Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоңыр күз

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қарағанды қаласының
№79 жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы

Сабақтың тақырыбы: Қоңыр күз
Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
Күз байлықтарын – астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру.
Күз мезгілінің тіршілікке тиер пайдасын, өлең жолдар мен қойылымдар арқылы дамыту.
Еңбекті, табиғат сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! «Мерекелі, берекелі, қоңыр күз» атты мерекелі іс-шараға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Береке, бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Сары алтынға малынған
Жетті міне, қоңыр күз! – демекші, міне бізге күз мезгілі де жетті.

1-жүргізуші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
2-жүргізуші:Армысың сары алтындай «Қоңыр күзім»,
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
«Қоңыр күз» деп өзіңе айдар тағып.

1- жүргізуші: Жомарт көңіл, жарқын күз
Берекесі халқымның
Қош келіпсің алтын күз
Құт қонағы төрімнің!
Күз келеді.

Күз: Толқынай
Сәлем өрен достарым!
Өмірге көп қосқаным,
Қымбатты сый алыңдар!
Қызығына қаныңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты

2-жүргізуші: Жоғары шық, кел, төрлет
Абыройсың, бағаң бұл,
Көңілдерді ән тербеп,
Арналады саған жыр!
Ән: «Жылайды жапырақ»

1-бала Шерхан
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің елжіреп

2-бала: Динара
Алтын сары қызыл - көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

3- бала: Аңсаған
Мерейлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз

Көрініс: Тауық пен тышқан
Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты. Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды. Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді. Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.
Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді. Илеген қамырдан енді бауырсақ пісір дейді тышқанға. Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы, - дейді
Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді. Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп «бауырсақты кім жейді» дейді.
- Мен, мен,- деп тышқан жүгіріп келеді.
Сонда тауық: Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруге де ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып шығады.
Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.
Тауық: Мына бидайды үгітіп берші?
Тышқан: Мен үгіте алмаймын.
Тауық: Мына иленген наннан бауырсақ пісір.
Тышқан: Өзің пісіре салсайшы.
Тауық: Бауырсақты кім жейді.
Тышқан: Мен, мен.
Тауық: Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруге де ешқандай үлес қосқан жоқсың. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
Ән: Күзгі елес
Жылаған дауыс естіледі:
Балалар жылап отырған күнбағысты тауып алады.
Күз: Балалар қараңдаршы мынау күнбағыс емес пе, саған не болды неге
жылайсың?
Күнбағыс: Сәлеметсіңдер ме балалар қорқып бақшадағы барлық егіндерді жинап алды да мен қалып қойдым, мен қорқамын,ешкімге керегім жоқ.
Күз: Балалар қараңдаршы күнбағыс әбден қорқып қалыпты кәне
мерекемізге шақырып көңілін көтерейік келісесіңдер ме?
Балалар: Ия
Күнбағыс: Сендер мені шын кіргізесіңдер ме, рахмет балалар мен қуанып
тұрмын.Күз қолынан ұстап залға кіргізеді.Енді біздің балалар қандай
ән біледі тыңдайық.
Ән:
4- бала: Алихан
Жемісті мол теретін
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен «күз» деген.
5- бала: Дәурен
Бұлт ағады аулаққа
Күз келіпті бау – баққа
Жаздай піскен жаңғақта
Шашылады жан - жаққа

Ойын: «Күнбағыс»
Ережесі: Ортаға 5- күнбағыстың бас киімі қойылады, музыка әуенімен 6- бала ортаға шығады музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеруі керек, үлгермеген бала ойыннан шығады
Күнбағыс жеңген балаға енді мен жалғыз емеспін менің досым бар деп қуанады.
Ортаға ұшып қарға кіреді.
Қарға: Кар – кар – кар – кар ! мен күнбағысты іздеп жүрсем бұл мұнда неге жүр, Бұл менің күнбағысым.
Күнбағыс: Мені балалар мерекелеріне шақырды қызық болып жатыр.
Қарға: Қайдағы бұл қандай мереке?
Балалар: күз мерекесі.
Қарға: Тауыпсың мерекені сен менің күнбағысымсың алып кетем жүр.
Күнбағыс: Ол мені қазір шағып тастайды мен барғым келмейді деп балалардың артына тығылады
Күз: Қарға сен асықпа, біздің балалар қалай билейді көрші.
Би:
Қарға: Ой- ой – ой. Кар – кар – кар, басым айланып кетті ғой мына балалар қалай билейді, қой өзімнің орманыма барайын. (шығып кетеді)
Күнбағыс: рахмет балалар мен сендерге де сыйлық бергім келеді
Күз: Сау бол күнбағыс, сен жалғызсырамай бізге қонаққа келіп тұр
ӘН:
Күз: Рахмет, балалар өнеріңе
Уақыт өтпес бірліксіз,
Бақыт келмес тірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер,
Қыстан аман өтіңдер
Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Көрініс: Күз туралы ертегі
Алмұрт: Әке шыршаны неге сырт жаққа отырғыздыңыз. Бақтағы жеміс ағаштарының жанына отырғызбадыңыз ба?
Әке: Шырша мәңгі жасыл ағаш. Ол 300 жыл бойы осы жасыл қалпында тұрады. Ол сенің жеміс ағаштарыңмен бау-бақшаңды жел мен аяздың ызғарынан қорғайды. Оларды қарауылдайды
Шырша: Сендер неге сап-сары алтындай болып кеткенсіңдер?
Алмұрт: Мен жаз бойы жайқалып өстім. Құлпырып гүлдедім. Жемісімді бердім. Күз келіп күн суыта бастасымен қатты ұйқы қысады. Енді ұйықтауға дайындаламын.
Алма: Күн суытса болды топырақ құрғап кетеді. Бұрыңғыдай тамырымыздан бұтақтарымызға су емін еркін жетпейді. Сондай уақытта мені де ұйқы қысады.
Шырша: Егер сендердің тамырларыңа су жеткілікті келіп тұрса, ұйықтамайсыңдар ма? Ұйықтамаңдаршы.
Алма мен алмұрт: Қыстыгүні ондай суды табу қиын. Бізге күніне 40 л су керек
Шырша: Көп екен.
Жел: УФ, УФ, УФ
Шырша: Ұйықтасаңдар неге көйлектеріңді шешесіңдер? Тоңбайсыңдар ма?
Алмұрт: Біздің дініміз суыққа төзімді
Шырша: Мен өмірі ұйықтап көрген емеспін?
Алмұрт: Иә біз ұйықтағанда cені күзетсін деп бағбан әкелген. Ол сенің ұйықтамайтыныңды білген ғой
Шырша: Алақай қар жауып жатыр. Ұйықтасаңдар,ұйықтаңдар. Мен сендерді тынбай күзетемін.
Қар. Шырша мен саған көмектесемін. Жалғызсырама.
2-жүргізуші:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Құтты болсын мереке!
1-жүргізуші:
Жел түлегім,
Солды гүл тегіс.
Көш тартып тізіліп
Қоштасты бізбен күз! дей келе құрметті қонақтар бүгінгі «Қоңыр күз» кешін жабық деп жариялаймыз
11 824
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Қоңыр күз
Қоңыр күз
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Қош келдін алтын күз
Қош келдін алтын күз
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күзім арайлы!
Алтын күзім арайлы!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Сарыбаева Сағыныш Шегебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×