Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында

16 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жасыл шырша жанында» атты кештің жүрісі

1. Кешті ашу
2. Әр түрлі сұрақтар арқылы сұхбат алу
3. Құттықтау сөз мектеп директоры: Р. Рысбаева
4. Ата - ана сөзі

1 - жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар!
2 - жүргізуші. Бармысыздар балғын балалар!
1 - жүргізуші. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бұл мерекеміз қуаныш пен күлкіге толы болсын.
2 - жүргізуші. Міне, 2018 жылда аяқталып келеді. Қуанышы мен қызығы мол бұл жылдың еншісіне айтулы оқиғалар болды.
1 - жүргізуші. Сондай оқиғалардың бірі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы т.б.
2 - жүргізуші.(мектептегі жетістіктерді айту)
1 - жүргізуші. Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.
2 - жүргізуші. Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Осы кезде айғайлап - шулатып, желіп ысқыртып залға жезтырнақ келеді.
Жезтырнақ: Е - е - е. Менсіз той жасағалы жатқан не деген батырсыңдар - а. Жо - жо - жоқ.
Жақсылыққа көнбеймін
Жаңа жылың келмеймін.
Мен тұрғанда адамға
Мереке жоқ ғаламда.
Жүргізуші. Мейірімді сиқыршы қайдасың?
Асырмақ жезтырнақ айласын
Құтқар мына балаларды
Аяз ата, қайдасың?
Жезтырнақ: Аяз атаңды алдап
Жаңа жылды жалмап
Жалмап қоям сиқыршыңды
Доғар ондай сөзіңді.

Сиқыршы: Ей, Жезтырнақ, Жезтырнақ қойсақ қайтеді айқайды. Қанша уақыт өтсе де, қаскөйлігіңді қоймадың. Бүгіннен бастап сен мейірімді Жезтырнақ боласың. Балалармен бірге ойнап күлесің. Жаңа жылды бізбен бірге күтесің.(таяғын сермейді)
Жезтырнақ: Мен қайдамын, мен кіммен, мұнда нағып жүрмін?
Балалар: Сен біздің мектептесің, бізбен бірге жаңа жылды қарсы алуға келдің. Жаңа жылды тойлайық.

Жаңа жылды тойлауға тойлауға келген қонақтардың құрметіне 3 - сынып оқушылары Перизат пен Іңкәр Жаңа жыл әнін орындайды.
2 - жүргізуші. Ал, балалар, балалар!
Ескі жылдай аға бар
Оны ортаға алайық
Қош айтысып қалайық.
Ескі жыл. Өткен жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай ойға біз
Шарықтады ойымыз.
Мен сендермен қоштасқалы келдім. Қош сау болыңдар! Жаңа жылды көңілді өткізіңдер!
Жүргізуші. Ескі жылдың құрметіне Амангелді Нұрай мен Индира «Бала тілегі» әнін орындайды. Қабыл алыңыздар.
Клоундар. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сәлеметсіздер ме балалар? Алдымен таныспаймыз ба? Менің атым клоун Сэм, ал менің атым клоун Том.
Клоун Сэм: Ал, балалар, ендеше
Сәнді сарай залында
Жасыл шырша жанында
Кел билейік, ән салып.
«Ертегілер елі» әнін орындайтын 3 - сынып оқушысы Перизат. Қабыл алыңыздар.
Клоун Том. Сэм, сен билеймін деп бәрін ұмытып кеттің ғой. Біздің шырша мерекесінде негізгі кейіпкерлеріміз жетіспейді ғой.
Клоун Сэм. Кімдер жетіспейді деп ойлайсыңдар! (Аяз ата, Ақшақар)

Аяз ата мен Ақшақар келгенше шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындау.
Клоун Том. Олай болса, қатты дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.(2 - 3 қайтара айту)
Аяз ата. Армысыздар, балалар!
Ақшақар. Бармысыздар, балалар!
Аяз ата. Биік - биік таулардан
Ақбас қарлы шыңдардан,
Әзер жеттік балалар
Жаңа жылды тойланар.
Ақшақар. Ал, кәнеки балалар!
Ән мен жырға басайық
Той думанды жалғайық
Жарқыраған шырағы
Шыршамызда нұрланды.
Бақытты жас балалар
Айтады шат жыр әнді
Жаңа жылда сайланып
Шыршамызды айналып
Би билейік, ән салып
Баршамызда жар салып.

