Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасіретті жылдар

24 қараша 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қасіретті жылдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатының салдары, геноцид саясатының мән - мағынасы, барысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
 Жүйелі ойлау мен талдай білу.
 Оқушының жан - жақты іздене білуін қалыптастыру.
 Бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың Отаншылдық сезімін арттыра отырып – қиындыққа төзе білуге, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиалық тақта, тақырыпқа байланысты бейне таспалар, слайдтар.
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, іздену, ой қозғау.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе. (Мұғалім сөзі)
ІІ. Баяндама. Регламент (3 мин)
1. 1932 - 1933 жылдардағы қазақ халқының басынан кешкен зұлматы.
2. Ұлт зиялылары «Халық жауы» атанды.
3. Қазақстанда құрылған лагерьлер жүйесі.

ІІІ. Талқыланатын өзекті мәселелер:
1. Голощекин геноциді немесе қазақ ауылдарының қасіреті.
2. Жаппай Сталиндік террордың құрбанына айналған ұлт зиялылары.
3. Жазалау шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстанда құрылған лагерьлер жүйесі.

ІV. Конференциялық сабақты қорытындылау.
Жыл сайын 31 - мамырда Сталиндік қуғын - сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алу күні аталып өтіледі. Аға буын ұрпақтың тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы жадымызда сақтау – біздің адамгершілік парызымыз және осынау сұмдықтың қайталануына біздің ешқашан жол бермейтіндігіміздің кепілі. Бұл біз үшін аса маңызды тарихи сабақ және біз оны әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз.
Халқымыздың болашағын тұйыққа тірегендей болған осы қанқұйлы саясат болмаса, бәлкім, Қазақстанның бүгінгі жарқын өмірі бұданда жақсы болар еді. Амал қанша, өткенге салауат айта отырып, сол асыл азаматтардың рухына бас иеміз, аза тұтамыз.

V. Конференциялық сабақты бекіту.
Қазақ үшін басын бәйгеге тіккен боздақтар есімдерін қастерлеп, олардың бүгінгі ұрпаққа тигізер тағлымын болашаққа аманат етіп жеткізу - парызымыз.
Осы сабақты елбасымыздың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр.

Конференциялық сабақтың жүру барысы:

«Хафуз» күйі ойнап тұрады. Жүргізуші сөзі:
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген –– деп Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай сабағымыздың тақырыбына арқау болып отырған бұл кезең сонау 1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі, 1932 - 1933 жылдардағы ашаршылық нәубеті, Сталиннің жеке басына табынудан туындаған жаппай бұқаралық қудалау.

Баяндама
Тақырып -
1. 1932 - 1933 жылдардағы қазақ халқының басынан кешкен зұлматы. (Байменова М)
2. Ұлт зиялылары «Халық жауы» атанды. (Әбдікерімова А)
3. Қазақстанда құрылған лагерьлер жүйесі. (Насирова С)

Халық қарғысына ұшыраған қылмыскер Голощекин немесе қазақ даласына қырғын қалай келді?
Экранда Голощекин суреті

1. Тамила: Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтықтарды бастан өткергенің көреміз. Әйтсе де, ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны толмас өкініш, азалы да қаралы кезең, қасіретті апат ретінде 1931 - 1933 жылжардағы ашаршылық нәубеті бәрінен де асып түскені сөзсіз. Әрине, ол жылдары ашаршылық тек бізде ғана болған жоқ. Ол Украинада, Солтүстік Кавказда, Еділ бойының кей жерінде халықты қырғынға ұшыратты. Бірақ солардың ішінде азғана қазақ халқының жартысына жуығының қырылып қалуы бұл қасіретті көлемі жағынан да, нәубеттен орны толмас зардап шеккен ұлт ретінде де ХХ ғасырдағы әлем тарихына орын алған осындай апаттардың алдыңғы қатарына шығарды. Ал енді қазақ сахарасына осы қырғын қалай келді!?

2. Мадина: (экранда Ф. И. Голощекин суреті) 1925 жылы республиканың партия ұйымын басқаруға бұрын - соңды көшпенді халық дегенді көрмеген Ф. И. Голощекин келді. Келді де қазақ даласының жай күйімен танысты. Көзкөргендердің айтуынша, мұжықтан басқа шаруа көрмеген Голощекинге ең кедей деген көшпендінің отыз - қырық ұсақ жандығының, төрт - бес ірі қарасының болуы шектен тыс байлық болып есептелді. «Білегінен басқа байлығы жоқ тұттай жалаңаш пролетариат қайда? Дала тұнған ұсақ буржуазия! Социализмді қазақ даласында пролетариатсыз қалай жасауға болады?! Жоқ, Қазақстанда және бір төңкеріс жасау керек! Ұлы Қазан төңкерісі қазақ даласында болмапты!»- осылай ойлайды Голощекин.

