Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау обылысы,
Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылы
Ганюшкин мектебинде география пәні мұғалімі
Рахимова Бекзада

Тәрбие сағаты 5 сынып
Тақырыбы: Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға денсаулықты күтуге, жеке бас тазалығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруды меңгерту.
Көрнекіліктер: презентация, нақыл сөздер.
I. Ұйымдастыру.
1. Сыныпты топқа бөлу
2. Жан - жылуы тренингі. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім май шамды жағып, қасында тұрған оқушыға өз тілегін айтып, ол оқушы әрі қарай жалғастырады. Осылайша оқушылар қасындағы оқушының атын айтып тілектерін айтады. Соңына дейін осылай жалғасады. Ең соңғы оқушы апайына тілегін айтады. Бәрі орындарына жайғасады.
Мұғалім: Балалар айтыңдаршы бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы қандай болмақ?
(Оқушылар ойларын айтады. Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын айтады).
1. Топтастыру: Олай болса балалар дегеніміз не? Денсаулық сөзін жазайықшы. Оны сақтау үшін не істеуіміз керек?
Балалар денсаулыққа анықтама береді.(Топтастырады)
2. Таныстыру кабинеті: Суретпен жұмыс. Әңгімелеу.
1 - топ. Оттегін бөлуші
2 - топ. Адамға күш - қуат беруші
3 - топ. Спорт
Әр топ өзіне берілген тапсырманы тобымен талқылайды. Топпен талқылап болған соң әр топтан екі оқушы шығып ойларын айтады.
3. Жат дағдылардан сақ бол.
1 - топ. Темекінің зияны
2 - топ. Арақтың зияны
3 - топ. Есірткінің зияны
Әр топ өзіне берілген тапсырманы постерге түсіреді. Постердегі тапсырмалар әр екі минут сайын келесі топқа ауысады. 3 топта 3 түрлі тапсырмаға өз ойын қосады.
4. Сұрақтарға жауап.
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері топпен ақылдасып жауап береді.
1 - топ.
1. Темекі шегу денсаулыққа пайдалы ма?
2. Жасөспірімдер темекі тартуға не үшін қызығады, олар кімге еліктейді?
3. Ата - анаң темекі тартуға жол бере ме?
2 - топ.
1. Жеке бастың гигиенасын сақтаудың қажеттілігі неде?
2. Тісіңді күніне неше рет жуасың?
3. Өз мінез құлқынның жағымды жағын айтып шық?
3 - топ.
1. Топтық серуен сені қызықтыра ма?
2. Спортпен айналысу үшін уақыт бөлесің бе?
3. Жұқпалы аурулар қандай жерде тарқайды?

5. Тілек ағашы. Рефлексия
Балалар бүгінгі тәрбие ағатымызды қорытындылайық. Сендердің алдарыңа стикерлер тараттым, сол стикерлерге бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді, тілектеріңді жазып тілек ағашына орналастырыңыздар.
2 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы туралы түсініктерін бекіту, отбасында үйлесімді қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, туған - туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Салауаттылық – менің қалауым
Салауаттылық – менің қалауым
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңаталап бастауыш мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұхаметжанов Еркін Сайлауұлы
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×