Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі

16 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі
Ана тілі - бәріміздің анамыз,
Өйткені ол - ұлтымыздың анасы. (Н. Ә. Назарбаев)

Анамның ақ сүтімен бойыма дарыған ана тілім, туған тілім, қазақ тілім. Тілімнің мәртебесін биік те заңғар шыңға көтеру мақсатында арманыма қанат бітіртіп - тіл маманы болдым. Мамандығым - мақтанышым. Әр шәкірт жүрегіне, рухани жан дүниесіне - қазақ тілімнің тереңдігін, байлығын ұғындыру тікелей міндеттім. Әр халықтың мәңгі жасауы - оның тілінде. Тіл - әр халықтың өмірі, тарихы, болашағы.

Қазақ тілім - терең дем алар тынысым,
Қазақ тілім - еркіндігім, теңдігім
Қазақ тілім - кәусәр, мөлдір бұлағым,
Қазақ тілім - мәңгі жасар байлығым,- деп жүрегім алып ұшады.

Мен сияқты әр тіл маманы - ұлтымыздың ертеңі үшін шыр - пыр болып жүрген, қазақ тілін қайткенде бар қазақтың санасына егемін деп түн ұйқысын төрт бөліп жүрген ізгі жандар. Кешегі өткен ұлы даналарымыз Абай, Ахмет, Мұхтар заманында тіл үшін күрес еліміздің тәуелсіздігі үшін күреспен тең болған. Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымағы жарасқан халқы бар. Әр халықтың өз ана тілі бар. Әр ұлт өкілі мемлекеттік тіл қазақ тілін құрметтеп, қазақша сөйлесіп дидарласады. Қазақша айтысып, тіл қаймағын былғаған айтыскер анамыз - Надежда Лушников есімі, қазақша әндерді керемет шырқайтын – Татьяналар, қазақ тілінің тағдырына көп қазаққа қарағанда шын жаны ауыратын - Асылы Оманова есімдерін ерекше құрметтпен айтуға болады.

Туған тілімнің әр сөзінің терең мағынада болуы, тілімнің құдіреттілігі.
Күнделікті өмірде әр адамның сөйлеген сөзіне мән берсем, кей адамдар жаныңды ауыртып, жүрегіңе қаяу түсіреді, кей жандардың шын көңілімен айтқан бірауыз сөзіне мәз болып, марқайып қаласың. Қазақ тілінің құдіреттілігі сонда әр адамның сөйлеген сөзінде, ісінде, оның жан дүниесі, ішкі әлемі анық көрінеді. Сондықтан да әр сөзімізге абай болғанымыз жөн. Сені биікке шығаратын да, тірідей орға жығатын да – тіл. Тіліміздің қолдану аясын кеңейту - әр перзент борышы.
Қазақ халқының қызы болып дүниеге келгеніме мақтанамын. мен өз халқымның қаны мен жанынан жаралған тұлғамын. Борышым – қазақ тілінің тағдыры, бүгіні мен болашағы.

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын.
Танытқан қазағымның қайсарлығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім.
Адал, мейірбан, ақ көңіл, жайдарлы мінезім бар, арым - намысым, күш - жігерім – тілім бар. Мемлекетттік тіл - мемлекеттің мәртебесі.
Қазақ тілінің Отаны - Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - тарихтың мәңгі болып өмір сүруіне бөлінген еркіндігі, тынысы. Еліміздің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы, тұрмысы оның әр мүшесінің парасатты пайымы, санасы. Қазақстанның қазақша өркендейтініне сенгім келеді. Жастарымызды, өскелең кейінгі ұрпақты тіл мәдениетіне, көркемдігіне тәрбиелеу, олардың бойына тілге деген шынайы сезімді ояту - орындалар арманым.

Сеніммен мейірімді анамды ұқтым,
Сеніммен мейірімді даламды ұқтым,
Сеніммен жолын кесіп арамдықтың,
Шыңына көтерілдім адамдықтың.
Елімнің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғалы отыр. Қазақстан көз алдымызда жаңа бағытпен, жаңа жолмен өсіп, дамып келеді. Тәуелсіздік халқымыз үшін оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қастерлі сөз. Талай тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Мың өліп, мың тірілдік. Ата - бабаларымыздың талай ғасыр аңсап өткен арманына кейінгі ұрпағы, біз жеттік.
Ел болдық, ерік алдық Астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіздік атауы ең алдымен
Нұрсұлтан есімімен аталады - дегендей, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, мәңгілік тіліміз өркендеп, қанатын кеңге жайған мемлекет болып, ашық аспан аясында, бір шаңырақ астында ұрпағының ынтымағы жарасқан ел болып бақытты ғұмыр кешкенге не жетсін?!
Аспанымыз ашық болып,
Ақ көгершін самғасын.
Барша халық тілейтіні
Бейбіт күні сақталсын.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, Ол - Тәуелсіз Қазақстан Мәңгілік ел етуді мұрат қылдық,- деп елбасымыз өз халқына сенім артып отыр. Бейбітшілік пен тұрақтылықта мәңгілік ел болайық, ағайын!!!
Салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын ана тілінде жағып жүретін, елжанды, патриот, рухани жан дүниесі бай тұлғалармыз көп болсын!!!

Ақжайық ауданы
«Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі» КММ - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Утешкалиева Жайнагүл Орынбасарқызы
6 454
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×