3. Ақбөпе: Ф. И. Голощекиннің Қазақстан жеріндегі қанқұйлы «қызметіне» талдау жасамас бұрын оның жеке бас ерекшеліктеріне тарихи құжаттар негізінде тоқталып өтейік.

4. Тамила: Шын аты - жөні Шая Ицкович болған. Филипп Исаевич Голощекин 1876 жылдың 26 ақпанда (жаңа стиль бойынша 10 наурызда) Витебск губерниясында Неваль қалашығында, ұсақ буржуазия отбасында дүниеге келген. Оның өз аузынан жазылып алынып, 1925 жылғы 18 қыркүйекте «Советская степь» газетінде жарияланған өмірбаяныңдағы деректерге сүйенсек, Филипп Исаевич Голощекин алты сыныптық гимназия курсын, сосын (1901 - 1903жж.) тіс дәрігері мектебін бітірген. Осыдан әрі ол білім беру мекемелерінде жүйелі түрде сауатын көтермегенге ұқсайды. Айтпақшы, жер аударылған төңкерісшілердің басқан қадамын қалт жібермей қадағалайтын түрме бақылаушыларының бірі өзінің әлдебір «хұзыры биік мәртебеліге» жөнелткен хатында оны «Шая Ицкович» деп атайды. Яғни, Голощекиннің ақиқат ныспысы да сол – Шая Ицкович болған.
Шая Ицкович 1896 - 1900жылдар аралығында қала дүкенінде приказчик болған. Филипп Исаевич Голощекин балав кезінде көп оқыған, бірақ оқуыенда жүйе болмаған. Әуелде философиямен, кейіннен қоғамдық ғылымдармен шұғылданған. «1900 жылдан бастап тиіп - қашып қана тыйым салынған әдебиетті оқи бастайды» делінген өмірбаянында. Шала сауатты, білімсіз бірінші хатшының күндердің күнінде Қазақстан авантюристік саясат жүргізіп, халықты апатқа ұшыратуының бір ұшы осында жатқан сияқты.
1925 жылы 12 қыркүйегінде Филипп Исаевич Голощекин Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға келеді. Дәл сол жылы республика өмірінде көптеген маңызды оқиғалар болып өткен еді. Мәселен, 19 ақпанда БКП(б) Орталық комитеті Қазақ обкомын Қазақ Өлкелік комитеті деп атау туралы қаулы қабылдаған. Сол айда республика астанасы көшірілді. 15 - 19 сәуірде болып өткен Қазақ АКСР - нің У съезі осыған дейін «қырғыз»аталып келген халықтың тарихи ақиқат есімін қалпына келтірді. Республика атауы осыған сәйкес өзгертілді. Жаңа хатшы 1927 жылдың өзінде - ақ «казахстан на Октябрьском смотре» және «10 лет Советской власти» деген екі бірдей кітап шығарып, онда «қазақ ауылы Қазан лебін сезген емес» деген дәлелсіз байбаламға басқаны көпшілікке мәлім. Қазақстандағы Кеңес өкіметінің 10 жылдық тарихын екі ауыз сөзбен мансұқ еткен Голощекин енді «ауылда Кіші Қазан өткізу керек» деп даурықты. Ең әуелі, Сталинге өз бағытын мақұлдатып алуға ұмтылған Шая Ицкович Мәскеуге хат жолдап, өзі жүргізіп жатқан саяси бағытты тілі жеткенше мадақтайды. Оның жаз, анына сенсек, қазақтар мәдениет атаулыдан мақұрым қалған табиғи тағылар болыпты мыс. Голощекин ауылда босап жүрген елді жинап алып, оларға шанышқы, қасық ұстауды, таза киім киюді, үйлеріне терезе, мұржа орнатуды т. с. с үйреткісі келетін көрінеді. Сталиннің Голощекинге берген жауабын сөзбе - сөз келтірсек: «Товарищ Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей записке, является в основном единственно верной. И. Сталин».

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы, С. Сейфуллин атындағы ЖОМ
Тарих пәнінің мұғалімі Мәуленқұлова Г.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия. Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында.
Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында.
Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарындағы басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, экономикалық даму жағдайы туралы таныстырып, түсіндіру.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Камшат
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің оқытушысы: Айтбекова А. Б.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×