Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Поэзия әлемінде. Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі

04 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№6 негізгі мектеп
Бахытжанова Д. У.

«Поэзия әлемінде»
Тақырыбы: «Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі»
Мақсаты: Фариза Оңғарсынованың өмірімен таныстыру, өлеңдеріне шолу жасау, мағынасын ашу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңге деген құштарлығын ояту, туған жер, туған елді сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, газет, қанатты сөздер, слайд.
Барысы.
І. Ұйымдастыру.
Ән. Тоғжан.
Кіріспе.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі күні сыныбымызда Батыс Қазақстан облысының тумасы, Атырау өңірінің киелі топырағында дүниеге келіп, Ақжайық пен Каспийдің асау толқынынан нәр алып, бірін - бірі қуған толқын иірімдері секілді әр жырлары, оқырман қауымының ақ еділ көңілінің биігінен орын алған, қазақтың бір тума ақынының бірі, Халық жазушысы, кеше ғана өмірден озған Фариза Оңғарсынова апамызды еске алу кешімізге қош келдіңіздер. Марқұм ақын Ф. Оңғарсынованы бір минут үнсіздікпен еске алу.
Қазақ халқы сөз өнерін көркем өнердің өзге түрлерінен жоғары бағалап, даңқты жырау, талантты ақындарын, жез таңдай шешендерін марапат тұғырына қондырып, сырлы сөзбен соғылған сұлу сөз сарайларын ұрпағына аманаттап отырған. Сөз қадірін, өз қадірінен артық көрген халқымыздың дүлдүл ақындары да өлеңмен өрілген рух мұрасының алтын қақпасы сынды. Осындай қазақтың бір туар ақынының бірі Ф. Оңғарсынова апамыз 75 жасында өмірден озды. Фариза өлеңдері оқырмандарының жан азығына айналған қымбат дүние. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік - азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты адамгершілікке, ар - намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер мен адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.
І - бөлім. «Ақын өмірінен үздік сыр»
Ұлжан. Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген.

Әкем біреу, анамда біреу менің.
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда - мереке көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Әке - білек, саусағы - балалары,
қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
тіршіліктің жылуы таралады.

Фариза Оңғарсынованың балалық шағы Нарын құмының арасында қарапайым жанұяда өтеді. Ол балалық шағына былай деп оралады: « мен ылғи ер балалармен бірге өстім, қырда да, қыста да мен қатарлы қыз бала болып көрген емес. Жасырынбақ, доп ойнау, асық ойындары мені ер балалардан жеңілмеуге үйретті.
Мен әзірше жас баламын,
алдымда әлі бақ - талабым.
Аталарға тартып туған ұланмын деп мақтанамын.
Ер аялар сұңқар ұлын - батырлардың ұрпағымын.

Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Бұл өлеңдер өз әкесімен бірге барлық әкелерге арналған.
Әкем - менің тәңірім, пайғамбарым, ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ. біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?
Күшті де жоқ дәл сондай жер бетінде, сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде.
Батыр, дана сол ғана Асығамын, әкеме ұқсап тезірек ержетуге,
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым, бәрі орнында: шаруаң, қора, малың,
Төрт жағымыз құбыла, Мен өскенде қиындау - ау әкемдей бола аларым.

Бесікте жатып, уілдеп сол бір, сұрапыл соғыс күндерде,
Қан кешіп біздің әкелер сонау, Батыста жырақ жүргенде.
«Жан - папа» деген бір ауыз сөзді айта алмай қалғандар көп қой, бір мен бе.
Жиырмада қыздар жайқалған гүлдей көз тартып бейне жанасың,
Сол жиырма жаста құшақтап мені қалыпты үйде анашым.

Тұңғышым деген мына мен шіркін, кенжесі де болып қалыппын,
жаза алмай жүрек жарасын үмітпен әркез алаңдаушы едім,
келер деп менің папам да, балалық жүрек сезбеді оның кеткенін мәңгі сапарға.
Өсірді мені сол ана гүлдей мәпелеп,
ер жеттім тұрдым қатарда.
Бақытты мынау сәбилер бүгін жетелеп жүрсе әкесін,
қызыға қарап, күрсіне қарап. жанынан үнсіз өтесің.

Фариза әкесінен жастай жетім қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Еркелесем күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін. «Маңдайымнан иіскеп менің құлыншағым, күнім!»- дейтін әлемдегі ақылды адам. бәрінен сол жақын маған! Ол жанымда жүрсе мен де, батырларша, батылданам, Жамандықтан сақтандырып, жақсы ісімді мақтан қылып, ақ мамамды мен әрқашан, жүрсем деймін шаттандырып.
Жылылықтан жаралған, құшағы оның таң мекен,
Менің айдай анамнан Асқан сұлу бар ма екен?!
Мейірім - нұр төгілген күн көзіндей жанары,
ойымды оқып өңімнен, дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда анамнан сүйікті адам бар ма екен.
Жүргенде жанымды арбап жыр бұлағым,
өтіпті зымыраумен сұңғыла күн.
Бүгінде армандаймын бір көруді
Анамның сыр шертіскен құрбыларын.

Ұқсайды өмір кейде түстенгенде,
Адамға оны бүгер күш берген бе?
Бір сәлем берсем - ау деп асығамын
Анамның қолынан шай ішкендерге.

Баяғы келіншектер жүзі еліктей
Жүр ме екен әлі күнге тізе бүкпей?
Көздері сиреді ме олардың да
Анамнан қалған күміс білезіктей.
өсіріп ұл мен қыздың тау ғып бәрін,
бұл күнде жүрсіңдер ме саулықта мұң?
Қорқамын көзден ұшып барады - ау деп
Сендердің қардай аппақ жаулықтарың.

Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің құлыншағым, күнім!»- дейтін әлемдегі ақылды адам. бәрінен сол жақын маған! Ол жанымда жүрсе мен де, батырларша, батылданам,
Фариза Оңғарсынова ақындығымен қатар, жазушы, аудармашы және депутат болған. Депутат болған жылдарында ана мен бала проблемасын көтеріп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді ұсынған.
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ержеттім. Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын аяулы сенсің анашым!
Әмина.. Ф. Оңғарсынова Атырау педагогикалық институтын бітірген. 1961 - 1978 жылдары орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, «Жас алаш» газетінде тілші, «Ұлан», « Айгөлек» журналдарының бас редакторы болып қызмет атқарған.
Жазу білген балаға қарайтынмын қызығып «Хат жазшы, - деп ағама» баратынмын жүгіріп. Жақсы оқуды үлгі еткен, бала бол деп тіл алғыш, бәрін маған үйреткен ұстазыма мың алғыс.
Оның аудармасына тоқталсақ: орыс тілінен «француз тілінің сабақтары», «Хайуанаттар жайлы әңгімелер» атты аудармалары бар. Сонымен бірге «сөз сырына үңілсек» атты шағын сөз топтамаларын жазған.
Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер басса да жүр тарылмай,
Шідерлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.
Естімейді қалғыған шаққа жаным
Ұмтылыста, жүйткуде бақ, талабым.
Талма шақта талықсып кетсем жырым,
Сен қақырат мәңгілік қақпаларын.
Жол – дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма жыр, жылдарға тамырың жай.
Дәуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата - мұра қобыздың сарынындай.
ІІ - бөлім. «Туған жер, туған ауыл - қымбат маған!»
Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге, туған елге деген махаббат әркімнің жүрегінен орын алған. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза апамыз да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.
Ауыл десе, жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат.
Мені мәңгі тарататын сағындырып - деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.
Туған жер, туған ауыл қымбат маған.
Ешкімге бұл сезімді былғатпағам,
Мен оның өзім ғана сезінетін,
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Ол жерге деген менде сезім бөлек.
Жатпасын келгеніме өзімді елеп.
Ал оның қасиетін сезу үшін,
Тек менің жүрегім мен көзім керек.

О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең.
Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай,
балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның топырағың,
сендік махаббатымның оты жалын
сені қалай сүюдің керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде таста қастерлі, аспада алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар - ау,
Менің мынау өмірге құштарлығым, сені жақсы көруден басталған - ау.
Кешірме сен, жат қылықпен жаныңды жараласам, бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отансыздай үмітіңді ақтауға жарамасам.

Табиғатты жырлау. Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Сұлулар барған сайға бұғып
Қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз жомартсың - ау базарлыққа бересің жан біткенге жайдарылық.
Көп сағынған көктем келді
Нұр орады көк пен жерді бала сағым жүгіреді гүлмен ойнап бөктердегі.
Гүл жамылған өлкедегі бұталарда ән төгеді,
Қырлардағы қызғалдақтай көктем неткен көркем еді.

Біздің шалқар бай даланы, тау, орманды, сай, жағаны,
мені сүйген анашымдай күн шуағы аймалады.
Міне осылай баршалары, көктемені қарсы алады.
Дала жайнап, гүл атады, құстар сайрап, ән салады.

ІІІ - бөлім. «Өлең мен сені аялап өтем!»
Өлең өмір, өлең жан, өлең сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Фариза апамыздың мұңайған, қиналған, қуанған, кездердегі сырласы да, мұңдасы да, досы да поэзия болғаны анық. Дала күндерімнің, нала түндерімнің серігі болғаның үшін, сенімі болғаның үшін, мен сені аялаймын. Көңілді жайлы күнімді.
Азапты қайғы, мұңымды,
өзіңмен бөліскенің үшін,
қапам мен жеңістерім үшін.
Менің мынау қиындау тағдырым болып, о баста көріскенің үшін,
Өлең мен сені аялап өтем!.
Тағыда көктем келді бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап
Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!
Көн көңілдерде теңіз боп көлкіп кетіпті - ау
Ару қыз аңсап, жыр аңсап! Бұ не деген құдірет!
Дүниені түгел құштарлық қаптап кеткен бе,
адамның бәрі мас болып жүр ғой от - демге,
байырғы күңгірт күндерде қайтып келместей, жабырқап жүрген жоқ пенде.
Ұмытып жатыр жұмыр жер,
Көктем мезгілдің қалдырған қаза - қайғысын, жас көңілменен тыңдайды дүние май құсын. Әжімдер басып, мазасыз жатқан Жер - Ана, көктемде неткен жайлысың.
Қыз көктем келіп, қызғалдақ қалап жүр белде, қатігездерде көз салады екен гүлдерге,
Табиғат шіркін адамды бір сәт сергітіп алады екен - ау,
Тірліктен қажып, қалжырап жүрген күндерде.
Қонақтарға сөз беріледі.
Ф. Оңғарсынованың - өнегелі өмірі, айтқан өсиеттері арқылы жас ұрпақ елін сүюге, үлгілі азамат болуға ұмтылады деген үмітпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
12 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Фариза - поэзия гауһартасы
Фариза - поэзия гауһартасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Ақын көп, Фариза жалғыз
Ақын көп, Фариза жалғыз
Зеленов ауданы, Щапов ОЖББМ Тлеккабулова Бағдат
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×