Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Имандылық – ізгілік негізі

15 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебі
Хилауова Армангул Амангелдіқызы

Ашық тәрбие шарасы «Имандылық – ізгілік негізі» 9 сынып
М а қ с а т ы:
Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, сыр - сұхбат,
Көрнекіліктер: Абайдың нақыл сөздері; Имандылық туралы нақыл сөздер, презентация, суреттер, буклет, шар.

Имандылық туралы
Жиғаныңа сенбе - иманыңа сен.
Иманды адам - арлы адам,
Имансыз адам - сорлы адам.
Үстіңнің кірін - сабын кетіреді,
Жаныңның кірін - иман кетіреді.
«Имандылық қастерлі қасиет»
«Имандылық - инабаттылық айнасы»
«Имандылық – ізгілік негізі»
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім.
ІV. Қорытынды.

Эпиграф:
" Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз " Абай

Ауызша журнал
Кіріспе бөлім
Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі.
Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Имандылық – ізгілік негізі» деп аталады. Бүгінгі сынып сағатымызға аудандық мешіттің бас имамы - Нұрлан мырза келіп отыр. Қонағымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.

Тренинг: «Жүректен шыққан жылы сөз» оқушылар бір - біріне өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін айтады.
Түс таңдау: «Қызыл» «Жасыл»
Стол үстінде қызыл, жасыл түсті қағаз жатыр, сол түстерді таңдап екі топқа бөлінеміз.
«Топтастыру» стратегиясы
І топ: «Қызыл»
І топ: «Имандылық»
ІІ топ: «Жасыл»
ІІ топ: «Достық
Ақ қағаз бетіне адамның бойында кездесетін жақсы және жаман жақтарды жазу.
Ән «Дүние керуен» орындайтын Сапашов Диас.
Журналдың екінші беті: «Имандылық - жүрекке ұяласа»
Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі. Журналымыздың екінші беті «Имандылық - жүрекке ұяласа» деп аталады. Бүгінгі тақырыпқа сай өз оқушыларымыз діни бағытта қандай ұғымдарды біледі екен, оқушыларға сөз кезегін берейік.
Имандылық Мешіт
Дін, Құран
Ислам діні, Иман
Мұхаммед Пайғамбар, Құрбан айт
Мұсылман, Хадис
Бес парыз, Ғибадат
Намаз, Әулие
Ораза, Адам ата
Зекет, Хауа ана
Қажылық

1 оқушы: Бекзат Қ.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі - бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір - қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез - құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым - қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ. с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім - тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі - өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама - қарсы жағымсыз сипат – имансыздық
2 оқушы: Сұлтанбек.
Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.
1. Аланың жазуына шүкіршілік;
2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;
3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;
4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№122 жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Эсентемирова Жанна Литанатовна
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Т. Амандосов атындағы орта мектеп. Ұйымдастырған: Кайрова А
Адамгершілік құндылықтар
Адамгершілік құндылықтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Жанкелдин атындағы орта мектебі Бақыт Жантілеуова Ізімқызы
Халқымыз қандай тәлімгер
Халқымыз қандай тәлімгер
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×