Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

23 ақпан 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
(Ана - тіршілік тірегі)
Сценарий тақырыбы:«Ана - тіршілік тірегі
Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.

Барысы: Кіріспе:
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Ведущий №2:
Здравствуйте, уважаемые гости, мамы и бабушки, милые девочки! Весна — это начало новой жизни, это пора любви, солнца и улыбок!
Сегодня мы собрались здесь, чтобы отметить праздник мам, бабушек, девушек и девочек. Мы — мужчины выражаем вам огромное почтение, уважение и любовь!

Мы поздравляем всех женщин, девушек с этим прекрасным весенним праздником! Мужчины всегда будут восхищаться умом, красотой, добротой и очарованием вашим!

Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Молдағалиева Несібелді Шакировнаға беріледі.

Жүргізуші: - Әйел - Ана, Әйел - Өмір, Әйел - тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман - есен бүгінгі күнге жеткізген әйел - ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана - болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.
Аманжолов Арыстан мен Көпбосын Ризаның орындауындағы «Вальс» биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыздың құрметіне «Құттықтаймын мама» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ведущий №2
День весны стучится в дверь!
Открывайте сердце счастью!
Мы поздравим вас теперь,
Миновали, чтоб ненастья!
Чтоб любовь царила в мире,
Чтоб все было словно в панораме —
Так красиво, так шикарно, мило
С праздником, девчонки, мамы!
Приглашем на сцену наших чтецов. 2 - 3 - 4 рус. классы

Жүргізуші: - Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген. Күміс көмей аруларға Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекті «Экипаж» биіне береміз.
Жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Айымгулдің орындауында «Балапан Қаз» әнін қабыл алыңыздар.

Сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні. жүктеу
26 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айналайын Ақ мамам
Айналайын Ақ мамам
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Ана – тіршілік тірегі
Ана – тіршілік тірегі
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" (қазақша 8 наурыз сценарий)
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" (қазақша 8 наурыз сценарий)
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×