Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлтына қамқор - Елбасы

21 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

Ашық тәрбие сағаты: «Ұлтына қамқор - Елбасы»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, көрме.

1 - Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар және қонақтар!
2 - Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

2 - Жүргізуші: Алихан, сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
1 - жүргізуші: Әрине, Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата - бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.

1 - Жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2 - Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Ақұштап Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн» өлеңін тыңдайық. Оқитын - Жұбанышева Қарлығаш.

Ерлікті көзбен көрген күн
Желтоқсан — 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астаң - кестең ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.
Айтамыз ертегі етіп ол күндерді,
Батыр деп мадақтаймыз жөн білгенді,
Халыққа Жаңа жылдық сәлем жолдап,
Жазушылар үйіне Колбин келді.
Біреулер бастық көрсе қуанатын,
Біреулер жалпылдайды сұрап атын.
Бір кезде жазушылар мінбесіне
Барады көтеріліп Жұбан ақын.
Қазақша акцент, толқыған қатал үнмен:
«Замандаспыз — деді оған, қатар жүрген.
Желтоқсанның көргенше он алтысын
Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен».
— Қорғағанмын жаудан мен Совет елін,
Әлі күнгі Отанды ән етемін.
«Мен қазақпын!» - деуші едім біле тұра,
«Шовинизм» дегеннің бар екенін.
Ұрпағыма халім бар не дер еңді,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан
Ит таласын деп пе едім немеремді?
Ақынша айтсам, «ұлы елдің» бұл мазағын
Менің далам көтерді күллі азабын.
Тың жерімді игерген бауырларың
Тракторге таптатты қыр қазағын.
Оныңа да шыдады халқым менің,
Берді емес пе билігін, алтын кенін.
Тұңғыш тұрсың алғашқы дәмін татып,
Түсінбейсің замандас, салтын елдің.
Бір еместей өзіңмен жолым бүгін
Мен айтпасам паш етер сорымды кім,
70 жылдай, құрбым - ау, келесіңцер
Пайдаланып қазақтың момындығын.
Деп үйреттің мәңгүртсің; бәрің надан,
Тіл мен діннен айрылды елім, бабам,
Кеше аланда сабаған — сенің тегің,
Ал таяқты жегендер менің балам.
Ақын жүрек тартуда содан қайғы,
Шыдамаспын айтпауға жарам жайлы,
Кешір мені, замандас, осы жолы
Жұбан саған пікірлес бола алмайды.
Намыс пен кек түнеріп қабағында,
Мұң аралас жас тұнып жанарында.
Ел алдында арқадан жүгі түсіп,
Ақын тұрды тазарып ар алдында.
Тынып қалды зал тегіс күбірлемей,
Бір адамның жанары күлімдемей.
Біз отырдық төбеден жай түскендей
Арқамыздан құмырсқа жүгіргендей.
Кетті залды ақынның өртеп демі,
Әлі есімде - біреулер селт етпеді.
37 қуғынын көрген сорлы
Қол соғудан сескеніп, жер тепкені.
Жұбан - бөрі, өзгелер — қояндардай,
Колбин жүзі сөл қанға боялғандай,
Зал гуілдеп, бір кезде жер солқ етіп,
Ұйқысынан бар қазақ оянғандай.
1 - жүргізуші: Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ. Н. Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу – бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Ұлтына қамқор - Елбасы. жүктеу
3 752
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Елбасы сенімі - ел сенімі
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Елбасы сенімі - ел сенімі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×