Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылға байланысты қуыршақ театры

29 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа жылға байланысты қуыршақ театры
Жаңа жыл - 2016!
«Қоян және оның сиқырлы жұлдызшасы» ертегісінің желісі бойынша
1. Автор Әсемжан
1. Қоян Айкүміс
2. Кірпі Ертай
3. Саңырауқұлақ Арай
4. Түлкі Сұлтан
5. Тиін Нұрсұлтан
6. Қасқыр Жандос
7. Аяз ата Бейбіт
8. Ақша қар Әсемжан
9. Мешін Назерке

Орман көрінісі. Музыка ойналады. Талдың қуысынан қоянның екі құлағы шығып тұрады.
Жүргізуші:
1 Орманда бір қоян өмір сүріпті, оны ормандағы аңдардың бәрі біледі екен. сиқырлы жұлдызшасы болыпты. Қолына жұлдызшаны алғанды қоян ертеңгі болатын жаңалықтың бәрін біліп отырады екен. Кейде ертеңгі болатын жаңалықтардың көптігінен қоянның басы ауырып, қолындағы жұлдызшаны тастай салып қарапайым қоянға айналып дем алады екен.
- Мінекей сол қоянның өзі де келе жатыр көрдіңдер ме?

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қоянның әуені орындалады.
Мен қоянмын, қоянмын
Қарапайым қоянмын
Ертеңгі күннің сіздерге
Жаңалығын айтайын
Түлкі арам пиғылмен
Қасқырды алдап соқсам деп
Отырар мұнда сызданып.
Шырша астында қазына
Бар екенін біздерге
Айтар мекен жапалақ
Құрғақшылық болса егер
Нөсер құйып жауарын
Көмектесер бәріңе
Сиқырлы менің жұлдызым..

(Томаршаның қасында кірпі көрінеді.)
Қоян: Эй! Тікенек, тікенек жүз ине кәне оян!
Кірпі: Фр - фр, кім тарсылдатқан, кім бұл?
Қоян: Оян қане, тұр ұйқыдан!
Кірпі: Қайырлы таң! Ұрма олай томаршаның үстінен. Бұл саған барабан емес, бұл менің үйім. Ол мені суықтан, жаңбырдан қорғайды, сақтайды.
Қоян: Ал бүгін сені қорғамайды да, сақтамайды да.
Кірпі: Ой! Тоқта сен оны қайдан білесің?
Қоян: Білем, міне солай! Бүгін саған түлкі қонаққа келмекші болған, ол сенің үйіңді бұзып, өзіңді жеп қойғысы келеді.
Кірпі: Ой! Тоқта сен оны қайдан білесің?
Қоян: Сен менің сиқырлы жұлдызшам туралы ұмытып қалдың ба? Мен кеше қолыма алғанда ертең сенің үйіңе келіп не жасайын деген арам пиғылын көріп, таң атқан соң саған айтайын деп жүгіріп келдім. Күліп: Ал енді қайырлы таң!
Кірпі: Бұртиып, тапқан екенсің қайырлы таңды. Олай болса түлкі келмей қашу керек десеңші.
Қоян: Ойбай қашайық,! Тезірек!
(Екеуі қашып кетеді.)

ІІ – бөлім
Ортаға саңырауқұлақ келеді.
Саңырауқұлақ:
Мен сиқыршы саңырауқұлақ
Қорқынышты, қауіпті
Бұл орманда барлығы
Бәрі менен қорқады
Салғыласып, ұрысса
Тиісіп маған сөйлесе
Саңырауқұлаққа лезде
Айналдырам мен жылдам
Түлкішек пен қасқыр бар
Олар менің көмекшім
Өсектерді жинайды
Өйткені мен кәрімін
Естімейді құлағым

(Ортаға түлкішек пен қасқыр шығады.)
Сендерде қандай жаңалық бар?
Түлкішек: Саңырауқұлақ мырза біздің орманда бір қоян бар оның сиқыршы жұлдызшасы бар.
қасқыр: Сол жұлдызша арқылы ол ертеңгі күнді біліп, естіп отырады.
түлкішек: Ия – ия ол бәрін біледі.
Саңырауқұлақ: Маған олай болса сол жұлдызша керек, ертең не болатынын білгім келеді. Сонда орман тұрғындары менен
қорқатын, сыйлайтын болады. Қане барыңдар сол жұлдызшаны маған әкеліңдер ал менің сендерге сыйлығым дайын.
Түлкішек пен қасқыр: Айтсаң болды қоянды табамыз, жұлдызшасын саған әкелеміз, ал өзін біз жей саламыз.
(Жүгіріп шығып кетеді.)