1 - жүргізуші. Аяз ата мен ақшақардың құрметіне Ерназардың өнерін тамашалаңыздар.
Ақшақар. Бәрекелді, өнерлі екенсіңдер.
Ақшақар. Том, Сэм біздің балаларға арналған ойынымыз бар. Кәне соны ойнап көрелік. (ойынның шарты түсіндіріледі)
Осы кезде қарақшылар келеді(мылтық)
1 - қарақшы. О, мұнда жаңа жылды қарсы алып жатыр екен ғой.
2 - қарақшы. Шыршаларының әдемісін - ай, неткен ғажап. Керемет безендіріпсіңдер ғой. (мылтықты тарсылдатып қорқытады)
Клоун Сэм. Бұларды кім шақырды
Том, сен шақырдың ба?
Том: Жоқ, мен шақырған жоқпын.
Аяз ата: Менде шақырған жоқпын.
Сэм: Сендер кімсіңдер?
Түрлерің неге жаман.
1 - қарақшы. Біз әлемге әйгілі қарақшылармыз, біз ешкімнен қорықпаймыз. Бізге керегі тек байлық.
Сэм: Сендердей қарақшыларға бізде орын жоқ. Кетіңдер!
Кетпейміз.
Аяз ата. Жарайды, жарайды. Дау-дамайға түсіп ренжіспейік. Бүгін көңілді шырша тойы, балалардың өнерін тамашалайық.
1 - сынып оқушылары өлең жолдарын арнайды.(дорбаны алып кетеді)
Аяз ата. Ойбай, ойбай сыйлық қайда қызым, ұят болды - ау балалардан. Енді қайттік, сонша жерден арқалап келіп едім. Енді қайттім.
Ақшақар. Аяз ата, клоун Том, Сэм сыйлықты қарақшылар ұрлап кетіпті.
Клоун Том. Аяз ата сіздер балалардың өнерін тамашалай тұрыңыздар. Біз қарақшыларды ұстап әкелейік. Балалар сыйлықсыз қалып жүрер. Міне ұстадық қарақшыларды. Өкінішке орай сыйлықты тығып қойыпты.
Қарақшылар. Сыйлықты оңайлықпен қайтармаймыз. Шартымыз бар.
Аяз ата. Ол қандай шарт?
Қарақшы. Шартымыз бізбен бірге күш сынасыңдар.(арқан тартайық)
Біз жеңсек, сыйлық бізде қалады, ал сендер жеңсеңдер біз сыйлықты қайтарамыз.
Аяз ата. Не істейміз балалар? Ойнаймыз ба?
Қарақшылар. Жарайды балалар! Біз сыйлықты қайтарамыз. Жаңа жылды қайтаруға рұқсат беріңізші.
Аяз ата. Балалар жаңа жылды тойласын ба?
Аяз ата. Балалар ұлттық би билейміз дейді. Соны тамашалайық.
Аяз ата. Ал, балалар, өткен жылға өкпеміз жоқ. Ортамызға жаңа жылды шақырайық.
Жаңа жыл. Уа, құрметті де құдіретті оқушылар мен қонақтар! Мен жаңа жылмын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Өтіп бара жатқан жыл өркені өссін. Табысты жыл болсын. Жылдардың арқауы үзілмесін. Жаңа жыл, жаңа бақыт әкелсін.
Жаңа жылдың құрметіне Шұғыла мен Жанбота «Қазақ биін» билейді.
Аяз ата. Ал, балалар, сендермен бірге ойнап күліп, әбден дем алдым. Ақшақар екеумізге бір жерде көп аялдауға болмайды. Ақшақар екеумізді қаумалап жолға шығарып салыңдар.
Келесі жаңа жылға дейін қош сау болыңдар.
1 - жүргізуші. Қандай жақсы біздің Аяз атамыз
Ол келген соң терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
2 - жүргізуші. Кезекпенен келеді жылдар легі
Бұл көпшілік ықыласпен тыңдар мені
Бұл жиынның шырай сіздерге арнап
Естілсін сазды әуеннің әсем лебі.

Кешті бимен қорытындылау

Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Гулаим
5 431
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл көңіл күй ортасын ұйымдастыру, хормен және жеке ән айту шеберліктерін айттыру, би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру, қайырымды іс жасауға
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×