Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемдегі ең үлкен сабақ

04 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
“Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласының білім бөлімі” ММ
“№19 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ
Берикболова А.Д.

Сынып сағатының тақырыбы: Әлемдегі ең үлкен сабақ
Мақсаты: оқушылармен әрбір азамат үшін тұрақты болашақты қалыптастырудағы әлемдік қауымдастық күштері туралы мәселелерді талқылау.
Міндеті:
▪ экологиялық сауатты жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
▪ теориялық білімдерін практикада қолдануға атсалысу;
▪ өз аймағының экологиялық мәселелерін және қоршаған орта жағдайын жауапкершілігіне алу.
Қолданылатын материалдар: бейне ролик, презентация, суреттер, А - 3 форматындағы қағаз, маркерлер, стикерлер.

Жоспар:
1. Кіріпе сөз
2. Бейне ролик көрсету
3. Топпен жұмыс
4. Қорытынды бейне ролик
5. Өзіңнен баста!
6. Тілек шеңбері
7. Рефлексия

1. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әлемдегі ең үлкен сабақ». Бұл сабақта әлемде болып жатқан жаһандық мәселелерге тоқталамыз. 2015 жылдың 25 қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ штабында тұрақты даму мәселесі бойынша Самит өтті. Бұл самитте халықаралық бірлестігінің 15 жылға жоспарланған қаулысы бекітілді. Басты мақсаты кедейшілік, теңсіздікті жою және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауды күшейту. Күн тәртібінде тұрақты дамуды жүзеге асыру үшін 17 мақсат пен 169 міндет анықталды.
2. Бейне ролик көрсету.
3. Топпен жұмыс.

Бүгінгі сабақта біз қоршаған ортаның бұзылу себептері туралы әңгіме қозғаймыз. Осы мәселелерді терең қамту мақсатында төрт топ құрып отырмыз: адам, жер шары, әділеттілік, лайықты өмір.
Өз ойымызды шығармашылық жұмыс түрінде ұсынып, оның шешу жолдарын А - 3 форматындағы қағаз бетіне суреттер арқылы бейнелеп қорғаймыз.
Неліктен бұл зерттеуді шешуді қажет ететін күрделі жаһандық мәселе дейміз?
Глобальный яғни жаһандық бұл латын тілінен аударғанда globus – шар, globus terra – жер шары. Бұл мәселелер бүкіл адамзатты толғандырады.
«Жаһандық мәселелерге» келесі сипаттаулар тән:
• Ол бір ғана не бірнеше елді ғана емес, бүкіл адамзатты толғандырады.
• Ол бүкіл адамзаттың өміріне ғана емес, бүкіл жер шарына қауіп төндіреді.
• Бұл мәселелерді шешілуі үшін бүкіл әлем бірлестігінің жұмылуымен ғана мүмкін болады.
Сендерде белгілі жаһандық мәселелерді атаңдар:
Барлық жаһандық мәселелерді шартты түрде төрт топқа бөлуге болады.
Әлеуметтік - саяси
Әлеуметтік - экономикалық
Әлеуметтік - экологиялық
Адамзаттық мәселелер
Негізгі жаһандық мәселелердің сипаттамасы және оны шешу жолдары (оқушыларға алдын ала тақырыпқа байланысты ақпараттық материалдар жинауға тапсырма берілді)
Әлеуметтік саяси мәселелер бейбітшілік орнату мен халықаралық қауіпсіздікпен байланысты.

Шешу жолдары:
Жергілікті соғыс пен этноаралық жанжалды тоқтату.
Халықтар және мемлекеттер арасындағы зорлық - зомбылықты жою.
Халықаралық терроризммен күресу.
Стратегиялық қаруландыруға шек қоюға келісім қабылдау.
Мемлекеттер арасында сенімділік, серіктестік, достық қарым - қатынас орнату.
Қаруландыру бойынша жарысты тоқтатып, қарусыздандыру мен конверсия өткізу қажет. Конверсия - қару шығару кешеніндегі артылған ресурстарды адамзаматтың қажеттілігіне керекті өнімдерді шығаруға жұмсау.
Әлеуметтік - экономикалық мәселелер мемлекеттердің экономикалық жағынан артта қалуынан көрінеді. Бұл мемлекеттерді кейбір санаулар бойынша жер шарының жарты халқы мекендейді. Артта қалушылық себептері: климаттың қолайсыздығы, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың тиімсіздігі, өндірістің әлсіздігі.

Шешу жолдары:
Аграрлық және сауда реформаларын жүргізу;
Экономиканы индустрияландыру;
Капитал жинақтау;
Тиімді басқару.
Демографиялық мәселе. ХХ ғасырдың екінші жартысында жер шары халқының саны ұлғая түстиі. Бірақ дамыған мемлекеттерде туу демографиясы және қартаю жасы төмендеді. Соған байланысты еңбекке қабілетсіз тұрғындар көбейді.

Шешу жолдары:
Дамуы төмен мемлекеттерде туу демографиясын шектеу, сонымен қатар мемлекеттік шара қолданылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Дамыған мемлекеттерде туу демографиясын көбейту;
Сауда мәселелері азық - түлік мәселелері жетіспеушілігімен толық қанды тамақпен қамтамасыз етпеу.