(Ортаға тиін шығады:)
Тиін: Мен тиінмін, тиінмін
Ақ мақтадай киімім
Қонаққа кетіп барамын
Қәлін біліп келуге
Қоян деген досыма

түлкішек пен қасқыр шығады.
Түлкішек: Ой – ой – ой біз кімді көріп тұрмыз а? Сәлем Тиін!
Тиін: Сәлеметсіңдер ме! Менің анам сендермен сөйлеспе деген!
түлкішек: Дұрыс анаңды тыңдау керек!
қасқыр: Сен бізбен сөйлеспе, тек бізге айта қойшы сиқырлы жұлдызшасы мен қоян қазір қайда екенін?
Тиін: Айтпаймын, тағы не керек!? Сендер оны жеп қоясыңдар!
Түлкішек: Не деген ақымақтық! Не болды саған! Шынымызды айтсақ біз қоянның етін жек көреміз.
Тиін: Олай болса қоян сендерге не үшін керек?
қасқыр: Сен немене білмейсің бе, бүгін қоянның туған күні емес пе, біз оған сыйлық алып келе жатырмыз
Тиін: О қандай керемет! Бүгін қоянның туған күні ме? Ал сендер оған не сыйлайсыңдар?
Түлкішек: Бұл құпия! Егер сен қоян қайда екенін айтсаң сонда ғана көрсете аламыз!
Тиін: Жарайды айтайын ол орман шетіндегі үйде.
қасқыр: Кеттік жүгір тезірек! (жүгіріп кетеді)
Тиін: Тоқтаңдар сыйлық қайда? Міне қашып кетті! Қой жүгіріп бәріне бүгін қоянның туған күні екенін айтайын.! (жүгіріп кетеді)
Орман шетінде түлкішектер қоянды қоршап алады
Түлкішек пен қасқыр: (бір бірінен жарысып) А міне қоян! Ұстап алайық қане! Ұста тез тез, құлағынан ұстап ал!
Қоян жылайды.
түлкішек: Енді мен сені тойып жейін!
қасқыр: Неге сен жеуің керек?
Қоян: Дұрыс емес! Мені кім бірінші көрсе сол бірінші жесін!
түлкішек: Қоян сен мен ойлағандай ақымақ емес екен сің! Әрине мен сені бірінші көрген қазір мен сені жеймін!
қасқыр: Менің де қарным аш, мен де сені жеймін!
(Екеуі қоянды ары бері тартып ұрысып жатқанда қоян сып беріп қашып шығып кетеді, бірақ жұлдызшасы түлкішектердің қасында қалып қалады)
Түлкішек пен қасқырдың айқайы: Ұста! Қашты! Тез ұста! Сен кінәлісің! Жоқ сен!
қасқыр: Болды, болды не болды сонша, қоян кетсе кете берсін бізде не қалды қарашы? Егер біз жұлдызшаны апарсақ Саңырауқұлақ бізге сыйлығымызды береді.
Түлкішек: Ия, ия мүмкін жүз қояннан беретін шығар!
Қасқыр: Мүмкін мың қоян берер!
Екеуі бірге: Бол тезірек Саңырауқұлаққа жетейік.
Саңырауқұлақ: Ия қалайсыңдар? әкелдіңдер ме? Менің жұлдызшам қайда?
Түлкішек : Ия, ия қазір, қазір. Барлығы орнында. Сен біздің сыйлығымызды бере берші
қасқыр: Біздің қарынымыз ашып кетті.
Саңырауқұлақ: Мен сендерге ана қоянды жеңдер деп рұқсат бердім ғой.
түлкішек: Рұқсат еттім, сол сенің сыйлығың ба?
қасқыр: Түсінесің бе, Саңырауқұлақ, ол қоян өте ку екен, ол қашып біз тек жұлдызшаны ғана алып үлгердік
Саңырауқұлақ: Ой ақымақ, дымбілместер! Өздеріңше қумыз дегілерің келеді. Сендер қояннан да ақымақ болдыңдар ғой сонда. Кәне тез жылдам менің қолыма жұлдызшаны ұстатыңдар! Сөйтіп тез көздеріңді жоғалтыңдар!
Түлкішектер: Ой Саңырауқұлақ сен қандай қызғаншақсың! (ренжіп)
түлкішек: Ал сен жаман саңырауқұлақсың!
қасқыр: Сен тойымсыз өтірікші Саңырауқұлақсың
Екеуі бірге: Біз саған жұлдызшаны бермейміз, ертеңгі күнді болжап өзіміз ұстап жүреміз кезектесіп қайтар өзімізге. Ормандағы аңдардың барлығы бізден қорқатын болады.
Саңырауқұлақ: А солай ма? Егер маған жұлдызшаны бермесеңдер, мен сендерді орманнан қуып жіберемін
Түлкішек: Береміз, береміз. Біздің бұл орманнан кеткіміз келмейді.
Саңырауқұлақ: мен аздап ұйықтап аламын. Сендер мені мен жұлдызшамды тырп етпестен күзетіңдер!
қасқыр: Құп болады, мырза!

