Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихтағы қаһарман тұлға

23 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ОҚО, Мақтарал ауданы
"Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"
тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

"Тарихтағы қаһарман тұлға"

Тарих ғылымының тұңғыш докторы Ермұхан Бекмахановтың 100 жылдық мерей тойына арналған танымдық сағат)

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, тарих ғылымында доктор атағына тұңғыш ие болған азаматымыз, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызмет орындары туралы рухани білім беру. Қазақ тарихының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: Қазақ халқының дарынды тұлғасын тарих ғылымының негізін салушы ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Е. Бекмахановтың өнегелі өмірін насихаттай отырып, өткен тарихымызға зер салған өскелең ұрпақты ерлікке, елдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, суреттер.
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары, зерттеушілік әңгіме.
Барысы: І. Қызығушылығын ояту. "Болжау" стратегиясын қолдана отырып,"Өрмекші торы" ойыны арқылы оқушылардың Е. Бекмаханов өмір жолы туралы білімдерін байқаймын. Оқушылар бір - біріне ғалымның отбасы, балалық шағы, шығармалары туралы бір - біріне сұрақтар қойды. Тренингке қатыса отырып көңіл - күйлері көтеріледі, қызығушылығы артады.
Дәйексөз:
«Жақсының ескерткіші – жақсылығы» - деп ақын айтпақшы, еліне еңбегі сіңген Ермұхан Бекмаханов менің есімде емес, бүкіл халық жадында, әлеумет жүрегінде.
Сәлкен Суханбердин

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ халқының дарынды тұлғасы тарих ғылымының докторы, ұлағатты ұстаз Ермұхан Бекмаханов 2015 жылдың 15 ақпанында 100 жасқа толар еді. Жарық жұлдыздай ағып өткен қасқағым өмірінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсете білді. Тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі, ғылыми зерттеу еңбектері, зиялы қауымның ой пікірлері туралы сіздермен пікір алысып, ой бөлісеміз.
1 - оқушы: Хамза Абдуллин (08. 05. 1966 ж.)

"Ермұхан Бекмахановқа"

Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
Бұл суық хабар сыймайды сайыз санама.
Ересен ойлы еркесі едің еліңнің,
Ұқсайтын ерек үздік бір туған данаға.

Саған да төнді ажал ашқан аранын,
Қазағың – халқың деуші еді сені: «Қарағым!»
Түн келіп құшып, жүрегім ісіп, ауыр ой –
Пәршалап жыртып, ұлғайтты аузын жараның.

Шоқаным едің дәуіріме сәнді түр берген.
Көркі едің күлген елімнің мынау гүлденген.
Теңіздей тасып, қияға асып, тік басып,
Надандық бұлтын серпе бір қуып, нұрға енген.

Қанышым менің, Мұхтарым едің самғаған,
Елінің ескен даңқына даңқын жалғаған.
Өріне өрлеп өркенді мынау өмірдің,
Ойпанда өткен бұтаға көзін салмаған.

Арманда кеттің, зарлауда өтті, асыл ең,
Бәстескен елдің бәрінен де өзің басым ең,
Аспанда көлбеп, асқарға өрлеп, білімнің
Көз жетпес заңғар шыңына шырқап асып ең.

Мәңгіге қош бол, еңірейін енді, бауырым,
Азалы халқың шегуде бастан ауыр күн.
Шерменен жүріп шежіресін шерттің еліңнің,
Шежіреде сол бір мәңгі айқын енді қалуың!
2 - оқушы: Өмірбаяндық деректеме.
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысы, Баянауыл ауданында №10 ауылда Жасыбай деген жерде дүниеге келді. Баянауылдағы 7 жылдық мектепті тәмәмдаған соң, 1932 жылы Семейдегі жоғары оқу орнына даярлайтын бір жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ Оқу – ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып 1937 жылы тарих факультетін бітіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!
Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!
ОҚО, Мақтарал ауданы, "Т. Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұранқызы
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Ел мүддесі- ерге сын
Ел мүддесі- ерге сын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×