Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 Сәуір - Күлкі күні

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Күлкі мерекесі
Балаларға арналған мерекелік іс - шара: ортаңғы және ересек топтарға арналған.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Спорттық іс - шаралар ұйымдастыру арқылы дамыту. Мейірімділікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Ах, Ух, Ой (Үлкендер).
Көңілді әуен ойналып балалар залға кіріп отырады.
Сайқымазақ Ах, Ух, Ой жүгіріп кіреді.
Ах: Сәлем балалар, ұлдар мен қыздар!
Ух: Сәлем, сәлем балапандар! Біріңді қалдырмай көңілді отырысқа шақырамыз!

Ой: Сәлеметсіңдер ме, балалар... ой - бой
Ах: Ой, не болды ойбайлап көңіл - күйімізді түсірмеші? Қара, менімен қыздар қалай көңілді және қатты амандасады!
Ух: Ал ұлдар, оданда қатты амандасады!
(Ах пен Ух дауласады, қатты амандасқан (ұлдар, қыздар...)
Ой: Ой - бой шуламаңдаршы, дауласпаңдаршы, тағы бір амандассын.
«Сәлемдесу» ойыны өткізіледі.
(балалар ұлдар мен қыздар болып екі топқа бөлінеді. Ахтың белгісі бойынша «сәлем» деп қыздар айқайлайды, ал Ухтың белгісімен – ұлдар. Кім қатты айқайласа солар жеңеді.)
Ой: Ой - бой құлағым естімей қалды, тоқтатыңдар!
Ах: Балалар, бүгін Күлкі күні барлық әлем тойлатады немесе Алдар Көсенің туған күні деп те, атайды. Ал мына Ой болса көңілсіз. Қане, бәріміз оның көңілін көтерейік! Сендер қатты күлуді білесіңдер ме? Менің тобым қызғалдақтай қыздар «Хи - хи - хи»! деп күледі.
Уф: Ал менің тобымдағы мықты ұлдар “Ха - ха - ха”! деп күледі.
Ал бастайық.....
«Күлекештер» ойынын өткізеді.
Ой: Ой - бой не күлкі, нелеріне жетісіп күлесіндер а...? Мына қиын заманда, жағдай жоқ кезде не күлкі ұқпаймын, ой - бой.
Ух: Енді қайтсек, а? Мына Ой көңілін қалай көтерсек екен?
Ах: Мен таптым, көңілді би билейік?
(балалардың қалауы бойынша би)
Ой: Ой болды шаршадым, жалықтым, қарным ашты.
Ах: Сөзбе екен! Шелпек жегенді ұнатасың ба?
Ой: Әрине!
Ах: Ал балалар, Ойды шелпекпен тамақтандырайық па?
«Шелпек дайындау» ойынын ойнату.
(Балалар кастрюльдегі шелпекті алып, табаға салып жүгіріп үстелдегі тәрелкеге апарып салады. Ой жеп, қалғанын ішіне салып алады.)
Ой: (Іші үлкейіп үстелден тұрады)
Ой - бой көп жеп қойдым, көмектесіңдер!
(Ах пен Ух жастық әкеліп жерге жатқызады)
Ах: Ой демалғанша біз сендермен тыныш отырып ойын ойнайық, жарай ма. Жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Ол үшін ең бірінші жұмбақтарды табу керек. Әр шардың ішінде жұмбақ жасырылған. Оны қалай алу керек екенін білесіңдер ме? Ал, Ух балаларға көрсетейік?!
“Шар жарыл” ойыны ойнатылады.
(Әр команданың өз шарларының түсі бар: қыздардікі - қызыл, ұлдардікі - көк түс. Әр команда мүшесі бір - бірден шығады да, шарды жарады. Ал Ух пен Ах жасырылған жұмбақты оқиды. Аз шары қалған команда жеңіске жетеді. Ой әр жарылған шардан шошып, жұмбақ шешімін табуға көмектеседі.)
Ой: Менде де сендерге дайындаған ерекше жұмбақтарым бар, оны топ болып бірге жауап берулерің керек.
- Тырнақтарын бояйтын кімдер? (Қыздар)
- Футбол ойнайтын кімдер? (Ұлдар)
- Асан, Үсен деп кімдерді атайды? (Ұлдарды)
- Сұр тышқанды көргенде, шыңғыратын кімдер? (Қыздар)
Ух: Жарайсыңдар, балалар жарысып ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ой сен тура қарбызға ұқсайсың жүр сенде бізбен ойна, жүдейтін шығарсын.
«Ауа шарымен хоккей» ойыны ойнатылады.
(Клюшкамен шарды қақпаға кіргізіп, қайтарда шарды қолға алып жүгіріп келу керек)
Ах: Ал енді балалар маған қарандар! Мен өзімнің достарымды Ух пен Ойды ойын ойнауға шақырамын.
«Кім жылдам» ойыны ойналады.
(жерде шашылып жатқан көңілді смайликтерді жинау, Ах пен Ух тез себетке смайликтерді жинап алады, ал Ой смайликтерді таба алмай жинап үлгермей жылайды...)

Ах пен Ух бірге: Жылама Ой, біз қалжыңдадық. Бүгін 1 сәуір, күлкі мен әзіл күні емес пе?
Ал біз балалармен бірігіп саған бар күлкімізді сыйлаймыз!
(балалар жабысатын қағаздан жасалған жымиған смайликтерді Ойдың үстіне жапсырады. Ой қуанып күледі)
Ах: Балалар, қараңдаршы сендердің сыңғырлаған күлкілеріңнің арқасында Ойда күліп, көңіл - күйі көтерілді.
Ух: Міне көңілді мерекемізде аяқталды. Ал сендер, әр қашанда көңілді болып қала беріңдер! Сау болыңдар!

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
«№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі
Закирова Бахытгуль Раиповна
12 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді алақандар
Көңілді алақандар
Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл - күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл - қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Шуақты қала
Шуақты қала
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Балабақшадағы би әлемі
Балабақшадағы би әлемі
балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының үйлесімділігін, икемділігін қалыптастыру.
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×