III бөлім:
( Қоян жылап отырады. Алыстан Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз ата: Сәлеметсің бе, қоян? Неге жылап отырсың? Себебін айтшы?
Ақша қар: Қоян жыламашы. Айтшы, қане неге жылайсың? Аяз ата екеуміз саған сыйлық алып келдік. Ала ғой.
(үлкен сәбізді береді)
Қоян одан бетер жылап: Рахмет... Мен үшін бүгін жаман күн!
Тиін: Қоян, қоян, туған күніңмен! Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақша қар.
Қоян: Менің бүгін туған күнім емес. Мені түлкі мен қасқыр жеп қоя жаздады, жұлдызшамды алып кетті, барлығына алдын ала айтушы едім. Ал өзіме осындай қауіп төнгенін білген жоқпын.
Тиін: Ол түлкілер маған қоянның туған күні бүгін, біз сыйлық апара жатырмыз деді ғой. Олар мені алдаған екен ғой! Мен ғой сенің қайда екеніңді айтқан! Мен екен ғой кінәлі! (қосылып жылайды)
Аяз ата: Тыныш - тыныш болды. Көзіңнің жасымен ешнәрсе жасай алмаймыз, жұлдызшаны олардан қайтарып алуға көмектесеміз
Ақша қар: Иә, иә, Аяз ата. Біз саған көмектесеміз, қоян.
Тиін: ендеше, саңырауқұлақты іздейік.
(Саңырауқұлақ ұйықтап жатады. қасқыр мен түлкі келе жатқан аңдарды көріп, саңырауқұлақты ұйқысынан оятады)
Түлкішек: Саңырауқұлақ мырза, ояныңыз. Бізге қарай орман аңдары жиналып келе жатыр
Саңырауқұлақ: Аааааа. (есінеп) не дейсіңдер? Аййй, Аяз ата мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың көңілсіз өтетін болды. Себебі сиқырлы жұлдызшаны мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда. ( қарқылдап күледі. )
Аяз ата: Саңырауқұлақ ауу осындай әурешілікті қайтесің. Жаңа жылда жаман қасиеттеріңнен арылып, Қоянның жұлдызшасын қайтарғаның дұрыс болар.
Саңырауқұлақ: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман, кәрі деп менсінбейсіңдер. Қасымдағы көмекшілерімді де қу, айлакер дейсіңдер
Ақша қар: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар. Саңырауқұлақ, сен неге олай жасадың. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Қане бір шешімге келейік.
Саңырауқұлақ: Шарт дейсіндер ме?! /қарқылдап күледі/ Енді сендер не істемексіңдер? Менен айлаларыңды асыра алмассыңдар. Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.
Тиін: Би билеп жарысайық, біз жеңсек, сиқырлы жұлдызшаны иесіне қайтарасың, сен жеңсең, өзіңде қалады.
Саңырауқұлақ: Келістім, сендер бастаңдар.
Аяз ата: ендеше, менің биші Қарша қыздарым келе жатыр. «Ақша қар» биін билеп берсін.
(«Ақша қар» биі )
Саңырауқұлақ: Аяз ата, мынандай керемет биден кейін өз кінәмді мойындаймын. Мен қартайдым. Билесем де, Ақша қарлардай билей алмаспын. Қоян кешір бізді. Ала ғой жұлдызшаңды. Біз жеңілдік.
Қоян: (қуанып) Міне менің жұлдызшам
Кірпі: Алақаййййй!
(Осы кезде сағаттың даусы естіледі. Жаңа жыл келеді. )
Түлкі: Қараңдар, жарандар! Жаңа жыл келе жатыр
Барлығы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мешін: Сәлеметсіңдер ме? Биылғы жылда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Ауылымызға берекелі, мерекелі жыл болды. Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, конкурстардың жеңімпаздары атанды. Түлектеріміз ҰБТдан жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, бір оқушымыз «Алтын белгі» иегері атанды. Мектебіміз жас мамандармен толықты. Ауылымыздағы «Аналар» ансамблі сахна төрінде өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Айта берсем, Қой бауырымның жеткен жетістіктері көп екен. Маған да Қой бауырымның жолын берсін. Қане, қоян, жұлдызшаңды қолыңа алып қарашы, менің жылым қандай болады екен?

Қоян: (жұлдызшаға қарап) Ескі жыл Қой бауырымыздың үлкен үмітін ақтайсыз. Елімізде молшылық, тыныштық болады. Ауылымыз ажарланып, көркейе түседі. Мектебіміздің жетістігі көп болып, оқушыларымыз биік белестерді бағындырады.

Аяз ата:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Барлығы: Сау болыңыздар!
4 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақтаншақ Қоян
Мақтаншақ Қоян
Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс - жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.
Қоянның үйі
Қоянның үйі
Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты.
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Қоян - жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.
Мақтаншақ Қоян ертегісі
Мақтаншақ Қоян ертегісі
Мақтаншақ Қоян ертегісі. Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс - жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен. Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді.
«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі
«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×