Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еркін елдің ертеңі» атты мерекелік концерттің бағдарламасы

17 тамыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темкенева Толқын Алпыспаевна

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еркін елдің ертеңі» атты мерекелік концерттің бағдарламасы
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Биылғы жыл - еліміз үшін мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл сияқты айтулы мерекелерге толы жыл. Ендеше, ел мерейін асырған мерейтойларды лайықты атап өтуге арналған «Еркін елдің ертеңі» атты оқушылардың шағын концертіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән «Жаса, қазағым». Орындайтын: 10 - оқушысы Рамазанов Нұрманас

Жүргізуші: Иә, қазақ халқы бабалардан мирас болған ата-мекенімізді тәуелсіз ел етті. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын сайлады. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналды. Татулықты - тұрақтылықтың және тұрақтылықты - дамудың тұғыры етті.
Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы - бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ.
Қарсы алыңыздар! Адрышқанова Назеркенің орындауында би «Қара жорға».
Жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Ән. «Алтын бесік». Орындайтын: Ерланова Айым:
Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
9 - сынып қыздарының орындауында ырғақты би.

Жүргізуші: Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Көрініс. Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

Жүргізуші: Санаулы күндерден кейін 70 жылдығын атап өткелі отырған Ұлы Отан соғысына аулымыздан Әдішев Мұқаметқали, Әдішев Сіләмқан, Бектеміров Жақия, Зайнулдинов Жәдігер, Зайнулдинов Жәнәбіл, Жақсыбаев Қайырбек, Көлбаев Сәбит, Қасымқанов Мамырқан, Қуанғанов Мұсағали, Темерқанов Закария, Үркімбаев Мамырбек ата қатысты. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, жеңіс үшін жанын берген аталарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ән. «Сендерге риза ұрпағың»

Жүргізуші: Биыл ел болып 550жылдығын атап өткелі отырған Қазақ хандығы да - ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған.
Ұлдар вокалы. «Алға, қазақ жігіттері»

Жүргізуші: Қазақ еліндегі мерейтойға арнайы келген Үнді елінің бишілерін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу - әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз - бірігудің тарихы. Ұлы Отан соғысында да әр ұлттың өкілі бірігіп, жауды жеңген. Ендеше, бірлігі бар елде береке бар.
Бастауыш пен орта буынның біріккен интермедиясы.

Жүргізуші: «Еліміздің мәңгілік темірқазығы болатын идея терең тарихтан бастау алады және бүгінгі күннің мұраттарына сай келуі тиіс» деді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы. Тоныкөк абыз: «Түркі жұртының мұраты - Мәңгілік ел» деген болатын. Осынау бір ғана сөйлемге барлығы сыйып тұр. Бабалардың арманы, бүгінгі еліміз бен болашақ ұрпақтың биік мақсаттары бәрі үндеседі. Қазақстанның ұлттық идеясы - Мәңгілік ел.
Несіпбек Айтұлы «Мәңгілік ел белгісі». Оқитын: Нұрланбек Таңнұр

І жүргізуші: Бабалардың тасқа басқан өсиеттерін іске асырып, Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық. Ұлттық идеяны іске асыруға белсене атсалысатын - өсіп келе жатқан білімді де өнерлі жас ұрпақ, егеменді елдің ертеңі.
Ән «Ау, құрбым». 9 - сынып оқушылары Аяулым Байсаринова

І жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Талшын мен Назлының орындауында Аққу» биі.

Оригиналды жанр.

І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. 20 жылдығын тойлағалы отырған Ассамблея мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, халықтың қолдауына ие болды. Көп ұлт пен ұлыстың басы қосылып, елімізде тыныштық орнады. Еліміз жайнап, жасарды.
Ән. «Жаса, Қазақстан». Орындайтын Рамазанов Нұрманас

Қыздар Вокалы «Балапан қаз»

Жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. (әр ұлттың өкілі болып киінген балалар сахна төріне, бір шаңырақ астына жиналады)
Ән. «Қазақтай ел қайда»

Жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі - еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір! Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Ынтымақтастық жасасын! Қазақстан жасасын! Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Жаса, Жайна, Қазақстан!
Жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Сау - саламатта болыңыздар!
5 764
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...
Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, Отанын сүюге шақыру. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)
Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×