Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала - біздің болашағымыз

21 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе қаласы,
Россовхоз орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы

Баяндама: «Бала - біздің болашағымыз»

Мақсаты: Балалар құқығымен таныстыру. Елжандылыққа, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілігі жағынан таза, жан - жақты дамыған, білімді, құқықты мәдениетті етіп тәрбиелеу міндеті - бүгінгі заманның келелі мәселелері. Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен сапалы іс - әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін «Азамат» деуге де болады. Азаматты қоғам заңдылықтарына байланысты қалыптастыру мақсаты бойынша өз еліміздің азаматтарының болмысында дұрыс бейнелеу қазіргі өркениеттіліктің басты талабы. Қоғам арқылы ұлттық құндылықтардың негізінде айрықша азаматтық қасиетке ие болатын жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздардың азаматтық борышы.

1994 жылы Қазақстан “Балалар құқығын қорғау” туралы Конвенцияға, оның барлық ережелерін орындауға міндеттеме қабылдады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында балалар құқығы толық қаралған. Заң бойынша “ кәмелетке толмаған “ деп 18 жасқа дейінгі балалар танылады. Өз құқықтары бойынша барлық балалар тең. Балаларға қамқорлық жасау, тәрбиелеу ата – ананың міндеті. Егер ата – ана өз парызын өтей алмаған жағдайда, балаларға қамқорлықты мемлекет көрсетеді. Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата - анасынан алады. Отбасы - адам, баласының өсіп өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борышы тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Әрине, әркім өзінің баласын, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей. Бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл - ойының дамуы, ұнамды мінез - құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата - аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие беру негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпашылықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз.

Баланы балабақшаға берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз қарым - қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, даму болашағы казіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі жан - жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата - аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне жарты сағат та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата - аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың. Әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата - аналарды сынайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата - ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Қазақстан Республикасының Конституциясында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы" деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Сонымен бірге "Отбасы туралы Заң", "Жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі»
«Бұтағымен ағаш сымбатты
Ұрпағымен адам қымбатты»
«Бала болсаң болғандай бол,
Айналаңа қорғандай бол»-
деген қағиданы берік ұстанған ата - бабаларымыз өз ұрпағын « адам», «азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
7 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Баяндаманы дайындаған педагог ұйымдастырушы Г. Әжібаева «Бейнеу лицейі» ММ
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі мектеп, қоғам және отбасының рөлі
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі мектеп, қоғам және отбасының рөлі
Төреев Болат Қадырұлы Қордай ауданы №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×