Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланың бас ұстазы – ата-ана

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна

Тақырыбы: “Баланың бас ұстазы – ата - ана”

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;
оқу - тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата - аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
Әдісі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Әр адамның бойында күн шуағы бар, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек. Сократ
Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы – күйік.
Абай
“Баланы 5 - ке дейін патшадай көтер,
15 - ке дейін құлындай жұмса,
15 - тен кейін досыңдай сыйла.”
Барысы:
1. Кіріспе. (ІІ тоқсан қорытындысы)
2. Баяндама:«Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері»
3. Педагогикалық ойын «Кім мәреге бұрын жетеді?»
4. «Баланың бас ұстазы – ата - ана» (пікірлесу)
5. «Миға шабуыл» стратегиясы.
6. Психологиялық тренинг.
І Кіріспе:
— Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы — ата - ана» атты отырысқа хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата - аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салғалы отырмыз.
Алдымен, сіздердің көңіл - күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері»
тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата – аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Әр ата – ана өзін өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру.
Енді өткен ІІ оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтейін.
5«А» класында барлығы 18 оқушы бар. Оның қызы - 10, ұлы - 8.
Жалпы класс құрамы жақсы. Кластағы білім сапасы 78%.
Оқу озаты - 8, оқу екпіндісі - 9.
Жекеленген пәндерден білім сапасы мен оқушылардың және кластың жетістіктері туралы айтылады, слайдтар арқылы тақтада көрсетіледі.

ІІ. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» Баяндама.
“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрі парызы”
Қазақстан Республикасы Ата Заңы, 27 - бап, 2 - тармақ.
“Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін ата - аналар күнделікті есте ұстауға тиісті”
“Қазақстан 2030” бағдарламасы

ІІІ. Педагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т. б.).

І V. Бүгінгі «дөңгелек үстел» мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді:
1. Отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
2. Балаңыздың досы кім, оның қандай іс - әрекетін, қылықтарын білесіз?
3. Білім сапасын көтеруде ата - ана ролі бар ма?
4. Кез - келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
5. Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз.
6. Сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар?

V. «Миға шабуыл» стратегиясы.» Бүгінгі тақырыппен байланысты, яғни бала туралы мақал - мәтелдер айту.

VІ Психологиялық тренинг "Алтын дән"
Қорытынды
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата - анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата - ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В. А. Сухомлинский
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата - анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;
Баланың бас ұстазы ата-ана
Баланың бас ұстазы ата-ана
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата - ана.
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Баланың бас ұстазы ата-ана
Баланың бас ұстазы ата-ана
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×