Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол қозғалысы белгілері және қолдану

18 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақ тақырыбы: Жол қозғалысы белгілері және қолдану
Сабақтың мақсаты:
Реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету, жол белгілерінің мәнін ашу жол сызықтарының түрін оқып үйрену оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің әрекетін, ойлау қабілетін жетілдіру, қорытынды жасай білу, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау. Жүргізуші ретінде айналасындағы жүргізушілермен сыйластық қатынасқа баулу.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Пән аралық байланыс: Автомобиль құрылысы, сызу, математика.
Қолданылатын жабдықтар: плакат, тапсырма қағаздар, жол қиылысының макеті, оқулық.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин.
а) оқушылармен сәлемдесу
б) оқушыларды журнал бойынша немесе топ басшысы арқылы түгелдеу
в) оқушыларды 3 топқа бөлу, ойын барысымен таныстыру және оқушыларды өтілетін тақырыпқа байланысты ынталандыру.

Негізгі бөлім
Бірінші бөлім: «Сұрақ жауап». 1. Жүргізуші реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі беріп тұрса қайсысына бағынасың?.
Жауап: Жол реттеушіге
2. Жол белгісі мен жол сызықтарының көрсетуі бір - біріне
қарама – қайшы болса, жүргізуші қайсысына бағынады. Жауап: Жол белгісіне.
3. Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт? Жауап: 5 минут.
4. Бағдаршам жұмыс жасап тұрғанда жол қиылысындағы басымдылық белгісінің күші жойылады ма? Жауап: Жойылады.
5. «Сегіз қырлы»жол белгісі қалай аталады және қай топқа жатады?
Жауап: Аялдамасыз қозғалысқа тиым салынады, басымдылық белгісі.
6. Қарама - қарсы қозғалыстағы көлікке арналған жол жол жолағы жоқ болса, жол қалай аталады? Жауап: Бір бағытқа арналған жол.
7. Қауіпті жерден қанша метр қашықтықта ескерту белгісі қойылады?
Жауап: Елді мекенде 50 - 100м, елді мекеннен тыс жерде 150 - 300м.
8. Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?
Жауап: Белгінің автоарнаға қатысты екендігін білдіреді.
9. Автоарнада оқып жаттығуға рұқсат етіле ме? Жауап: Тыйым салынады.
10. Елді мекеннің аты көк түсті фонда болса қандай түсінік береді?
Жауап: Елді мекеннің негізгі жолдан белгілі бір қашықтыққа орналасқанын білдіреді.
Екінші бөлім: «Жолдағы кездесетін проблемалық жағдайлар»деп аталады.
1 топқа. Қыс кезінде жол жолағы қармен жабылып, бір бағыттағы жолақ санын анықтау мүмкін болмаса, жүргізуші жолақ санын қалай анықтайды?
Жауап: Басымдылық белгісіне «қарама - қарсы қозғалыстың басымдылығы» немесе «қарама - қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық» белгілеріне қарап.
2 топқа. Жолдың тар бөлігінде сіз жеңіл машинаны жүргізіп келесіз. Сізге қарсы жанында тіркемесі жоқ мотоцикл қозғалып келеді. Қандай жол белгілеріне бағынасыз?
Жауап: «Қарама - қарсы қозғалыстың басымдылығы» немесе
«қарама - қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық» белгілеріне қарап.
3 топқа. Сіз өз үйіңізге жақындаған кезде аулаға кіре берісте орнатылған «кіруге тыйым салынады»белгісін көрдіңіз. Не істер едіңіз?
Жауап: Бұл жол белгісіне тек маршруттық көлік құралдары бағын -
байтындықтан басқа жол жолағына бұрыламын немесе жол сызық -
тары мен белгілерге қайшы болмаса кері бұрыламын.
Үшінші бөлім: «Жол қиылысында қозғалып үйренейік»деп аталады.
Макеттегі жол қиылысын пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру қажет. Әр топқа сұрақ тапсырма беріледі.
1 топқа. 1. Жарқылдауық маягін іске қосқан жүргізуші жол қиылысында қандай көлікке жол береді?
Жауап: Екі көлік құралына да жол береді.
2. Жеңіл машина жол қиылысынан нешінші болып өтеді
Жауап: Екінші болып өтеді.
2 топқа. 1. Жүк машинасы қандай бағытта қозғалуға тиіс?
Жауап: Реттілігі бойынша соңынан, солға қозғалу тиіс.
2. Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?
Жауап: Жолдың бес жүріс бөлігі бар.
3 топқа. 1. Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?
Жауап: Солға бұрылатындығын ескертіп тұр.
2. Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұқсат етіледі ме?
Жауап: Рұқсат етілмейді.
Үшінші бөлімнің қорытындысы және жалпы жиналған ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Оқушылар білімін бағалау: 1 - 2 мин.
— оқушылардың алған бағасын ескерту;
— сабақ барысындағы кеткен қателіктеріне түсінік беру
3 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Реттеуші белгілері
Реттеуші белгілері
Жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Қозғау белгілері
Қозғау белгілері
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Жер қыртысының қозғалысы, жер сілкіну
Жер қыртысының қозғалысы, жер сілкіну
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×