Шешу жолдары:
Теңіз өнімдерін қолданысқа енгізу;
Дүние жүзі бірлестігінің көмегі;
Өнімдерді халықтың өсуіне байланысты сәйкес өндіру.
Табиғи ресурстар мәселесі. Көптеген табиғи ресурстар қалпына келмейді.

Шешу жолдары:
Экономикалық даму модельін өзгерту: ресурстардың көлемін өсіруден оларды өндіруді және пайдалануды рационализациялау;
Дәстүрлі емес энергия көзін дамыту;
Ресурстарды тұрақты және үнемді пайдалануға ынталандыру.
Әлеуметтік - экологиялық мәселелер - қоғам мен қоршаған ортаның өзара байланысы. Оған ауаның, судың ластануы, өндіріс қалдықтарының көбеюі, климаттың жаһандық өзгеруі, жер құнарлығының төмендеуі және т. б.

Шешу жолдары:
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық бағдарламаларын сақтау;
Өндіріс қалдықтарын утилизациялау мәселелерін шешу;
Қоғамның экологиялық көзқарастарын қалыптастыру.
Адамның жаһандық мәселесі. Пандемиялық сырқат, созылмалы әлсіздік синдромы, түрі әуестіктің өсуі.

Шешу жолдары: салауатты өмір салтын сақтау және оны насихаттау.
Жаһандық жылынудан адамдар жиірек ауырады.
Ғалымдар климаттың өзгеруі миллиондаған адамдардың денсаулығына зиян келтіреді деп ескертеді. Дәрігерге келген әрбір науқастың денсаулығының ауа райының бұзылуы және қоршаған ортаның әсеріне байланысты. Бұл қорытынды бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының метеорологы Мадриттік Мария Ниеро шығарған. Көктегі концелярия төмендегідей аурулар туғызады
- диарея
- астма
- бронхит
- малярия
- жол апаттары
- ишемия - жүрек ауруы
Жаһандық жылынудан көбінесе Африка және Азия тұрғындары жапа шегеді. Бірақ Европа мен Россия елінің қалалары жаздың кезінде күннің қатты ысуымен байланысты. Күнің қатты ысуынан ауаның ластануы күшееді. Оған жеңіл көліктерден шығарылатын газ, заводтардан шығарылатын түтіндер, жолдардан және құрылыс орындарынан шығатын шаң, шылым түтіні және т. б. Осы ластанудан жүрек қан тамырларының, респераторлық, онкологиялық, жүйке жүйе генетикалық аурулар туындауы немесе асқынуы мүмкін.

4. Қорытынды бейнеролик

5. Өзіңнен баста! (оқушылар көрген бейне роликтарынан өз ой қорытындыларын айтады)

6. «Тілек шеңбері» (соңынан оқушылар орнынан тұрып, шеңбер жасап гобусты бүгінгі тақырыпқа байланысты жақсы тілектерімен бір - біріне ұсынады).

7. Рефлексия
Сонымен, қорытындылай келе бүгінгі сынып сағатынан алған әсерлеріңді алдарыңдағы стикерлерді
Айталық,
▪ «Жер шары» тобында үш түрлі бейнесі бар стикер тұр. Егер сынып сағаты қызықты деп санасаң онда жайқалған ағашты жапсырасың, егер орта деңгейде өтті деп есептесең онда бүршік атқан ағашты таңдайсың, ал егер сабақта өзіңе қажет ақпарат алмасаң қураған ағашты жапсырасың.
▪ «Адам» тобында үш түрлі бейнесі бар стикер тұр. Егер сынып сағаты қызықты деп санасаң онда күліп тұрған смайликті, егер орта деңгейде өтті деп есептесең онда салмақты смайликті таңдайсың, ал егер сабакта өзіңе қажет ақпарат алмасаң көңілсіз смайликті жапсырасың.
▪ «Лайықты өмір» тобында үш түрлі бейнесі бар стикер тұр. Егер сынып сағаты қызықты деп санасаң онда әдемі үйді, егер орта деңгейде өтті деп есептесең онда орташа деңгейлі үйді таңдайсың, ал егер сабақта өзіңе қажет ақпарат алмасаң ескі үйді жапсырасың.
▪ «Әділет» тобында үш түрлі бейнесі бар стикер тұр. Егер сынып сағаты қызықты деп санасаң онда әділдік басым болып тұрған таразыны таңдайсыңдар, егер орта деңгейде өтті деп есептесең онда тең тұрған таразыны таңдайсың, ал егер сабақта өзіңе қажет ақпарат алмасаң әділетсіздік басым болып тұрған таразыны жапсырасың.

Сабақты қорытындылай келе айтарым: бізде бір ғана жер шары бар, барлығымыз бір жер шарында өмір сүреміз, өзімізге жақсы болу үшін бар нәрсемізді тиімді қолданып, бір – бірімізге қамқор болып, барымызды бөлісіп, әділ болсақ бізде ойлағанымыздың бәрі болады.
Сынып сағаты аяқталды. Сау болыңыздар!
2 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Топ мүшелерінің сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.
Мен және табиғат
Мен және табиғат
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, Ы.Кабеков атындағы орта мектеп мұғалімі Серикказина Райхан Тұрысбекқызы
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×