Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Тіл - халық мұрасы" интеллектуалды ойын

12 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Қошқарбай ауылы, Мәди Хасенов атындағы
Қошқарбай негізгі мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Жылкыбаева Айгуль Толкынбековна

Тілдер күніне арналған интеллектуалды ойын
5 - 6 сынып
Тақырыбы: «Тіл – халық мұрасы»
Мақсаты: оқушылар сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынады; тілге байланысты мақал - мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерді еске түсіреді; топ болып жұмыс атқаруға үйренеді.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бекеттер, әріптер жазылған парақшалар, тапсырмалары бар конверттер.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
(С. Торайғыров)

Жоспар:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Әділқазылар алқасын сайлау
3. 5 бекеттен тұратын ойын
4. Қорытынды, марапаттау

Іс - шара барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз: 5 - 6 сынып оқушылары Тілдер күніне арналған «Тіл – халық мұрасы» атты интеллектуалды ойынға қатысып, ғажайып «Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады. Ендіше, қатысушы балаларды топтарға бөлейік. Сол үшін әр оқушы мына парақшалардан алу керек (парақшаларда әріптер жазылған, дауысты әріптер – 1 - топ және дауыссыз әріптер – 2 - топ). Жақсы, топ мүшелері, ойыншыларымыз анықталды, ендігі кезегіміз – әділқазыларды сайлап алу. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Жақсы, ресми бөлімді аяқтап, ойынымызға көшуге рұқсат етіңіздер.

І. «Қайырлы таң» бекеті.
Екі топтың сәлемдесуі. Таныстыру. Топтың атын парақшаларға жазылған әріптерден құрастырады («Ақыл» және «Озат» сөздері шығады).

ІІ. «Мен бастаймын, сен қоста» бекеті.
Мақал - мәтелдерді жалғастыру керек:
1. Отан... да ыстық. (оттан)
2. Туған жерге... тік. (ту)
3.... көтермегенді, тіл көтереді. (піл)
4. Тіл... да өткір. (қылыш)
5.... бірді жығады. (білекті)
6.... ойнаған азар, (асық)
... ойнаған тозар. (доп)
1.... не көрсең, ұшқанда соны ілесің. (ұяда)
2.... алшысынан түсті. (асығы)
3.... білім бұлағы. (кітап)
4. Тіл – көңілдің.... (кілті)
5.... баласын аппағым дейді. (қарға)
6. Жігітті намыс өлтіреді,
... қамыс өлтіреді.

ІІІ. «Ойлан, тап!» бекеті.
1. Жуан дауыстыларды көрсет:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и (а, о, ұ, ы)
2. Жіңішке дауыстыларды көрсет:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и (ә, е, ө, ү, і, и)
3. Мына сөздерге синоним сөздер жаз:
Күшті, ел, үлкен, лауазым, өң, науқас, халық, тағам, қымбат, ажар.
4. Мына сөздерге антонимдер жаз:
Жылы, үлкен, жаңа, сулы, жақын, дос, жомарт, биік, терең, кең.

ІҮ. «Кім тапқыр» бекеті.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
• Бармағын тістеді. (өкінді)
• Екі езуі екі құлағына жету. (қуану)
• Төбе шашы тік тұрды. (қорықты)
• Көз қиығын салу. (қарау)
• Қой аузынан шөп алмас. (момын, жуас)
• Сақал сипап қалу. (алдану)
• Сөз байласу. (келісу)
• Күн құрғатпай келу. (жиі келу)
• Таяқ тастам жер. (жақын жер)
• Кірпік қақпау. (ұйықтамау)
• Жұмған аузын ашпау. (сөйлемеу)
• Ешкімнің ала жібін аттамау. (қиянат жасамау)
• Бауыр басу. (үйрену)

Ү. «Ойлы болсаң, озып көр» бекеті.
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына ой толға. Сурет бойынша әңгімеле. (екі топқа екі сурет көрсетіп сол бойынша әңгіме құрату).

Қорытынды.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
(Ә. Тәжібаев)

Сонымен, бүгінгі шарамыздың уақыты да таяп қалған сияқты. Осы топ мүшелері ішінен қай топ «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алғанын анықтау үшін, әділқазылар алқасына сөз берейік. (топтарды мадақтау)
21 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Менің ана тілім
Менің ана тілім
«Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Рахметова Айсұлу Советовна бастауыш сынып мұғалімі. Ақтау қаласы.№10 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×