын қазық кім?- депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық – бала, - депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде,- депті қарт.

- Дүниеде ең жақының кім?
- Тату болса – ағайың жақын,
Ақылшы болса – апайың жақын,
Бауырмал болса – інің жақын,
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
«Кім білгір?» ойыны.
Ата мұраң - асыл қазынаң.
Жалпы сұрақ:
- Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?(Сыйлы қонаққа.)
- Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік)
-«Абысын тату болса - ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім? (Ағайынды адамдардың әйелдері)
- Бөле деп кімді айтамыз? (Бірге туған апалы - сіңлілі кісілердің балалары)
- Қазақтарда үй иесінің атауы? (Отағасы)
- Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.(Әулет)
Топтарға тапсырма:
1. Отбасында туыстығына қарай ер адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Ақсақал, отағасы, енші алған ұлдары, кенже бала, күйеу бала)
2. Отбасында туыстығына қарай әйел адамдардың дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Анасы, жасына қарай қыздар, келін)
3. Ренжіскен ағайындардың бір - бірімен татуласуы керектігі туралы, әсіресе, қай мейрам кезінде көбірек айтылады?(Айт мейрамы кезінде.)
«Жалғасын тап» ойыны:
Жалпы тапсырма:
1. Бала жетіге келгенше(жерден таяқ жейді.)
2. Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым.)
3. Атаңның баласы болма (адамның баласы бол.)
4. Әке көрген - оқ жонар,(шеше көрген - тон пішер.)
5. Баланың ұяты әкеге,(қыздың ұяты шешеге.)
6. Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі.)
7. Ата - бәйтерек,(бала - жапырақ.)
8. Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды.)
9. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың.)
Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Ата - анасы және балалары бар отбасы. (толық)
2. Ата - анасы балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы. (кеңейтілген)
3. Отбасын құрудың негізі. (махаббат)
4. 18 жасқа толмаған адам. (бала)
5. Отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздыларының бірі. (сенім)
6. Бір әйел мен бір ердің некелік одағы. (моногамды)
7. Үйге тапсырма: Отбасы және жастар.

«Мағынасын түсіндір» ойыны:
Топтық тапсырма:
І. «Тәрбие жалқауды да адам етер,
Еркелік жақсыны да надан етер»
ІІ. «Баланы өте ерке қылып өсірсең не басын жарады, не басыңды жарады.»
ІІІ. «Әкесіне қарап ұлын сына,
Шешесіне қарап қызын сына.»
Менің жанұямның шежіресі.
Оқушылар үйден дайындап келген жанұяларының шежіресімен таныстырады.
Бекіту тапсырмалары:
І топқа: «Бақытты жанұя. Ол қандай?»
ІІ топқа: «Жанұядағы жанжал. Оны шешу жолдары»
ІІІ топқа: «Отбасы мейрамдары. Оларды өткізу жолдары»
Қорытындылау. «Менің жанұямның қызықты сәттері...»
Оқушылар әкелген фотосуреттерді қарау.
Оқушыларды бағалау. Топтарға берген жауаптары бойынша орын беру.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Тарауды қайталау.
4 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Некеге тұру, оның заңдылықтары, отбасының жалпы мазмұны, ондағы әртүрлі қызметтер, қазіргі отбасына жүргізілген зерттеулер, отбасында болатын қайшылықтарға тоқталу.
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сарсенова Нәписа Ысқаққызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×