Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар (сайыс)

09 наурыз 2013, Сенбі
Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Мақсаты: «Тапқыр достар» сайысы арқылы орта буын сыныптары бойынша оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыта түсу. Ұжымдық жұмыс жасауға, топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Өту барысы:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік, - дей отырып, бүгінгі 6 - шы сыныптардың арасында өтетін «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды топқа бөлу
2. Топ басшыларын сайлау
3. Қазылар алқасын сайлау
4. Жеребе тастап, қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын
анықтау.

II. Екі топтың өздерін таныстыруы.
«Алғырлар» тобы
«Достар» тобы
І кезең. «Кім көп біледі?» (әр топқа мәтін бойынша сұрақтар қою, слайд көрсетіледі).
Қарағанды қаласы Қарағанды облысының әкімшілік орталығы. 10 ақпан 1934 жылы Қарағанды қала мәртебесіне ие болды. Қаланың аумағы 497, 8 кв. м, халқының саны 471, 8 мың адам.
Іргесі Қарағанды көмір алыбының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан.
Қарағанды - ғылым, білім, мәдениет орталығы. Қалада Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті, Медицина Академиясы, заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орыны жұмыс істейді.
Қаланың аумағында 50 тарихи және мәдени орындар, ескерткіштер бар. Кеншілер мәдениет сарайы, Нүркен Әбдіров спорт кешені, Константин Станиславский драма театры, Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры, Музыкалық драма театры, цирк, ”Шахтер” стадионы, Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш, Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіш, Бұқар Жырауға арналған ескерткіш, Ғабиден Мұстафинге арналған ескерткіш, Нүркен Әбдіровке арналған ескерткіш, Аппақ Байжановқа арналған ескерткіш, орталық саябақта “Кеншілер» ескерткіші, Қасым Аманжоловқа арналған ескерткіш, Қазыбек биге арналған ескерткіш, Қаныш Сәтпаевқа арналған ескерткіш.
«Алғырлар» тобы
1. Қарағанды қаласының әкімшілік орталығы.
2. Қаланың аумағы.
3. Қарағанды іргесі ненің негізінде қаланды?
4. Қарағанды ненің орталығы.
5. Қала неліктен «Қарағанды» деп аталған?
6. Ескерткіштерді ата.

«Достар» тобы
1. Қарағанды қала мәртебесіне қашан ие болды?
2. Халқының саны.
3. Қарағандының неше жылдық тарихы бар?
4. 1833 жылы бұл жерден кім тас көмір тапқан?
5. Қалада қандай оқу орындары жұмыс істейді?
6. Қаланың аумағында қандай мәдени орындар бар?

ІІІ – кезең.«Кім жылдам?». Әріптер таратылады. Сол әріптерге
байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
ІV – кезең. Сөз құрау. «Қарағанды» сөзінен бірнеше сөз құрау.
V – кезең. «Сен білесің бе?» Сегіз ұяшық қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың артында сұрақтар бар (слайд көрсетіледі).
VІ – кезең. «Кім тапқыр?» (сурет арқылы қимыл жасау).
VІІ – кезең. «Қолқа салу» жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, өлең, т. б.)

Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
«Алғырлар» тобы ұпай.
«Достар» тобы ұпай.
5 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар сайысы
Тапқыр достар сайысы
Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің Ән - әуез пәні мұғалімі: Қожарипова Айгүл
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Екібастұз, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия Тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×