Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Мақсаты: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды таныту.
Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, шарлар, гүлдер

Жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Құттықтау сөздер
ІІІ. Әдеби – музыкалық монтаж

1 - жүргізуші:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдеп.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас - қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп
Ән «Ұстазым»- хор

Жүргізуші:
Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң, тыныстап кең тұрасың.

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың

1 - жүргізуші:
Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым, ұстаз, сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.

Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым болашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.

1 - оқушы:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз. жүктеу
2 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ - береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне
Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте
Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте
Мақсаты: әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жасалған жыл бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау, жинақтау
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×