Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата – салтым – асыл қазынам

24 ақпан 2024, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ
«Заңғар» әкелер кеңесінің жетекші мұғалімі: Нурмуханова Б.М.

Сабақтың тақырыбы: «Ата – салтым – асыл қазынам»
Мақсаты: халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, оқушылардың білімдерін ойын арқылы тереңдете түсу, тапқырлықты, ой – өрісін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты қадір тұту, туған жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, суреттер, тыйым сөздер, қанатты сөздер.
Түрі: танымдық сайыс, пікір талас.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт – дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт – дәстүрін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаев атап өткендей, еліміз жиырма жылдан асар – аспас аз уақыт ішінде өз дамуының бірнеше кезеңін бастан кешірді: мемлекет құрылысының бірінші кезеңінде егеменді мемлекеттің іргетасы қаланса, екінші кезең қалыптасқан мемлекетке жеткізген жол іспетті болды. Мемлекет құрылысының үшінші кезеңі Мәңгілік Елге жол тартатын ұлы реформалардан басталып отыр.

Салт – дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата – бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты,
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты, - демекші, бүгінгі топтық сайысымызды бастаймыз.
Алдымен мына түстерді таңдайық. Ал енді қызыл түстер оң жаққа, жасыл түстер сол жаққа отырайық. Бүгінгі сайысымыз топтар арасында өтіледі.
І топ
ІІ топ

1 - бөлім:
«Мақал – сөз атасы» кезеңінде әзіл сұраққа мақалмен жауап беру.
1. Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы – жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жауады)
3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай)
4. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
5. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
6. Елу құлағы бар кім? (Ел құлағы елу)
7. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Білетінің бір тоғыз,... (білмейтінің тоқсан тоғыз)
9. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан – оттан да ыстық)
10. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелері. (Көз – қорқақ, қол – батыр)
11. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
12. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
13. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады? (Жаман аттан аяғың артық, жаман жолдастан таяғың артық).
14. Бір рет өлуге болады немесе мың рет өлуге де болады. (Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі)
15. Ел іші қандай бесік? (Ел іші – алтын бесік)

2 – бөлім:
«Мықты болсаң - тауып көр» (суреттер арқылы тыйым сөздер айту)
1. Бетіңді баспа.
2. Тізеңді құшақтама.
3. Өтірік жылама.
4. Аққуды атпа.
5. Отпен ойнама.
6. Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.
7. Ақты төкпе.
8. Орынсыз күлме.
9. Қолыңды төбеңе қойма.
10. Етбетіңнен жатпа.
11. Қолыңды артыңа ұстама.
12. Түнде күлді шығарма.
13. Күлді қолмен шашпа.
14. Ерніңді шығарма.
15. Бала бетіне үрлеме.
16. Дастарқанды, тамақты баспа.
17. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
18. Малды, ыдысты, тамақты теппе.

3 – бөлім:
«Сөзді – тауып көр» (баласы сөз айтады – анасы табады, құлағында құлаққап болады, одан музыка естіліп тұрады)
Мектеп, бала, Отан, орындық, балық, аспан, қармақ, тақта.

4 – бөлім: (ата – аналар жауап береді)
«Салт – дәстүр – асыл қазынам» (дәстүрге байланысты сұрақтар)
1. Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
2. Қонақасы. Халқымыздың ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасын беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
3. Қол кесер. Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға.
4. Сыбаға. Құрметті немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.
5. Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
6. Енші. Балалары ер жетіп үй болғанда ата – анасы оған дүние – мүлік, мал беріп, жеке шығарады.
7. Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.

5 – бөлім: «Сергіту ойыны»
«Қайық» жаттығуы. Оқушылар мұхиттың бетінде жүзіп келе жатқандай қозғалады. Аман қалу үшін кемеге арналған топты қалыптастыру керек. Жүргізуші кез – келген санды айтады. Егер топ сол айтылған саннан тұрмаса сол топ ойыннан шығады. Ойын бір топ қалғанша жалғасады.
6 – бөлім: «Қаншалықты білемін?»
1 - Топ:
1. Қ. Р. Президенті кім?
2. Қазақтың ұлы ақыны?
3. Тудың авторы?
4. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын ата?
5. Қазақстан астанасын ата?
6. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін ата?
7. Көкжиектің неше тұсы бар?

2 – топ:
1. Рәміздерді ата?
2. Гимннің авторларын ата?
3. Күй атасы кім?
4. Қазақтың батыр қос қарлығашы?
5. Қ. Р – ның мемлекеттік тілі қай тіл?
6. Үш биді ата?
7. Өзің тұратын ауыл қалай аталады?

7 – бөлім. Құрметті оқушылар, ата – аналар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтіндігін еске алып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
Сонымен салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт – дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Ендеше еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Қорытындылау – жеңімпаздарды марапаттау.
81 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Ата салтым-асыл мұрам
Ата салтым-асыл мұрам
Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін
Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)
Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×