Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халқын сүйген жүрек (Президент күні мерекесіне арналған)

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау облысы, Атырау қаласы
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Габдуллина Балауса Гайнеденовна

Сабақ тақырыбы: Халқын сүйген жүрек (Президент күні мерекесіне арналған)
Жалпы мақсаттар: Алғашқы президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу. Өзіндік ой - пікір қалыптастыра білуге дағдыландыру. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің тәрбиелі, білімді азаматы болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Президент күні мерекесінің маңызын ұғына білу, елбасының қолдауымен Қазақстанның жеткен жетістіктерін түйсіне білу, Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. сабақ тақырыбына қатысты өзіндік ой - пікірлерін ашық айта білуге, өз жобаларын көпшілік алдына ұсына білуге дағдылану. Мағлұматтарды өз беттерімен зерделеп, зерттей білу. Сыни тұрғыдан ойлана білу.
Негізгі идеялар: Елбасы - мемлекеттік институттар иерархиясында жоғары орын алатын және елдің ішінде мемлекеттің жоғары өкілеттігін білдіретін жоғары лауазымды тұлға.

Тапсырмалар: 1. Ой толғаныс. «Менің президентім»
2. Ғылыми ізденіс. Топтардың «Қазақстанның болашағына жарқын қадам» тақырыбындағы жобалары
3. Егер мен президент болсам....
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, шығармашылық ізденіс
Қосымша тапсырмалар: «Қазақстан 2030 жылы қандай деңгейде болады?» тақырыбына шағын эссе жазу

Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. І. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу («Бірлік», «Ынтымақ», «Достық» топтары).
Әр топ өз топтарының атына сай бірлік, ынтымақ, достықтарын қандай қимылдар арқылы білдіреді екен?

ІІ. Кіріспе сөз. – Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға мектебімізге қош келдіңіздер деп айта отырып, сабағымызды бастайық.
(тақтада елбасының, кітаптарының суреттері слайд түрінде көрсетіліп тұрады.
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
- Ал, балалар осы өлең жолдарын тыңдай отырып және тақтада көрсетілген суреттерге қарап бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыңдар.
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
- Иә, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз биылғы жылы алғаш рет тойланғалы отырған еліміздің тұңғыш президенті күні мерекесіне арналады.
Ендеше, сабағымыздың тақырыбымен таныс болыңыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Халқын сүйген жүрек» деп аталады.

ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны жіберіледі.

ІҮ. Ой толғаныс
Тұңғыш президентімізге оқушы көзімен қарайық.
Тақырыбы: «Менің президентім» (топтар жұмыс жасап жатқан кезде «Нұр - аға» бейнебаяны жіберіледі.)
Әр топтың жауаптары тыңдалған соң қол шапалақтау арқылы марапаттау.

Толық нұсқасын жүктеу
6 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Тұңғыш Президент - Елбасы
Тұңғыш Президент - Елбасы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий 1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×