Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан батырлары

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Желтоқсан батырлары
Ұйымдастыру кезеңі.
• Балалар, бүгін аптаның қай күні?
• Көңіл - күйлерің қандай? Ендеше, көңіл - күйлерің жақсы болса, бугінгі тақырыбымыз да ерекше. «Желтоқсан батырлары» атты ашық тәрбие - сабағымызды бастаймыз.

Кіріспе. Ой - қозғау. Тәрбиеші қолындағы әртүрлі мерекелер бейнеленген доптарды балаларға лақтырады. Допта жаңа жыл, наурыз, тәуелсіздік, халықтар достығы, әйел - қыздар мерекесі, тұңғыш президент күні, мұғалімдер күні, конституция күніне арналған суреттер бейнеленген. Оқушылар допты алады. Тәрбиеші сұрақ береді.
• Қолдарыңдағы допта қандай мереке бейнеленген?
• Осы мерекелердің ішінде қайсысы біздің төл мерекемізге жатады?
Оқушылар жауап береді. Ендеше, балалар, бүгінгі ашық сабағымыз осы төл мерекеміз тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақ халқының тәуелсіздік мерекесі 16 - 17 желтоқсан болып саналады. Біздің тәуелсіздік мерекеміз бізге оңай жеткен жоқ. Қазақтың тәуелсіздігін ата - бабаларымыз ежелден армандаған. 70 жыл бойы орыс империясының қол астында болған қазақ халқы бостандықты аңсап келген еді. Халық арасындағы озбырлыққа шыдамаған қазақ жастары 1986 жылы алаңға шықты. Осы алаңда бірнеше қазақ жастары мерт болды. Бүгінгі ашық сабағымыз осы тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан батырларына арналады. Тақырыбымыз: «Желтоқсан батырлары» деп аталады. Ресейдің езгізінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда қазақ студенттерінің құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Сол кезде алаңға шыққан қазақ жастарының арасында Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтар болды.
(Слайд арқылы түсіндіреді)
Негізгі бөлім. Сахналық көрініс. «Желтоқсан батырлары» атты сахналық көрініс. (Ортаға екі оқушы шығады. Бірі – Қайрат, екіншісі – Ербол. Қолдарында конспектілері бар.)
Қайрат: Ербол, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Ербол: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Қайрат: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Ербол: Неге? Неліктен?
Қайрат: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Ербол: Қой, біздің мұнда тығылып жатқанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік, тез барайық!
Тәрбиеші: Ия, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер «өкіметке қарсы» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Көрініс: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «әр халыққа өзінің көсемі керек», «Қазақстан қазақтардікі» деген жазуы бар қағаздар. Оларға Сабира, Жазира қосылды. Осы кезде қосылып «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.
Тәрбиеші: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кезкелген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков та ұсталып қамалды.
(Тергеушінің алдында отырған Қайрат Рысқұлбеков)
Тергеуші: Савицскийді өлтірген сен бе?
Қайрат: Мен емес.
Тергеуші: Сен өлтірген. Мойныңа ал.
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар.
Тергеуші: Мойныңа аласың.
Тәрбиеші: Осылайша Қайратқа Савицскийді өлтірді деген айып тағылып, ату жазасына кесілді. Кейін ату жазасы 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Бірақ бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар
Тәрбиеші: деп Қайрат сотталып кете барды. 1988 - жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21 камерасында 21 жасында «өзін - өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Желтоқсан батырлары ақталып Қайратқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Лаззат пен Сабираға ақтау жөніндегі анықтама қағазы берілді.
Оқушылар «Желтоқсан желі» ән айтылады.
Тақпақ. Жандос:

Қорытынды.
Тақтамен жұмыс. Слайд. Тақтада бірнеше қазақ батырларының суреттері көрсетіледі. Оқушылар солардың арасынан желтоқсан батырларын табады.
Тәрбиеші: Балалар, мына суреттерден желтоқсан батырларын көрсетіңдер. Оқушылар көрсетеді.
Сұрақ - жауап. Слайд.
• Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
• Желтоқсан оқиғасына неше жыл болды?
• Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қандай?
• Біздің президентіміз кім?
• Мемлекеттік тіліміз қай тіл? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші: Осылайша қазақ жастарының армандаған тәуелсіздігін 1991 - жылы қол жеткіздік.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата - баба рухына.
Тәуелсіздік құтты болсын, балалар! Халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, балалар!
Ән. «Көк тудың желбірегені»

Қаскелең қаласы облыстық
зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп -
интернатының тәрбиешісі Жуманазарова Амина
16 712
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Желтоқсан
Желтоқсан
Тәуелсіздік мерекесіне арналған презентация
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×