Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар сайысы

03 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кластан тыс шара
Тапқыр достар сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
2. Ұжымдық жұмыс жасауға, топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.

Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Топ басшыларын анықтау
3. Қазылар алқасын сайлау
4. Жұмбақ шешу арқылы, қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау

Сайысты бастау
1. Екі топ өздерін таныстырады.
2. «Кім көп біледі?» ( Әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
1 - топ
1. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына неше жыл болды? (20 жыл)
2. Н. Ә. Назарбаев кім? (Тұңғыш Президент)
3. Мемлекеттік Елтаңбамыздың басты белгісі не? (Шаңырақ)
4. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
5. Н. Ә. Назарбаевтың әке – шешесінің аты кім? (әкесі - Әбіш - анасы - Әлжан)
6. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
7. Тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)
8. Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
9. Елтаңбада не бейнеленген? ( Пырақ, шаңырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар)
10. ҚР - ның мемлекеттік тілі – қай тіл? (қазақ тілі)

2 - Топ
1. Н. Ә. Назарбаев қашан және қай жерде дүниеге келген? (1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысындағы Қаскелең ауданының Шамалған аулынында)
2. Мемлекеттік туымыздың түсі қандай? (көгілдір)
3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
4. Еліміздің елордасы қай қала? (Астана)
5. Н. Ә. Назарбаев қашан ҚР - ның тұңғыш Презіденті болып сайланды? (1991 жылдың 1 желтоқсанында)
6. Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)
7. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шота - Аман Уәлихан, Жандарбек Мәлібекұлы)
8. Қазақстанда Конституция күні қашан тойланады? (30 тамызда)
9. Н. Ә. Назарбаевтың мамандығы не? ( металлург)
10. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала еді? (Алматы)
3. «Кім жылдам?»
Әр топ бір әріптен алады, берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен тез жауап беру керек.

1 - Топ
1. Сенің атың кім?
2. Сен бүгін не жедің?
3. Қандай жануар бар?
4. Басың ауырса не істейсің?
5. Дүкеннен не сатып алдың?
6. Сенің досың қандай адам?
7. Кімге сәлем жолдайсың?
8. Шанамен кім сырғанайды?
9. Көйлекті кім киеді?
10. Футболды қалай ойнайды?
11. Сен қайда оқисың?
12. Сен қайда барасың?

2 - топ
1. Сенің ұлтың кім?
2. Шалбарды кім киеді?
3. Нені жақсы көресің?
4. Бау - бақшада не өседі?
5. Әжең сені қалай еркелетеді?
6. Жаңбыр жауса не істейсің?
7. Қыздар нені жақсы көреді?
8. Жастар көбіне қай тілде сөйлейді?
9. Ұлттық тағам?
10. Аспанда не бар?
11. Бүгін не істейсің?
12. Сен қайда тұрасың?
4. «Ойлан, тап» «Тәуелсіздік» сөзінен көп сөздер құрап шығару.
5. «Бір сөзбен айту» ойыны

1 - топ
1. Қалам, сызғыш, өшіргіш, дәптер. (оқу құралы)
2. Алма, алмұрт, өрік, анар. (жеміс)
3. Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, жүргізуші (мамандық)
4. Қол, аяқ, мұрын, көз (дене мүшелері)
5. Жейде, көйлек, етік, құлақшын (киімдер)

2 - топ
1. Көктем, жаз, күз, қыс (жыл мезгілдері)
2. Сәрсенбі, жұма, сенбі, бейсенбі (апта күндері)
3. Кесе, қасық, ожау, пышақ (ыдыс - аяқ)
4. Сәбіз, қызылша, орамжапырақ, қияр (көкөніс)
5. Үстел, орындық, шкаф, кереует (жиһаз)
6. Мақалды жалғастыр
1. Туға тағзым....
2. Туға құрмет.....
3. Отансыз адам.....
4. Отанды сүю.....
5. Ел елдің бәрі – жақсы.....
6. Туған жердің қадірін.....
7. Сайысты қорытындылау.
Әділқазыларды тыңдау, жеңімпаз топты марапаттау.
6 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің ------ жылда жүріп өткен жолдарымен артта қалған тарихи белестермен таныстыру.
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің Ән - әуез пәні мұғалімі: Қожарипова Айгүл
Тапқыр достар (сайыс)
Тапқыр достар (сайыс)
Қарағанды қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ мұғалімі Искакова Назира Сайлаухановна
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×