Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздіктің тарихи жылнамасы

30 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Тәуелсіздіктің тарихи жылнамасы"
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап, түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, ел жақсыларының суреттері, жылдар хронологиясы, слайдтар.

Барысы:
1.«Тәуелсіздік – бізге оңай келген жоқ» (тәуелсіздік шежіресі)
2. «Менің Отаным – Қазақстан» (бүгінгі Қазақстанның келбеті)
3. «Мен елімнің – болашағымын» (келешекке болжам)
І жүргізуші: Әнұраным - жанұраным,
Сөйлер сөзім, шырқар әнім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны!
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні)

ІІ жүргізуші: Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі - Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Д тындыра алатынын, өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екендігіне ешкім күмәндана алмайды.
І жүргізуші: Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан. Қазақ халқы Ресей империясына бодан болып, 1731 - 1917 жылдар арасында Отанымыз патшалы Ресей болды. 1917 - 1991 жылдары Отанымыз КСРО еді. Осы бір тәуелсіздік біздің халыққа тегін келген жоқ. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тарихты зерделеп қарасақ, қазақ халқы - ұлы халық. Біз қазақ болғанымызды мақтан ете алатын бақытты жандармыз.
Енді сол тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне үңіліп, ой зердесінен өткізейік.

(Слайд көрсетіледі)

ІІ жүргізуші: Араға аласапыранды ғасырлар мен алмағайып кезеңдердің тезін салып, азаматтық таңымен қайтып оралған ақжолтай ғұрып бойынша мемлекет басшысы ант беріп, ел билігі тізгінін қолға алған күні, яғни, 1991 жылдың 10 желтоқсанында Жоғары Кеңес сессиясы республиканың ащы ішектей шұбатылған ресми атауынан "кеңестік", "социалистік" деген сөздерді алып тастап, "Қазақстан Республикасы" деп өзгертті. Содан көп ұзамай, бір аптаның бедерінде республика Жоғары кеңесінің жетінші сессиясы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Дәл осы күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанында ұлттық атауының өзі "бостан", "азат" сөздерінің синониміндей Қазақ миллаты аспан асты, жер үстінде өзінің ешкімге кіріптар емес, дербес даму жолын таңдаған, байтағы тұтас, шекарасы бөлінбейтін бірегей, халықаралық қатынаста тең құқылық қағидатын ұстанатын демократиялық - құқықтық, зайырлы, унитарлық мемлекет құрғанын салтанатпен жария етті. Дәл осы күні... Иә, осы күні исі қазақтың өлгені тіріліп, өшкені оянды. Көксегені келіп, көкейдегісі орындалды. Мерейі өсіп, мәртебесі биіктеді.

І жүргізуші: Расында да ұлыс мұңы, ұрпақ қамы үшін "күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген" байырғы бабалар - Білге қаған мен Тоныкөк абыздардан бері тартып, күні кеше 1986 жылғы желтоқсанның ызғарында төбеден тас домалатқандай Орталықтың өктемдігіне, саяси озбырлығына төзбей азаматтықтың әнін шырқай алаңға атойлап шыққан өрімдей жастарды - қара көз, ақ жүрек, намысқой ұл - қыздарды жарық дүниеге әкелген қазақ ұлтының бесмыңжылдықта бастан кешкендерінің бәрі - бүгінгі Тәуелсіздігіміздің тұтас тарихы, шынжыр лекті шежіресі еді.

ІІ жүргізуші: Жалпақ дала төбесінде шаңырақ көтеріп, уығын шаншыған, ұлттық мемлекеттіліктің бастауына балаған Қазақ Ордасының екі жарым ғасырлық тарихы елдік мүдде үшін аянбай айқасқан жаубасар ерліктің, дұшпан қарасын бастап асырмаған азаматтық өрліктің өнегелі баяны іспетті.

"Біз мыңғыртып мал баққан елміз,
Жүйрік жаратып, желіге бие байлатқан елміз.
Дәм - тұзды ақтай білген,
Сыйластықты сақтай білген,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз!
Төрімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күлтелі үкі таққан елміз!
Дұшпанға бас ұрмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз!
Астамсыған жау болса,
Сөз ұқпайтын паң болса,
Қанға қан, жанға жан
Алатынымызды жасырмаған елміз!
Атадан ұл құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз күң боламын деп тумайды.
Жерді нақақ талатып,
Елді жерге қаратып өткеннен, өлгенді артық санап,
Ерліктің құтын қашырмаған елміз!"-, деген Қазыбек би сөзінен Алтайдан Атырауға дейінгі көсілген алып кеңістіктегі ежелден еркін жайлаған ұлттың асқақ рухы мен адамшылық парқы, асау болмысы мен адал пайымы айқын аңғарылып тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 048
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды.
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақстан – көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×