Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақерке: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Жәнібек: Добрый день, дорогие гости, учителя и учащисся!
Ақерке: Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Жәнібек: Торжественная программа ко Дню Независимости объявляется открытой!
Гимн
Ақерке: Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоксан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!
Жанібек: В историй нашей страны сегодняший праздник особо значим. В этом году мы празднуем 22 годовщину со дня приобритения Независимости. Добро пожаловать на концертную программу посвещеннию Дню Независимости!
Ақерке: Құттықтау сөзі колледж директоры Смагулов Ержан Мәлікұлына беріледі.
Жәнібек: Открывает нашу концертную программу песня “Желтоқсан желі”. Встречаем.
Ақерке: Жас арудың жанарында - Желтоқсан.
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқағанда Желтоқсан.
Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.
Намысымның шырығы да - Желтоқсан.
Сырқай өмір сынағы да - Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан.
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.
Жүргізуші:
Елім деп, қазағым деп, айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Көрініс
Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще!
Тергеуші: Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.
Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма.....
Сот хатшысы: /Сот келеді/ Орындарыңыздан тұрыңыздар.
Тергуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.
Сот: /орнынан тұрып оқиды/ Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60 - бабы бойынша 3жыл бас бостандығынан айырылсын; 173 - бабының, 1 - тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілсін.
Тергеуші: Ал, декабрист, Рысқұлбеков соңғы ақтық сөзіңді айт.
Қайрат:
Ақтық сөзді енді мен,
Сотқа да бір айтайын.
Күнәдән таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
«Қайрат» деген атым бар,
«Қазақ» деген затым бар,
«Еркек тоқты құрбандық»,
Атам десең атыңдар!
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Мәнерлеп оқу: Айсара, Толғанай, Дархан, Әмір, Рамазан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы! (Толғанай)

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын жас Қайраттым, жас өркені халқымның. (Айсара)

Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаматтық күні қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең - жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырап қалай күніміз? (Әмір)

“Нашақор” деп”ұлтшыл”деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары етіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты,
Өтірік пен жаладан
Адам азап шеккен күн
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қаракөз қазақ қыздарын
АМОН - дар бастан тепкен күн
Аппақ қар қанға боялып
Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.(Рамазан)

Монумент(қойылады) Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гул қояды.
Ана: Иә, айналайын балапандарым! Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы Лаула, Лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы! Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің, ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік жүктеу
2 875
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым, Күншілмен де тіл тауып жарасатын. Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен, Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Тәуелсіздік тірегі - шынайы тарих (Үш тілде)
Тәуелсіздік тірегі - шынайы тарих (Үш тілде)
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Қазақ халқы болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ғасырлар бойы тарихымызға ел ұйыстырар көш бастар тұлғалар көп болған.
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
Алматы облысы, Сарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Әсел Ануарбекқызы
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Назира Алиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×