Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сағындырған әндер-ай!

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сағындырған әндер-ай!
Мақсаты: Оқушылардың бойына Индер топырағында дүниеге келген бард ақынымыз Табылды Досымовтың әндерін насихаттау, оқушылар бойына патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, Табылды суреттері, баспасөз материалдары.
Түрі: Ән кеші
Әдісі: Пікірлесу

1 - жүргізуші:
Армысыздар қадірменді қонақтар мен Табылды Досымовты сүйер қауым. Тәуелсіз мемлекет атанған Қазақстанның батысында, ерке Еділ мен Жайық аралығында жатқан өлке – біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер Индер өлкесі. Осы өлкеде бард ақын Табылды ағамыз дүниеге келген.
Бүгінгі кешімізді бастамастан бұрын Табылды ағамызды бір сәт еске алайық! (Үнсіздік жарияланады) Рахмет!

2 - жүргізуші:
Артында өшпейтұғын із қалдырған Т. Досымовтың әндерін бүгінгі кеште оқушыларымыз нақышына келтіріп орындайды деген ойдамыз. Олай болса, алдарыңызда 10 сынып оқушысы Мағзоми Асылханның орындауында «Сәйгүлік» әнін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Ол ешқандай атақ алған жоқ, атақ қуған да жоқ. Бірақ, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген азамат болды. Ол өзінше жол іздеді. Гитараға қазақтың жырын, әуенін қосты. Құр ғана әуенін емес, кәдімгі жыраулық дәстүрдің отты жырларын, мұңды жырларын айтты, соны дүниеге әкелді.
Табылды ағамыздың кітаптарын басып теруде көп көмегі болған. Ағамызбен біраз жыл әріптесі, қазіргі кезде мектеп кітапханасында кітапханашы Г. Бекмухановаға сөз кезегін берсек. (Қысқаша Табылды ағамыздың бойындағы жақсы қасиеттері мен қызықты оқиғаларды баяндады.)
Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең - ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды…
«Биіктік» әнімен Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» байқауының жүлдегері Н. Сағыновты қарсы алайық.

2 - жүргізуші
Қазақтан шыққан тұңғыш бард - әнші Табылды Досымов қайтыс болды. 45 жасқа енді толатын ол жүрек талмасынан көз жұмды. Сазгер, ақын әрі әнші артында өшпес мұра қалдырып кетті. Оның қазақы әндері бүгінде көпке кеңінен танымал.
Т. Досымовтың аудандық ән байқауына қатынасып, жүлделі орын иеленген Мұрат ағамызды «Ұнатамын мен сені»әнімен ортаға шақырайық.

1 - жүргізуші:
Біраз жыл бұрын шыққан “Жалған дүние” әнінде автор ажалдан қашып құтылу ешкімге мүмкін емес дегенді айтқан. Өнердегі, өмірдегі жолдастары да Табылдының әндерінің дені «қоштасу, сағыныш сарынында еді» дейді. Мәселен, “Ұнатамын мен сені”, “Сәйгүлік”, “Мен қазақпын” әндерін қалың қазақ жақсы біледі, сүйіп тыңдайды. Табылды Досымов әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіргенмен, әншілік жолды таңдаған. Атырау өлкесінің тумасы артына 50 - ге жуық әсем ән қалдырып кетті. Достары оны “таудай тұлғасы болса да, жаны нәзік, қарапайым еді” деп еске алады.
Ортада мектебіміздің түлегі Табылды ағасын сүйіп оқитын, қазіргі таңда М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің 1курс студенті Қатарова Ырысгүлдің «Биіктік» өлеңін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Қазіргі таңда Т. Досымовтың артында отбасы қалды. Жары Қарлығаш

Өткізген: А. Жанғалиева, Б. Төлеуова
Махамбет атындағы орта мектеп
2 409
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақтар
Тұрақтар
Тұрақтар ПАЛЕОЛИТ (Ежелгі тас ғасыры)
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Жайық өңірінің перзенті, ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, көбі жалпақтап жүретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да оңай жол іздемеген, қазақтың халық жазушысы, КСРО
Жұлдызды кеш
Жұлдызды кеш
Армысыздар өнер сүйер қауымдарым, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер. Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Қарттарым, аман-сау жүрші
Қарттарым, аман-сау жүрші
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
"Сағындырған әндер-ай" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы
"Сағындырған әндер-ай" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 1 орта мектеп тәлімгері Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×