Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел бірлігі – ең асыл қасиет

25 қараша 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі
Дузимова Жайнагул Конысбаевна

Сабақ тақырыбы: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет»
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды ел бірлігін сақтауға, әлем алдындағы беделімізді одан әрі көтеруге күш салу;
Ә) дамытушылық: оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу
Б) тәрбиелік: елім, жерім, ұлтым деп жүрегі соғатын азамат тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: тақырып, нақыл сөз жазылған, плакат, әр елдің ұлттық киімдері, ту, елтаңба т.б
Сабақ түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, сызу, технология, әдебиет т.б

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сыныпты сабаққа дайындау. Сабаққа назарын аудару. Әнұран орындалады.
1. Кіріспе сөз
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
Баяндама. «Қазақстан – татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»
2. Ән. «Ақкөгершін»
3. Өлең жолдары
1. Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Жиырма жылдай Қазақстан халқының,
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.

Көгінде тұр, көк байрағың желбіреп,
Ел таңбаға қараймыз біз елжіреп.
Әнұранды шарықтата шырқаймыз,
Бабаларды еске алып, ержүрек.

2. Бірлік болсын – ел аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!

3. Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

4. Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

Қанатты сөздер
Татулық – түсінуден, тыныштық – қанағаттан. (Қадыр Мырзалиев)
Азаттыққа үйрену – ең алдымен ынтымаққа үйрену. (Қадыр Мырзалиев)

Әділет бар жерде – ынтымақ бар. (Әбіш Кекілбайұлы)
Ынтымақ елдікке жеткізер – елдік ерлікке жеткізер. (Әбіш Кекілбайұлы)
Ерден ердің артықтығы – білігі,
Елден елдің артықтығы – бірлігі. (Мұзафар Әлімбаев)
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.( Міржақып Дулатов)

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.
Ағайынға ала көз бола қалсаң -
Аузыңдағы несібеңді біреу жемек.( Қазыбек би Келдібекұлы)
Бірлік түбі – береке. (Төле би Әлібекұлы)
Күшті ұлт болу үшін – алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. (Майқы би)
Нұрсұлтан Назарбаев
Табысты дамуға қажетті шарт – бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру.
Ең асыл қазына – бірлік.( Нұрсұлтан Назарбаев)
Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны – ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.( Нұрсұлтан Назарбаев)

«Жалғасын тап» мақал-мәтелдер.
Ел бірлігі – ел теңдігі.

Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

Бірлікті ел бұзылмас.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бірлік ынтымақ – байлық бақ.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Би: «Қара жорға»
Қорытынды:
Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгі болсын? Баршаңызға бірлік пен береке тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
27 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Бастауыш сыныпқа математикадан тест тапсырмалары
Бастауыш сыныпқа математикадан тест тапсырмалары
Алтыншы разрядтың 9 бірлігі, бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі А) 925000 В) 950200 С) 905020 D) 952000
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×