Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

26 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Үлкенге де, сіз
Кішіге де сіз.
Ата – ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Ән ұран:
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, нег сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің «Анау не Мынау не « деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін»
Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
Ата және әже туралы тақпақ:
Сандуғаш: Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын,
Шақырса даладан.
Жүгіріп барамын.
Шахислам: Атам айтса «Ұлым» деп
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім» деп.
Хор: Анажаным
Ендігі кезекті ата – ана туралы тақпаққа береміз:
Әсел: Кім сендерді балалар үйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре тұғын.

Нұрдаулет: Кім сендерді балалар тербететін
Еркелетіп, ойнатып сергітетін,
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын, көлдететін.

Дина: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін.

Мейірбек: Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенде Адам болып,
Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.

Хор: Әже туралы

Отбасы туралы мақал – мәтелдер.
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз»- «Біз» деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Балам – балам
Баланың баласы жаным.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
Мұғалім: Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырам. Шешуін кім тез табады екен.
Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті екен. «Политция»
Арқан байлап беліне, Шымырлықпен бекіне.
Өрмелейтін қай өрең, Шыңның шырқау шегіне. « Альпенист»
Өнеге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан,
Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан. «Бейнегер»
Ол жетсе ауылға, Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады. «Электірші»

Оқушылар шеңбер құрады: Хор
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық!
Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Істей білу керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: «Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.
2 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Отаным - берекем, Отбасым мерекем!
Отаным - берекем, Отбасым мерекем!
Ата - ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Отбасы – ақындар өлеңінде
Отбасы – ақындар өлеңінде
Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсіндіру.
Біз бақытты отбасымыз
Біз бақытты отбасымыз
Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға
Менің отбасым
Менің отбасым
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Отан - отбасынан басталады
Отан - отбасынан басталады
Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×