Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тазша бала - 2017 сайысы

03 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тазша бала - 2017 сайысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата - аналар мен қонақтар!
«Шәкірт менің мерейім мен - баспалдақ,
Мен арқылы шықсын ол биіктерге аспандап»атты бастауыш сыныптар онкүндігі аясындағы жоспарланған кезекті дүйсенбі күнгі «Шәкірттің жағып шырағын, сан өнерге баулыды». тақырыбындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер «Тазша балаға»арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен балалардың қиял көкжиегін кеңейту, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерін насихаттау,«Тазша бала» бейнесін сомдау арқылы тапқырлыққа, озық ойлылыққа, шешендікке баулу. Ауылымыздағы өнерлі саңлақ «Тазша бала» республикалық байқауының жүлдегерін таныту, үлгі ету.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта.

2 - жүргізуші:
- Балалар!
- Тазша бала туралы не білеміз?
- Ол қай жанрдың кейіпкері?
- Халық үшін қандай қызмет атқарды?.....
- Өте жақсы. Олай болса экранға назар аударамыз.
Тазша Бала - қазақтың күлдіргі тұрмыс - салт ертегілеріндегі басты кейіпкер. Бұған ұқсас нұсқалар өзбек, татар, қарақалпақ. түрікмен, хақас, бурят, моңғол халықтарының ауыз әдебиетінде де кездеседі. Бұлар тағыда басқа халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі.
Өзінің ақыл - парасаты, тапқырлығы арқасында талай қиын - қыстау жағдайдан, ауыр хәлден аман - есен құтылып кетеді, неше түрлі сыннан мүдірмей өтіп, жеңіп шығады. Өзі сіңірі шыққан кедей болса да уәзір, жендеттермен айқасқа түсіп, оларды халық алдында күлкі, мазақ етеді. Әділетсіздікке, кертартпа әдет - ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы тұрып, күншілдік, қызғаншақтық, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалайды. Сөйтіп тағыда басқа халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер болып табылады.
1 - жүргізуші:
Ал енді бүгінгі сайысымыздың жүрісімен танысайық.
1. Бөлім: Таныстырылым
2. Бөлім: Тазшаға жетпіс өнер де аз
3. Бөлім: Тазшаның тапқырлығы
2 - жүргізуші:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл - аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы өрендерді ортаға шақырайық
Қатысушылар: Усбалиев Нұрасыл 4 «А»
Жұмасат Қанағат 4 «Ә»
Қанатұлы Есбол 4 «Б»
Қуаныш Исмайыл 4 «Ғ»
Қаржаубай Жақсыбек 4 «Д»
Балғабай Досбол 3 «А»
Таубай Нұртілек 3 «Ә»
1 - жүргізуші:
Алдарыңызда тұрған «Тазша балаларымызға» қошеметтеп қол соғып, сәттілік тілейік.
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той!
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп!
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Дей келе, жиналған көпшілік және өнерпаздар құрметіне сөзін жазған Мұқағали Мақатаев әнін жазған Нұрғиса Тілендиевтің « Саржайлау» әнін мектебіміздің өнерпаз балғыны Рамазанова Маржан тарту етеді.
2 - жүргізуші:
Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:
1. Мектеп директоры: Тлеубаева К. К.
2. Мектеп әдіскері: Копашева А. С.
3. Кешіміздің қонағы жас актер: Мөңке Сұнғат

1. Бөлім: Таныстырылым
1 - жүргізуші:
Қанекей танысайық жас өренмен,
Байқайық дарындығын шешендігін.
Өтірік өлең айтып жұртқа жаққан,
Тазшадай болар ма екен өжет ұлың?

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Каракулова Салима Айгазыевна

Тазша бала - 2017 сайысы. жүктеу
6 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз дегеніміз – тарихта болған адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс - әрекеттері жайлы туындаған шығарма. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі – тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі.
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Спорт әлеміне саяхат
Спорт әлеміне саяхат
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу
Әдепті бала – арлы бала
Әдепті бала – арлы бала
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» тәрбиешісі Куспангалиева Гульмира Кажмукановна
Қырық өтірік ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Қырық өтірік ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Искакова Айнұр Хасенқызы
Әліппе – білім айнасы
Әліппе – білім айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циолковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×