Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

25 қараша 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шарапат Сейдахметова

«Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» атты интеллектуалды ойынның сценарийі
Жүргізуші-Сәуле:
Армысыздар, егемендік елдігі бар, тәуелсіздік теңдігі бар азат елдің жалындаған жастары!
Бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты жастарымыздың бойындағы рухани құндылықтарын арттырып, бойға азық болатын білім нәрімен сусындату, мемлекеттік тілдің мәртебесін орнықтыруға үлес қосу. Сонымен қатар, Отанымыздың қадір-қасиетін, Тәуелсіз Қазақстанымыздың 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерінің жарқын келбеті мен білімді жастарымыздың ой ұшқырлығына сайыс өткізбекпіз.

Сайыскерлермен таныссақ
1. Диханбай Азамат
2. Мүсілімов Нұрбол
3. Өтеген Назігүл
4. Мұғинадин Назерке
5. Боранбаева Ақмарал
6. Мұрат Жұмабек

Жүргізуші - Сәуле:
Әр сайыстың өзінің қатысушыларымен қатар, әділ бағасын беретін қазылар алқасы болары баршаға аян. Олай болса, бүгінгі сайысқа төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қуанбаева Марта апай
Сейдахметова Шарапат апай
Сәрсен Гүлжанат апай

Сайысымыздың 1 кезеңіне көшейік
І - кезең:
«БӘЙГЕ» - берілген сұрақтарға сайыскерлер қол көтеру арқылы жауап береді. Бірінші болып қол көтерген және дұрыс жауап берген сайыскердің жауабы қабылданады. Егер де ол жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі қол көтерген сайыскер жауап бере алады. Әр жауап 1 ұпайдан есептеледі.
І – КЕЗЕҢ СҰРАҚТАРЫ:
БӘЙГЕ
1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы (Ж. Үшкемпіров)
2. Әріп дегеніміз не? (дыбыстың таңбасы)
3. Гиппократ антын кімдер қабылдайды? (дәрігерлер)
4. Жердің табиғи серігі? (ай)
5. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? (газет, журнал, телевидение)
6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші номиналы (1тг)
7. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық, қысаң)
8.Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады? (Синтаксис)
9.“Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)
10.Қазақ хандығын құрған сұлтандар? (Жәнібек және Керей )
11.Интерфейс дегеніміз не? (Адам мен компьютер арасындағы байланыс)
12.Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, MICROSOFT компаниясының негізін қалаушы. (Билл Гейтс)
13.Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)
14.Қазақ күйінің классигі? (Құрманғазы)
15.Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы? (Ыбырай Алтынсарин)

ІІ - кезең:
«ПОЛИГЛОТ» - әртүрлі сұрақтар беріледі. Сайыскерлер қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде жауап берулері тиіс. Бірінші болып қол көтерген және дұрыс жауап берген сайыскердің жауабы қабылданады. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына 1 ұпайдан беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай беріледі
ІІ – КЕЗЕҢ СҰРАҚТАРЫ:
ПОЛИГЛОТ
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current)

Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді. (компас, компас,compass)

Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит, magnet)

Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп, телескоп, telescope)

Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат,часы, cloсk )

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength )

Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy)

Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз, соль, salt)

Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді (ауа , воздух, air)

Нан бар жерде ... бар (ән, песня, song)

Қыздырып соқсаң иленеді,
Балғамен төстен именеді. (темір , железо, iron)

III – КЕЗЕҢ
МАҚАЛ – МӘТЕЛ
Жоғары ұпаймен алға шыққан екі сайыскер «ТІЛ», «ОТАНҒА» байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.Әр мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі.
5 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақшаңыз қалай
Қазақшаңыз қалай
Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Тілге деген құрмет, отанға сүйіспеншілік сияқты қасиеттер отбасында қалыптасады.
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Үздік ана атты спорттық сайыс
Үздік ана атты спорттық сайыс
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 62 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жанназарова Нұргүл
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×