Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отаным - берекем, Отбасым мерекем!

29 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Отаным - берекем, Отбасым мерекем!
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Ата - ана мен бала арасындағы ізгі қарым – қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата – ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата – ана екенін түсіндіру.

Басы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, келіңдер шаттық шеңберіне тұрып, келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Қайырлы күн, ұстаздарым!
Қайырлы күн, достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!
Добрый день, учительи!
Добрый день, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!

Good morning, good morning, (гуд мониң, гуд мониң)
Good morning to you (гуд мониң ту ю)
Good morning, good morning (гуд мониң, гуд мониң)
We are glad to see you! (уй а глэд ту си ю!)
Педагог балалармен амандасады: Good morning, children!
Балалар: Good morning, Teacher!

Ортасы
- Осы жақсы көңіл - күйімізді ағылшын тілінде айтып береміз бе?
- Ия.
- That’s OK. Stand up, please.
Балалар: Hello, hello, How are you?
I’m happy, happy, happy
Hello, hello, How are you?
I’m great, great, great
Hello, hello, How are you?
I’m OK, OK, OK!

Құрметті ата - аналар, ұстаздар! 4 «Ә» сыныбының өткізгелі отырған «Отбасым - берекем, отаным - мерекем!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы - ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Қазіргі қоғамда ата – ана баласынан не күтеді? Ата – ананың бақыты неде? Баласы ата – анасын қалай бақытты етпек? деген сұрақтарға жауап күтеміз.
Ата – аналар сіздерге бір сұрақ қойсам бола ма? Оған ауызша жауап берудің қажеті жоқ тек ақылыңызбен, жүрегіңізбен, қолыңызбен көрсетсеңіз жеткілікті.
Сұрақты мұқият тыңдаңыздар егер сұрақтың жауабы «әке» десеңіздер бас иесіздер, «ана» болса шын көңілмен езу тартамыз, «екеуі де» десеңіздер қол шапалақтаймыз.
1. Бала - шағаның қамы үшін еңбек етіп, осы баламның уайымсыз қайғысыз жұрттан кем болмасын деп үйден көрі түзде көп болатын кім? ӘКЕ
2. Жаным ау, сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсінші, саған кім тиді, не жисің, қарның аш емес пе, деп айтатын кім? Ана
3 Осы өсіріп отырған балаларымыз аман - есен дені сау, қанаттары қатайып, биіктен көрінсінші деп, күндіз түні тілеулес болып отыратын жандар кімдер? Әрине ата - ана.
Өте дұрыс. Олай болса бүгінді тәрбие сағатымызда сіздердің қолдауларыңыз керек. Ұнаған жағдайда басымызды изеп, езуімізді тартып, қол шапалақтап отырайық құрметті ұстаздар ата - аналар. Оқушыларды топқа бөлу.
Отбасы мүшелеріне байланысты: Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз.
Әр топ өз топтарын қорғап, ән билерін көрсетеді.

1 - Жүргізуші;
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
— Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен…..
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
……. Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талмайды екен!

2 – Жүргізуші;
Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың үміт - арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата - анасын, туған - туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата - анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды». деген.

1. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.
«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?
1. Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ.
2. Отбасы – жылулық.
3. Отбасы – ананың аялы алақаны.
4. Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі.
5. Отбасы – бала бақыты.
6. Отбасы — шағын мемлекет.

Хормен Ата – ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық.
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
1 - О. Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы жандарды көреді екен. Ол – АТА - АНА. Балаға олардан артық, олардан қымбат жан жоқ. Әрбір ата - ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
2 - О Алдымен сүй, ардақта ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата - анасын сағынған,
Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.
Екеуінің қуанышы, тілегі
Әрқашанда бір арнадан табылған.
3 - О Ата - ананы сыйлау – сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.

4 - О Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелуші жан.
1 - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар біздің сыныптың балалары өз ата – әжесі мен ата – аналарына арнаған бір арнауын осы жерде көпшіліктің алдында шын көңілмен айтып бергісі келіп тұр. Бәріміз де отбасымызды жақсы көретініміз мәлім, барлығымыздың да айтқымыз келіп тұр, бірақ уақыт шектеулі қалғанымыз сыныпта айтармыз.
1 - О.
Ата.
Қыдырып бардым атама,
Қалыпты атам ауырып.
Мейірімді аташым,
Айтшы маған аташым,
Тиді саған қайсы дерт,
Қорқытайын сол дертті.
Дәруменді ішкізіп,
Сауыққын сен тезірек.
Мен ішкізсем дәрумен,
Жазылшы сен аташым.
Аташым менің тірегім.
Көп еді - ау сенің тілегің.
Атыңды сенің ардақтап,
Жүремін әр кез мақтанып.
Көп жүріп кейде ойланам,
Атам жайлы толғанам.
Аташым болса қасымда.
Қуаныштан шаттанам.
Атам маған шөп ору, малға қалай қарау керектігін үйретіп жүреді. Осы немерелерімнің дені сау, әрі біздің бақытымызды көрейік деп тілеулес болып жүрген аталарымыз аман болсын!
2 - О.
Әже.
Әжеме кетсем жұғысып,
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.
Қабағын бір сәт шытпайды,
Жайдары ашық мінезі. Балалар үйден шықпайды,
- Естілмес қатал бір сөзі.
Құшағы менен пейілі,
Далаға байтақ тең келер.
Нұрындай күннің мейірі,
Біздерге бақыт дем берер.
Ниеті таза, сондай ақ,
Мейірім толы жанары.
Таппаса байыз жанды аяп,
Демігіп, қажып қалады.
Қоя ғой, қарғам, күнім деп,
Айналар жанды жылытып.
Қараса әжем күлімдеп,
Кетеміз бәрін ұмытып.
Менің асыл әжем өте өнерлі, қыз бала қандай болу керектігін күнделікті айтып отырады.
( Әжелермен ән айту)
3 - О.
Әке.
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірге әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп - кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем.
Би қыздар биі
4 - О.
Ана.
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
(Ситуатциалық сұрақтар үш ата – ана шығады)
1 - оқушы: — Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2 - оқушы: — Анашым, мен бүгін математикадан «2» алдым.
3 - оқушы: — Анашым, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!
Көрініс көрсету. «Қарт пен бала» көрінісі.
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін.
Ал балалар бұл көріністен қандай ой түйдіңдер?
Кімнің іс әрекеті дұрыс емес?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Балалар біз өз тарихымызды, жеті атамызды білуге тиіспіз. Айтар болсам жеті атам,,,,, Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Менің елім – Қазақстан. Мен еліммен, тіліммен, дініммен басымды көтеріп, мақтана аламын. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
- деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз басына бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.
Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Ән. Қазағым ау.

Мектеп:№83. А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Джумабаева Гулжар Абдимуталиевна
Отаным - берекем, Отбасым мерекем! жүктеу
2 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Astana is the heart of the country
Astana is the heart of the country
Мақсаты: балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру.
Сөздік ағылшын тілінен
Сөздік ағылшын тілінен
Ағылшын тілінен сөздік
My pet
My pet
to teach new words related to animals. To develop student’s listening, reading, speaking skills.
Sport
Sport
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобанов орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыйлыгул Захайқызы
My flat
My flat
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мекеева Замира
Movies
Movies
Қызылода облысы, Шиелі ауданы, №127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - лицейі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұлтарақова Қалдыгүл Секенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×