Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 - наурыз әйелдер күніне арналған "Қыздар, қыздар, сұлу қыздар" атты мектепшілік салтанатты жиын сценарийі

03 наурыз 2024, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар...
Қатысушылар: мектеп оқушылары, ұстаздар.
Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау.
Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.
Безендірілуі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, интерактивті тақта.(Сахна сыртынан «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» әні етіліп тұрады. Музыка бәсеңдеп, ортаға жүргізушілер шығады.

1 – жүргізуші: Армысыздар, мектебімнің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасы бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты арулар!
Эпостағы Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным аналардың сіңілелері, ардақты арулар!
Өздеріңізге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Музыкалық номер: Би орындалады.

1 – жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

2 - жүргізуші: Сүймеген сені азамат азамат па?
Көңілім тәрізді аппақ таза мақта,
Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа!

1 – жүргізуші: Қымбатты арулар! Өздеріңізге арналған мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен дөп келуі қандай тамаша!

2 – жүргізуші: Аналар мерекесі кезінде табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға не жетсін!
Ұстаздар қауымын, аяулы аруларымызды, мектеп – ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі мектеп директорына беріледі.
«Төрт ана» М. Шаханов оқылады.
Музыкалық номер: Анашым – әкешім

1 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.

2 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып, майда басып.
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады мектебімнің арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Музыкалық номер: Ана әні

1 – жүргізуші: Арулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасығандар,
Құшақ боп ашылғандар!
Арулар – асыл жандар!

2 - жүргізуші: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді!»
Құрметті арулар, асыл жандар! Өздеріңізге арнап жыр жазбаған ақын, ән арнамаған сазгер бар ма?
1 – жүргізуші: Қылқалам шеберлері нәзік жандардың хас сұлулығын шығармашылығына арқау етіп, бүкіл әлемге сұлулықты паш етеді!

Музыкалық номер

2 – жүргізуші: Нәзік жандарға арнап қалам тербеген ақындардың бірі – белгілі ақын Исраил Сапарбаевтың «Қадірлі қазақ қызы» өлеңін оқушылардың орындауында қабыл алыңыздар!
«Қадірлі қазақ қызы» оқылады.
Музыкалық номер: Гүлдер биі. Бастауыш сынып оқушылары
1 – жүргізуші: Қазақ қыздарының ежелден жер қорғап, билік тізгінін ұстағаны белгілі. Осы қасиет әлі де жалғасын табуда. Әрі отбасында бала өсіріп, әрі мемлекеттік істерге араласып жүрген ұстаздық етуден жалықпай еңбек етіп жүрген арулар қандай құрметке болса да лайық!

2 – жүргізуші: Шабытым шалқып келгенде, шарықтап самғап қалайын,
Жырымнан тізіп ақ моншақ, мойныңа алқа тағайын.
Өлеңнен соғып ән мүсін, тойыңа шашу шашайын,
Асылым, анам, сен үшін сырымды бүгін ашайын!

1 – жүргізуші: Бізге қажымас қайрат беретін, таусылмас нәр, күш – қуат беретін аналар! Аристотель, Фирдауси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Қайрат, Нұрсұлтан да сол ананың ұрпағы. Бәрі ананың ақ сүтін емген.

2 - жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде егер ана болмаса осылайша,
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық!

1 – жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға оқушылардың орындалуында «Ана жүрегі» көрінісін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Музыкалық номер: Заманауи би.

1 - жүргізуші: Япырай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!
Дүние – ау, сен осындай көкпеңбек пе ең?
Мәңгі бақи түлеген қаз – қалпында,
Табиғат керемет ең неткен, неткен!
2 – жүргізуші: Иә, осындай тамаша уақытта, жер – ана бусанып, бір тіршілікке жан біткен мезгілде біздің аналарымыз, табиғатпен бірге жасарып кеткендей!

1 – жүргізуші: Сіздерге әрқашан, әр күні, әр сағатта жақсы лебіздерімізді білдіреміз. Сіздерге арқа сүйеміз, еркелейміз. Сіздер тұрғанда біз әрқашан бала болып қала береміз!
Музыкалық номер: «Ана» әні. 7 – 8 сынып ұлдары

2 – жүргізуші: Құрметті ару жандар, аяулы аналар!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын адамзат баласының рухы, жігерісіздер!

1 – жүргізуші: Сіздер Тәуелсіз еліміздегі бейбіт, тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысыздар.

2 – жүргізуші: Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп жүрсіздер.

1 – жүргізуші: Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!

Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
170 772
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Қыздар сұлу көрінер  қылығымен
Қыздар сұлу көрінер қылығымен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Әлиева Гүлсім Кеңесқызы Қыздар сұлу көрінер қылығымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×