Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолың болсын, жасұлан!

07 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аю
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар
Қош келіпсіз, ата – әже, әке - ана
бірге:
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
Қоян
Талай қызық той өткіздік бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын бүгінгі той ерекше.
АЮ: Ал енді қоян ортамызға сүйкімді балаларымызды шақырмаймыз ба?
Қоян: Иә, аю. Бүгінгі тойымыздың куәгерлері бүлдіршіндерімізді көрерменнің қол шапалағымен ортаға алдыртайық.
Балалар қолдарында сүйікті ойыншықтарын ұстап көңілді әуенмен ортаға шығады.
Аю: Біз бәрін шақырдық па мерекеге?
Қоян: Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
Балалар: Жоқ.
Аю: Ендеше ақ тілекті ағытып,
Қоштасатын кешімізді бастайық.!
Қоян: жо – жоқ біз бастай алмаймыз,
Аю, қоян: неге?
Марал: өйткені, біздің жанымызда өзіміздің сүйікті тәрбиешіміз жоқ қой?
Аю:
Ия, ия дұрыс айтасың балақай, сендердің орталарыңда тәрбиеші апайларың көрінбейді екен.
Қоян:
Олай болса сендердің қол шапалақтарыңмен сүйікті апайларыңды ортаға шақырайық!

Әуенмен тәрбиеші апайлардың кіруі. Балалар алдарынан шығып гүл шоқтарын ұсынады.
Альмира
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен,
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен суретпен
Тәрбиеші тәтеміз.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Нұррахман
Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Қоңырша апай: - Рахмет, балапандарым, өркендерің өссін. Сендердің осы тәтті қылықтарыңды сағынатын боламыз.
Қанша жыл тәрбиеші болып жұмыс істесем де, осындай қызық мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінбеймін. Өйткені - бүлдіршіндеріміздің тәтті қылығы мен кіршіксіз пәк күлкісіне жетер еш нәрсе жоқ. Міне, бүгін сол бір кездегі кішкентай бүлдіршіндерімді бала - бақшадан білімнің алғашқы нәрімен сусындатып мектепке шығарып салып тұрмыз.
Сәнім апай
Иә, Қоңырша апай, бүгінгі алдымызда тұрған бүлдіршіндер ертеңгі еліміздің болашағы. Олар балабақшадағы кішкентай сәбилік қылықтан арылып, енді кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр. Тек қанатыңның астында жүрген бүлдіршіндерден ажырап кету, жан дүниеңнің бір жартысын жұлып алғандай сезімге бөлейді.
Қарақат апай:
Сәнім апай, Қоңырша апай сіздер босай бермеңіздер, онан да осы бүлдіршіндеріміздің балабақшада үйренген өнерлерін көрермендерімізге тарту етейік..

Мейрамгүл апай: Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың. Балақайлар ендеше кезекті өздеріңе береміз.
1 - Зере:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Әсем бимен, түрлі өнер көрсетейік,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2 - Ақылбек
Армысыздар өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бақшаменен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер!
3 - Айтжан
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай аталар.
4 - Асанәлі
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Ақ қоян – ау, ақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың Таудан бір – ақ асасың
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Ақ қоян
Ақ қоян
Қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту.
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Ұшқалы тұрған ұядан, Түлектерім аман бол. Алдарыңда сендердің, Қаланған сүрлеу, сара жол. Шақырады мектебің, Қоштасатын кез келді. Сағынамыз сіздерді, Ұмытпаңдар біздерді.
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×