Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің тұңғыш Президентім

23 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сынып сағаты 2 сыныптарға
Сабақтың тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Сабақтың оқыту мақсаттары: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бәрі: сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, өлеңді мәнеріне келтіріп оқиды.
Кейбір оқушылар: Н. Ә. Назарбаевтың өмірінен қосмыша мәліметтер келтіреді.
Өткен сабақтардан алған білім: Ақылды бала мен ақылды қыз

Сабақтың басы (5 минут)
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Үй жұмысын сұрау. Алда қандай кітаптар оқығысы келетіндері жайлы.
Ой сергек: «Сәлемдесу» ойыны
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен.. қолмен... иықпен... құлақпен..... арқамен.

Сабақтың ортасы (30 минут)
Мағынаны ажырату
Ой қозғау
Сөйлемді құрап түсініп оқы. Жаттап ал.
*Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі..
*Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
*Мемлекеттік ту мемлекеттік рәміз болып табылады.
Тақырыпты болжау
Тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оқушылар сол сөздерді дұрыс орналастырып, тақырыпты табады. (Менің тұңғыш Президентім)
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Масатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Елтаңба – «герб» термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан

Оқылым.
Тапсырма. Елбасы, Отан, туған жер туралы өлеңді түсініп әрі мәнерлеп оқы.
Жетістік критерийі: өлеңді түсінген, мәнеріне келтіріп оқи алады.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау.
Айтылым.
Топтық жұмыс.
Тапсырма.
Сөздерді пайдаланып, Президент туралы әңгімеле Бағалау: Бас бармақ көрсету арқылы бағалау.

Ойтолғаныс
Жеке жұмыс.
Егер мен президент болсам....... Эссе жаз.

Бағалау: Қол соғу арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы (5 минут)
Үй тапсырмасы: Елбасына арнап өлең шығару
Кері байланыс. Ауызша. Сабақтың жетістік критерийін еске түсіріп, бүгінгі сабақтың мақсатына жеткен, жетпегендері туралы айтады. (барлық сабақтарда осылай қайталанып отырады)

Рефлексиялық шеңбер.
Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:
- Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?

«Береке орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Ж. Е. Әлжанова

Менің тұңғыш Президентім. жүктеу
3 074
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз елім – тірегім
Тәуелсіз елім – тірегім
Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу; «Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру Тәуелсіздік туралы және батыр ағаларымыз бен апаларымыздың өмірінен қосымша мәліметтер келтіреді
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×