Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы

19 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
2. Дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру;
Сабақтың міндеті: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызғыш, суреттер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады.
Досың солар табылатын қасыңнан

II. Үй тапсырмасын тексеру Ұзындығы – 5 см Ені -? 2 см - ге қысқа Р -? S -? Ені=5см – 2см=3см Р=(5см+3см)* 2=5см*2+3см*2=16см S=5см*3см=15см2
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз?
- Қабырғаларының ұзындықтарының қосамыз.
- Ауданды қалай есептейміз?
- Ұзындығын еніне көбейтеміз.
ә. – Тік төртбұрыштың периметрін есептегенде көбейтудің қандай қасиетін пайдаландық? (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
- Тік төртбұрыштың ауданын есептегенде көбейтудің қандай қасиетін пайдаланамыз?(ауыстырымдылық қасиеті)
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қандай қасиет?
- Көбейтудің терімділік қасиеті деп қандай қасиетін айтамыз?
- Көбейтудің қосуға қатысты қандай үлестірімділік қасиетін білеміз?
Көбейтудің қасиеттерін қорытындылап кету.

III. Жаңа сабақ
Ойын «Не артық?»
Метр Сантиметр Километр Дециметр Минут
- Ұзындықтың бірліктері (минут артық)
- Ұзындықтың ең үлкен бірлігі (километр)
- Ең кіші бірлігі(сантиметр)
- Біз бүгін ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі – миллиметрмен танысамыз
Дәптермен жұмыс: Тақырыппен таныстыру
Қаңтардың он тоғызы
Сынып жұмысы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындықтың бірліктерінің арақатынасы
№1. 1см және 1дм кесінділер сызғызу
- сендер осы тапсырманы қандай құралдың көмегімен орындадыңдар? (сызғыш)
- 0 - ден – ге дейін неше бөлік? (10бөлік)
- 1 - ден 2 - ге дейін ше? (10бөлік)
- 2 - ден 3 - ке дейін ше? (10бөлік)
Бір кіші бөліктен екіншісіне дейінгі арақашықтықты миллиметр деп атайды.
Миллиметр (мм) – ұзындықтың сантиметрден кіші өлшем бірлігі.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы. жүктеу
4 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Оқушыларды жаңа ұзындық өлшем бірлігі – километрмен таныстыру; ұзындық өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қою; атаулы сандармен есептеу дағдыларын дамыту.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі - миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі. Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету; шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті - көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеп, ұзындықтың әр түрлі өлшем бірліктерін қолданып, өлшеу біліктерін бекіту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×