Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстазым - асыл қазынам!

26 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ұстазым - асыл қазынам!
Мақсаты: ұстазды ұлықтауға, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр балапанның жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген кішкентай балапандар, апайларымен мақтанады. Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
Жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкіртінің бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашы.
Ұстаздарға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол « Ұстаз» деп білу керек
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым».
Жүргізуші:
Ажырамай ұжымнан бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз.
Мерекелік құттықтау сөз кезегін меңгерушіміз Динара Кадірханқызына береміз.

Т. Кәусар:
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын!
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Аяулым:
Бақшам үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Әли:
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы - қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген
Бексұлтан:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады
Нұрзира:
Бар өмірін балаларға арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Бақшамыздан шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Айша:
Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе - бет сен келесің.
«Жастар биі» ортада: Биші қыздар
Н. Кәусар:
Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың.
Бекзат:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
Ж. Кәусар:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Айкерім:
Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама
Жеке ән: « Мұғалім ол біздің» Кәусар, Нұрзира; Ж. Кәусар, Айгерім
Жүргізуші: Құрметті тәрбиеші ұстаздар, егер де тәрбиеші болмағанда кім болар едіңіздер?
- Ия, тәрбиешілер, мұғалімдер бастық, сот, әртіс, жазушы, сылақшы болуды армандамайды екен. Өйткені: Әр тәрбиешінің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 25 - 30 бүлдіршіндері бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата - ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
- Әр тәрбиеші өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
- Бір тыным жоқ. Топтың тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
- Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері болып жүр, келісесіздер ма?
Олай, болса сол ұстаздардан тәлім алған қызметкерлерді шақырайық:
Сахнаға полицей, дәрігер, банкир, дизайнер, шығады:
Әлішер:.
Мен полицей қызметкері,
Бастау алған тәртіптен.
Алда, озып келемін,
Ұстаз берген тәртіппен!
Айзере:
Дәрігермін, жәрдем берер науқасқа,
Жақсылығым жақсылыққа жалғасса.
Бағаланса менің егер еңбегім
Қарыздармын мұғалімге әу баста
Байсалбек:
Мен банктің басшысымын, қалада,
Бас иемін мұғалімдей данаға.
Тамсанамын, кейде қайран қаламын,
Үйретуден жалықпаған балаға.
Айдана:
Дизайнермін ұстаздан алған білім,
Сағынамын апайымның аяулы үнін.
Жинап келдім шоғымен қырдың гүлін,
Құттықтаймын ұстаздарды мен де бүгін.

Шалқар ауданының білім бөлімі
«№12 бөбекжай - бақшасы»
Тәрбиешілер: Жолекенова: Л
Мадиярова К.
2 657
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазым менің ұстазым!
Ұстазым менің ұстазым!
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында өтетін мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің бала көңілдеріңіз әр тәрбиеленушілердің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса, кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ешепетова Айгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×