Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғыс айту күні сценарий

25 ақпан 2021, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ән «Көңілді күн» Нағашыбай Раухан
І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар
ІІ - жүргізуші! «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші:
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
— Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
«Нұр аға» 8 - сынып

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар сәті
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да сүйген жаты

ІІ жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

ІІ жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
Оқушылар алғысы мұғалімдерге 10 - сынып

Ән «Әгугәй» Мұхит Гүлбану 7 - сынып
І жүргізуші:
Мерекеміз «Болашақ бүгіннен басталады» деп аталады, шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді. Болашақ ұрпаққа: «Мен елім үшін не істей аламын?» — деген сұраққа жауап іздеуге көмектесті. Барлық оқушылар «Қазақстан – 2050» жаңа көзқарасы бар, жоғары білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат ретінде елестетеді. Осы болашақты жақындату үшін көп еңбектену қажет екенін түсінеді..
Ән «Бақыт деген» Хайрулла Динара

ІІ жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Көркемсөз оқу: Бекнұр, Гүлдерай, Гүлжазира, Динара

І жүргізуші:
Ұстаздарға арналған өз жадынан шығарған өлеңімен – Дүйсеней Жанат.

ІІ жүргізуші:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Қазақ биі» 10 - сынып

І жүргізуші:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Хор «Ризамыз»
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
9 «Б» сынып Әкелерге тілек.

ІІ жүргізуші:
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Келесі кезекте өнерлі қыздарымыздың күй өнерін тамашалайық.

І жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп, келесі кезекте Раухан қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
«Аққу» биі Сапар Динара 7 - сынып

ІІ жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

І жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

ІІ жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

І жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
Аналарға тілек 9а - сынып
Ән «Ана сен бақыттысың» Мырзабек Гүлжазира 8 - сынып

ІІ жүргізуші
Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық қой әр елде

І жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

ІІ жүргізуші:
Осымен «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!

І жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
155 965
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған сценарий
1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған сценарий
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Болашақ бүгіннен басталады – атты «Алғыс күніне» арналған мерекелік концерт жоспары
Болашақ бүгіннен басталады – атты «Алғыс күніне» арналған мерекелік концерт жоспары
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді». Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән - мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×