Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әсемдік сыры - әдептілікте

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда қаласы
Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі
Теміржол бөлімінің арнаулы пәндер оқытушысы Қаражігітова Э.

Ашық тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: Әсемдік сыры - әдептілікте.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі екенін, әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болатынын оқушыларға түсіндіру.
Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ой - пікірлерін ашық әрі еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбие сағатының түрі: әңгіме - сұхбат, сұрақ - жауап, пікірлесу, ой толғау
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, мультимедиалық жүйе, интерактивті тақта.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) ашық тәрбие сағатының жоспарын жасау
б) сыныпты даярлау, безендіру

2. Тәрбие сағатының мақсаты мен міндетін анықтау.
3. Тәрбие сағатын ашу.
4. Тәрбие сағатын жүргізу
5. Тәрбие сағатын қорытындылау

Ашық сабақ тақырыбы: «ӘСЕМДІК СЫРЫ - ӘДЕПТІЛІКТЕ».

1 - жүргізуші:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз - дей келе Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар АТС - 13о тобының «Әсемдік сыры - әдептілікте» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашан керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің - дей келе сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар!
3 - жүргізуші: Тақырыбымыз әдептілік туралы болғандықтан, біз сіздерден мына сұрақтарға жауап алсақ дейміз:
- Әдептілік дегеніміз не?
- Әдептілік деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
(топ оқушылары өз ойларын ортаға салады.)
1 - жүргізуші: Қала тұрғындарынан біз, қазіргі жастардың әдептілік деңгейі қандай деген сауалнама алған болатынбыз. Ендеше экранға назар аударайық (бейнекөрініс).
2 - жүргізуші: Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болады. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар, қоғамдық институттар отбасы, мектеп, т. б әсер етеді. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде, білесің.
3 - жүргізуші: Әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Орыстың атақты әдебиет сыншысы, әрі эстет В. Г. Белинский: « Сұлулық - шындықпен ж/е моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол, сөз жоқ, әдеп - инабаттық жағынан да құнды болады»- дейді.
Кісінің киген киімі, шаш қойысы, түр - түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Орыстар: «Киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» десе, қазақтар: «Танылған жерде ой сыйлы, танылмаған жерде тон сыйлы» деген ғой. Адам ажарлы, ақылды, қайратты, сымбатты болуы мүмкін, бірақ ол әдепті болмаса, пәс, көргенсіз кісіге саналады.
1 - жүргізуші: Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп - инабат нормасы болып табылады.
Белгілі француз социологі Э. Дюргейм:” Дәстүр - адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады”,- дейді.
Яғни дәстүр адамдарды біріктіреді және сол бірліктің ыдырамауын қамтамасыз етеді.
2 - жүргізуші: Дәстүр, салт - сана, әдет - ғұрып - жалпының ортақ игіліктері. Өз елінің, халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт - сана, әдет - ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ. Тегінде ондай адам бола қалғанның өзінде, оның басқа бір халықтың дәстүрімен санасуына тура келеді. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам оған өзінің әдептілік - инабаттылық нормаларын, дәстүрлік, салт - саналық, тәлім - тәрбиелік қағидаларын, көнеден орныққан жол - жосынды орындауды, сақтауды талап етеді. (экранда слайд )
3 - жүргізуші: Сондықтан да дәстүрге құрметпен қарайтын, оны түсінетін жастар «көргенді» деп бағаланып, көптің алғысына бөленсе, дәстүрмен сыйыспайтын іс істегендер «тексіз», «көргенсіз» деген атқа ие болады.
Қазақ халқы тәрбиеге қатты көңіл бөлген. Мұны: «Бала тәрбиесі бесіктен», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер», «Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без; анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без», « Келінім, саған айтам; қызым сен тыңда», «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал - мәтелдерінен көруге болады.
1 - жүргізуші: Қазақта басқа халықтар сияқты, жүздеген тыю заңдары бар. Мәселен, ішіп отырған құдығыңа түкірме; нанның үстіне зат қойма, нанды теппе, тұзды баспа; үйге жақындағанда жүгірме; жасы үлкеннің алдын кеспе, төрде одан жоғары отырма, сөзін бөлме; бос бесікті тербетпе; үйде отырып ысқырма; бас киіміңді аяқ асты тастама және т. б.
Осы тыю заңдарының өзі жинақталып келіп, ұлттық ерекшелігімізді, мәдениетімізді, имандылығымызды, инабат жоралғыларын сақтауға қызмет етті. Бұлар да ұлттық әдеп көрсеткіштері құрамына кіреді.
2 - жүргізуші: Әдепті бала ата - анасын төрге сүйрейді,
Әдепсіз бала ата - анасын көрге сүйрейді – демекші мына бейнекөрініске назар аударайық!
3 - жүргізуші: Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиет етіп қалдырған «Мың бір хадисі» ислам дінін танытуға қоса, жақсылық - жамандық, адалдық - арамдық, ар - иман, обал - сауап, т. б. әдеп нормалары жайындағы ұлы өнеге – нұсқау болып табылады. «Хадистерде»: «... Әдетте ынсап, рақым әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді... Әдеп - діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар,» - делінуі тегін емес.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Келесі сөз топ оқушылары Ізімбай Асқар мен Атаханов Жанарысқа беріледі. Оларға өздерінің әдептілік жайлы шығарған өлеңдерін оқуға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Қоғамдағы ең жақсы адам – әдепті адам.
Егер қоғамда әдепсіздік етек алса, жақсылық атаулының сағы сынып, жанарымен жер шұқып қалады, құндылықтар орын ауыстырады.
3 - жүргізуші: Әдепсіз, дұрыс жолдан тайған адамда жақсылыққа ұмтылдыратын рухани тетік жойылып, жаманшылықтың ми батпағына бата беру ғана қалады. Ал, әдеп тәрбиесі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбандық нұрын шашады.
1 - жүргізуші: Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болады.
Әрбір жеткіншек ұрпақ туған халқының әдеп - инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс. Сонда ғана біз елімізді алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарынан көре аламыз. Болашақ біздің қолымызда!!!
(Хор. Теңізбай Темірлан және топ оқушылары ән орындайды)
7 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді
Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді
Жан - жылуы тренингі. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім май шамды жағып, қасында тұрған оқушыға өз тілегін айтып, ол оқушы әрі қарай жалғастырады. Осылайша оқушылар қасындағы оқушының атын айтып тілектерін айтады.
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×