Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заңды білу - заман талабы

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі
тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы

Қатысушы сыныптар: 9-10 сыныптар
Тақырыбы: Заңды білу - заман талабы.
Мақсаты:
1. Оқушыларда адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Түрі: сыныпаралық топтық сайыс.
Көрнекіліктері: Қ. Р-ның рәміздерінің суреттері, Елбасы портреті, Қ. Р-ның Конституциясы, т. б. заң жинақтары, бүктемелер, заң туралы қанатты сөздер;

Сайыс жоспары:
1. Визиткалық карточка
( топ аты, өмірлік ұстанымы, топ эмблемасымен таныстыру)
2. «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан.
3. «Тапқырлық» қате мәтін.
4. Үй тапсырмасы
5. «Жағдаяттық сұрақтар»
6. Пікірсайыс
7. «Бейнелі сұрақ»
8. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
9. «Болашақ» жобасын қорғау.

Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
(Б. Момышұлы)
«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
(Ж. Баласағұн)

Сайыс барысы:
1. Ұйымдастыру - үш топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
І топ «Бейбітшілік» 10 А
ІІтоп «Заңгерлер» 10 Ә
ІІІ топ «Ақиқат» 9А, Ә

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы.

І. Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Визиткалық карточка» деп аталады, яғни әр топ атын, топ ұстанымын, топ эмблемасымен таныстырып өтеді. Уақыт -3 минут. Жоғарғы ұпай 10-ұпай. Топтарға сәттілік тілейміз.
ІІ. «Тікелей сұрақтар» - әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

І топ сұрақтары.
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р –да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993, 1995 ж)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
6. Қ. Р. азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10. Қ. Р –ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)
5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)
6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша)
7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)
8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)

ІІІ топ сұрақтары:
1. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)
3. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)
5. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)
6. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
8. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж)

ІІІ. Заңға бағыну –тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық және тағы басқа адамға тән қасиеттер бар екені сол қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі. Олай болса келесі бөліміміз, «Тапқырлық» деп аталады

Шарты: Қ. Р- ның кез-келген заңынан қате мәтін беріледі, әр топ қатені түзеп, ол Қазақстан
Республикасының қандай заңынан алынғандығын табады. Жоғарғы балл 10 ұпаймен
есептеледі.

ІҮ. «Үй тапсырмасы» жоғарғы ұпай 10 ұпай
Тақырыпқа байланысты және тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына орай жасалған бейнені (макет) таныстыру, қорғау.

Ү. Отаным деп танып, оның заңдарына бағынған адамның белгілі бір мемлекетті – елжандылық, азаматтық жауапкершілікке байланысты, өз елінің алдындағы азаматтық борышы. Олай болса, келесі бөліміміз «Қ.Р- ның азаматтық» Кодексіне байланысты жағдаяттық сұрақтарға кезек береміз.
«Жағдаяттық сұрақтар»
І топқа: Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі, олар Мәдена Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды.
Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде ...? (7 бап жоғалтпайды)

ІІ топқа:Ирина мен Қайрат Қ.Р- ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың жанұясында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі? (12 бап Қ. Р азаматтығы беріледі)
ІІІ топқа: Қарт адам Париж қаласындағы Қ.Р- ның елшілігіне келіп, оған Қ.Р- ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың аржағын да отыруы керек болатын қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме? (17-бап берілмейді)

ҮІ. Пікір сайыс: Берілген сұраққа әр топ өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек? Уақыт 3 минут.
Тақырып: «Жастар және қылмыс»
І топ: Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
ІІ топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
ІІІ топ: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

ҮІІ. «Бейнелі сұрақ»
Шарты:
Әр топ қарсы топқа екі сұрақ қояды, бірі - көрініспен, екіншісі - мәтінмен берілуі тиіс.

ҮІІІ. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
Тақырып:
І топ: «Оқушы құқықтары»
ІІ топ: «Оқушы міндеттері»
ІІІ топ: «Оқушы жауапкершілігі»

ІХ. . «Болашақ» жобасын қорғау.
Шарты:
Барлық топқа бір сұрақ беріледі, сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қорғап шығуы керек. Уақыт: шектеулі 5 минут

Сұрақ: «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»

Қорытынды: Әділ қазылар алқасы әр топтың бағасын беріп марапаттайды.
Міне, бүгінгі сайысымызда айтылғандарды саралай келе, еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы, қымбатты оқушылар, болашақ жастар сендердің өз қолдарыңда.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М. Әуезов атамыз айтқандай «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңе салыңдар.
31 188
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Заңды білу - заман талабы
Заңды білу - заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×