Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін сүйген Елбасы

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Президент күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының. Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады
Таңғажайып сәт:
Тәрбиеші: Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: – ия
Ерте - ерте ертеде, бір қыран құс өмір сүріпті. Қыран құс құстардың ішіндегі ең ақылды, ең байсалды құс болыпты. Бір күні қыран құс, құстарға басқа жаққа барып, мекен ететінін айтады. Қыран құсқа қай жаққа барасың десе: бау бақшасы бар, ынтымағы жарасқан, аспаны ашық елде тұрамын депті. Сол қандай ел екені сандықта жасырыныпты.
Тәрбиеші:- Ол қандай ел екенін білгілерің келе ме?
Балалар. – Ия
Оны білуіміз үшін 3 сұраққа жауап беруіміз керек. Осы 3 сұраққа жауап берсек сандығымыз ашылып, ішінен жібек шашылып, ынтымағы жарасқан тату - тәтті ел, қандай ел екенін білеміз.
1 -*сұрақ:
Тәрбиеші:- Балалар Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар:- Отан деген біздің туған жеріміз, туған еліміз
Тәрбиеші:- Иә балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған – туыс бауырымыз, кіндік қанымыз тамған жер.
Тәрбиеші:- Ал балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Тәрбиеші:- Иә балалар, біздің яғни, Қазақстан Республикасы.
Президентіміз кім екенін білеміз бе?
Балалар:- Білеміз. Нұрсұлтан ата
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Елін сүйген Елбасы» деп аталады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940жылы 6 - шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. Ол 1991жылы Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.
2 - сұрақ:
Тәрбиеші:- Елордамыз қай қала?
Балалар:- Астана
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Астана әсем қала
Тәрбиеші: Астанада не бар?
Балалар:- Бәйтерек
3 - сұрақ:
Тәрбиеші:- Балалар біздің өзіміздің рәміздеріміз бар. Қандай рәміз екенін білесіңдер ме?
Балалар:- Әнұран, Елтаңба, Ту.
Әнұран - салтанатты ән. Балалар үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп әнұранымыз орындалады.
Тудың түсінің көгілдір болуы - бұл әлемнің, ашық аспанның түсі. Тудағы дала қыраны еркіндіктің, бірліктің белгісі. Ал шұғылалы алтын күн - байлық пен берекені, тыныштықты білдіреді. Ал ою – қазақ халқының тарихын, мәдениетін, ұлттық салт - дәстүрге деген құрметті білдіреді. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат - адамның қанаты. Шаңырақ үлкен, ортақ үй дегенді білдіреді. Шаңырақтың астында Қазақстан деген жазу бар.
- Тәрбиеші:- Балалар енді осы Отанымыз, Президентіміз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз туралы тақпақ айтайық
Б. Нұрасыл: Отан, Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
Арсен: Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Лейла: Бүгін мейрам, бүгін той
Тойлатады адамдар
Желтоқсанның бірінде
Президенттің күнінде
Сәуле: Асқақтай бер, Қазақстан,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Айару: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Айғаным: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
Гүлдана: Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен көркем, неткен сұлу
Осы менің туған өлкем!
Айым: Биіктей бер Нұр аға
Қыран қанат талмасын
Қадірлемей тұра ма
Халық сіздей тұлғасын.
Сезім: Нұрын төккен еліне
Есімі оның Нұр аға
Ел тыныштығын ойлайды
Қазақстанды қорғайды
Іңкәр: Нұр аға сенің арманың
Халық жылдап күтуде
Бізге тек сенен керегі
Нұр аға аман болғаның!

Тәрбиеші:- Балалар сендер сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, тақпақты жақсы айттыңдар, енді біздің сандығымызды ашатын уақыт болды, қане ашайық.
Ой, балалар бұл Қазақстан картасы. Жаңағы біздің қыран құсымыз Қазақстанға ұшып бармақшы екен.

Тәрбиеші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы!
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын
Елімнің ел ағасы, ел басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Қорытынды:
Тәрбиеші:- Сонымен балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
Президентіміз кім? Қандай рәміздеріміз бар?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш президенті.
Елбасымызды елі сүйген. Сендерде еліміздің келешегісіңдер! Еліміздің елі сүйген, елін сүйген қалаулы азаматы болыңдар!
Ән: «Көк тудың желбірегені»

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті,
№3Ақтоғай балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі
Мурумбаева Жанар Аманжолқызы
2 216
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмір жолы, ерекше қадір қасиеті, ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуға, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін ұлттық сана сезімі жоғары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×