Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы жануарлар

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Балалар кеше сендерге орманға саяхатқа шығатын/ы алдын - ала хабарладым ыңғайлы киімдеріңді киіп келіңдер деп. Жарайсыңдар киініп қол сөмкелеріңді әкеліпсіңдер. Ендеше кәне жолға шығайық.
Міне балалар орманға да келіп жеттік қараңдаршы орманда ағаштар көп екен. Орманда балалар нелер мекендейді? Дұрыс айтасыңдар балалар! Орманда міне әдемі саңырауқұлақтар да бар екен.
Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу ақырып жатыр кім екен? Аю екен балалар. Аюдың қолында
балы бар екен. Аю бал жиді екен. Аю өзімен бірге ойын әкеліпті кәне қарайын. Жұмбақ
1) «Ұзын құлақ көзі қыли, қорыққан сайын секіреді ылғи».
2) «Төрт түліктің қас жауы, түзде жүрген көк сері»
3) «Құйрығы бұлаң - бұлаң етеді, барлығын алдап кетеді.»
4) «Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады». Балалар дұрыс таптыңдар жарайсыңдар!
Балалар орманда тағы қандай аңдар жүреді? Дұрыс айтасыңдар! Міне секіріп, секіріп Қоян да келе жатыр екен қараңдаршы. Балалар қоян не жиді? Қоян сендердің ойын жақсы көретіндеріңді біліп мынадай ойын әкелген екен.«Аңдардың балаларын тап» (шарты: әр аңның балаларын аттарын атап, аналарының қасына қою)
Жарайсыңдар балалар қоянның да ойынын ойнадық.
Балалар тыңдаңдаршы ұлыған дыбыс шығып жатыр. Орманда ұлитын қандай аң? Қасқыр қолында бір ойыны бар екен «Аңдардың жүрісі»
Балалар ағаш арасымен жортып келе жатқан мынау қандай аң? Дұрыс айтасыңдар балалар «Түлкі» Кәне балалар түлкіні тыңдайық бізге не айтады екен. Өзімен бірге ойын да ала келіпті. «Өз түсіңді тап»
Жарайсыңдар балалар! Біздер ормандағы аңдарды көріп таныстық, ойынын ойнадық. Аңдарға рахмет айтып қоштасайық. Біздің бақшамызға қайтатын уақытымыз да таяп қалды. Кәне қоштасайық!

Балалардың іс - әрекеті
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Саяхатқа шығатындарына қуанады)
Киімдерін жол сөмкелерінің дайын екендігін көрсетеді.
Ормандағы ағаштарды, саңырауқұлақты көреді, танысады. Орманда аңдар қасқыр, түлкі, қоян, аю. т/б жабайы аңдар өмір сүреді.
(Ақыратын аю екенін табады) (Аю шығып өзін таныстырады)
Жасырылған жұмбақты мұқият тыңдап жауабын табады.
1) «Қоян»
2) «Қасқыр»
3) «Түлкі»
4) «Аю»
Орманда Түлкі, Қасқыр,
Қоян бар.
(осы кезде Алина қоян секіріп секіріп шығып таныстыру тақпағын айтады қолында сәбізі бар.) Сәбіз жиді.
Қоянның ойын тапсырмасын орындайды..
Аю – қонжық, Қасқыр - бөлтірік,
Түлкі - мыршай, Қоян - көжегін тауып аналарының қасына орналастырады. Достасып балалармен бірге жүреді
Балалар назарларын дыбысқа аударады. Қасқыр ұлиды.
(қасқыр Нұрбақыт у - у - у - ыр - ыр – ыр етіп келеді өзін таныстырып тақпағын айтады. Қасқырдың ойынын ойнайды)
Балалар «Түлкі»
(Түлкі майысып өзі туралы тақпағын айтады. өзімен бірге әкелген ойынды ойнатады)
Балалар өз түстеріне байланысты отырады.
Аңдарға рахмет айтып, қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туарлы мағұлмат алады. Қандай түсініктерді игереді: Жабайы жануарлар туралы түсініктерді игереді. Меңгерген іскерліктер мен дағдылар: Жабайы жануарларға қамқор болуды тәрбиелеп, меңгереді.
11 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз шыныққан баламыз
Біз шыныққан баламыз
Балаларға түрлі кедергілерден өтуді үйрету, шыдамдылық пен ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Ұжымдаса жұмыс жасауға баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қыс ғажайыптары
Қыс ғажайыптары
Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын артыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балаларды табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілдер мен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Көрікті қыс
Көрікті қыс
Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық
Аңдар қысты қалай өткізеді
Аңдар қысты қалай өткізеді
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Ж. Оразова
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×